Материалдар / Ашық сабақ 1-сынып Табиғатқа саяхат бөлімі.Б-дыбысы мен әрпі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 1-сынып Табиғатқа саяхат бөлімі.Б-дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға тәжірибе алмасу үшін қажет деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2018
460
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Сауат ашу

Күні: 30.01.2018жыл

Сынып: 1 «А »

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Табиғатқа саяхат. Б дыбысы мен әрпі.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме.)

2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.

2.1 Оқу түрлерін қолдану.

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.




Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушы: Б б дыбысы мен әрпінің дауыссыз екенін біледі және жазады.

Басым бөлігі: Б дыбысы мен әрпіне байланысты сөз, сөйлем құрастырады.

-Кейбір оқушы: Дыбыстық-буындық талдау жасап, мәтінмен жұмыс жасайды.


Мәнмәтін

Бесінші бөлім оқушының табиғат, саяхат туралы әңгімелеуіне мүмкіндік береді. Саяхат туралы фильм көру, шығармалармен танысу арқылы әр түрлі тақырыптағы әңгімені жоспарлайды және жазады. Мұғалім белсенді тілдік ортаның құрылуын мүмкін ететін тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым тапсырма үлгілерін қолдана алады.


Ойлау деңгейлерінің дағдылары

Білу, түсіну, қолдану.


Бағалау критерийі

Білім алушы:

-Б б дыбысы мен әрпін біледі және жазады.

-Берілген буындардан сөз құрастырады.

-Берілген мәтінді тізбектей оқиды.

Берілген сызбадан диалогты ролге бөліп оқиды.


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс

Дүниетану, өмірмен байланыс


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта


Осыған дейін меңгерілген білім: Б б дыбысы мен әрпін біледі. Дауыссыз дыбыс екендігін ажыратып алады. Бб дыбысына байланыстырып сөздер айтады.


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

Ширату

3 минут

















Сабақтың ортасы

3 минут

Ширату

Мейірімді жүрекпен, 
Ақпейілді тілекпен, 
Амандасып алайық, 
Бір жадырап қалайық! 

Деп қонақтармен амандасу.

-Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.Кім сабақта белсенділік танытса «Жарық жұлдыз» арқылы бағалаймын.Кім көп жинаса сол оқушы жеңімпаз атанбақшы.Ендеше сәттілік.

«Тұсау кесер» бөлімі (Топқа біріктіру) Партада жатқан кеспе әріптерді құрастыру бойынша әр топ өз аттарын құрастырады.

1-топ «Асқабақ» , 2 - топ «Бақша» , 3 - топ «Шабақ», 4- топ «Бақбақ», 5-топ «Бота»

«Ой шақыру» әдісі бойынша өткен сабақтардыт еске түсіру.

-Сауат ашу бізді неге үйретеді?

-Дыбыс деген не?

-Әріп деген не?

Сөздер неден құралады?

-Сөйлем неден құралады?

Слайд: Өткен сабақты пысықтау. Артығын тап. Өзен, көл, теңіз, шөл, дала, кітап. Не себепті?

Білім алушылар біз өткен сабақтарда білімімізді дыбыс және әріппен толықтырдық.

Әрине, Пп дыбысы мен әрпі.

Ұжымдық жұмыс. Үштілділік

Жұмбақ жасыру.(шешуін тауып орыс тілінде,сосын қазақ тіліне аудару)

Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды? (Балық-рыба-........)


Көктемнің тұңғыш гүлі (Бақбақ-одуванчик-.....)


Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған) (Бор-мел-.......)


Білім алушылар: сөздердің бәрі қандай дыбыс пен әріптен құралып тұр. Әрине, Бб дыбысы мен әрпі.

Б-дыбысы сөздердің қай жерінде келуі мүмкін екен?( Басында,ортасында)

Бб дыбысы және әрпімен таныстырамын. Бб дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында келу үлгілерін көрсетіп, таңбасын үйретемін. Ауада жаздырамын. Білім алушылар көк шаршыны көрсетеді. (видеоролик)

Кімнің есінде б дыбысы кездескен сөздер қалды?


Ширату








Жарық жұлдыз







Интербелсенді тақта













Кеспе әріптер












Интербелсенді тақта

Көк шаршы


3 минут












7 минут






2 минут



9 минут









1 минут








5 минут









5 минут


Топтық жұмыс:

Топтық жұмыс: (1 мин) Таймерге қойылады.

1 топ «Асқабақ» тобы: Партада б дыбысына байланысты суреттер шашылып жатады, сол суреттен басында келетін б-ға байланысты суретті тауып, жапсырады.

2 топ «Бақша» тобы: Партада б дыбысына байланысты суреттер шашылып жатады, сол суреттен ортасында келетін б-ға байланысты суретті тауып, жапсырады.

3- топ «Шабақ» тобы: Бб дыбысы мен әрпіне берілген суреттерден сөйлем құрастырады.

4-топ «Бақбақ» тобы: Б дыбысы бар сөздерді тауып, атауларын жазу.

5-топ: «Бота» тобы: суреттердің атауларын атап, буын санын анықтау.

Топтарды «Көңілді смайлик» әдісі арқылы бағалау.
Оқулықпен жұмыс:

Суретке назар аудару. Суретпен буындарды, сөздерді байланыстыру. 1. Сөздерді оқиық. 1 ба буын сөзден екі сөз жасалып тұр. Бақа, балық.

Көрік-2 мағына береді. Айтылуы бір, мағынасы басқа мәндес сөздер. 1.Көрік- адамның бет –әлпеті. 2. Көрік- ұстаның шоқ үрлейтін құралы.

Сергіту сәті: «Қуыр-қуыр-қуырмаш»

Жеке жұмыс: Хормен, тізбектей, тұтастай оқыту.(Оқыған сөздердің суретін сәйкестендіру) Жұлдызша тарату.

1. Оқылым. Бор неден жасалады?

Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырамын.

Бор жылы климат жағдайында тұзд. қалыпты теңіздерде ондаған м-ден жүздеген м-ге дейінгі тереңдіктерде тұнады. Геосинклинальдік аймақтарда Бордың шөгінділері қатайып, әктасқа айналады. (Бор түрлерімен таныстыру)

Дескриптор:

  • Берілген сөзді буындап, тұтастай оқиды.

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

  • Бордың неден жасалатынын біледі.

ҚБ: «Жұлдызша тарату».

Жұптық жұмыс:

2 Берілген сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа. Диалогті сыныптасыңмен рөлге бөліп оқы. Кестедегі сөздерді оқытуды жүзеге асырамын. Рөлге бөліп оқытамын.

Оқулықта берілген сұрақтар бойынша іздену жұмыстарын жүргіземін. Берілген сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжатамын. Оқушыларға жұптық жұмыс жасатып, диалогті оқытамын.

Берілген сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжау білігін бағалау.

Дескриптор:

-

Қол- бұлшық еттерін қалыптастыру мақсатында №3 жұмыс дәптерін жазу.

Жақсы жазған оқушыларға жұлдызша тарату.



Сөздер жазылған

Түрлі-түсті қағаздар.

















Таныстырылым, оқулықпен жұмыс


Сөздер жазылған көк жолақшалар
















Сабақтың соңы

2 минут


Мұғалімнің қорытндылауы, жұлдызшаларды санау. Көп жұлдызша алған оқушыны мадақтау.

Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын.Оқушылар бүгінгі сабақты жақсы түсінсе жасыл көзін көтереді.Қызыл көзін көтерсе әлі де түсініксіз.Сары көзін көтерсе мүлдем түсінбедім,дегенді білдіреді.


































«Бағдаршам» көздері.












































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!