Материалдар / Ашық сабақ: 20-ға дейінгі сандарды салыстыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: 20-ға дейінгі сандарды салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
1.1.1.2** бір таңбалы сандарды/ 11-ден 20-ға дейінгі сандарды салыстыру 1.5.2.2** «+», «-», «=», “>”, “<” таңбаларын,цифрларды қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
394
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

3А Сандарға амалдар қолдану

Педагогтің аты-жөні:

Тұрғанбекова Айгерім

Күні:


Пәні:

Математика

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

20-ға дейінгі сандарды салыстыру


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.1.1.2** бір таңбалы сандарды/ 11-ден 20-ға дейінгі сандарды салыстыру

1.5.2.2** «+», «-», «=», “>”, “<” таңбаларын,цифрларды қолдану

Бағалау критерийі

-11ден 20-ға дейінгі сандарды салыстырады

-.«+», «-», «=», “>”, “<” таңбаларын,цифрларды қолданады

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: бір таңбалы және екі таңбалы сандарды (11–20) салыстырады;

Оқушылардың басым бөлігі: салыстыру белгісінің көмегімен заттарды салыстырады

Кейбір оқушылар: сандық сәуленің көмегімен мысалдар құрастырып шығарады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең\

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Білу

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ерте тұрып, күнде мен

Тереземді ашамын.

«Сәлем!» деймін күнге мен,

Шаттық әнге басамын.

Айналама қарасам,

Ғажаптар қаншама,

Сан жетпейді санасам,

«Сәлем!» деймін күнге мен.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

- Сабағымызды бастамас бұрын сіздермен бірге «Түсіп қалған сандарды тап» ойынын ойнап жіберейік.

1,...,3,…,5,6,7,…,9,10

11,...,13,14,...,16,17,...,...,20



Өте жақсы, жарайсыздар! Яғни, бұл сандар 20-ға дейінгі сандар екен. Олай болса осы 20-ға дейінгі сандарды салыстыруды үйренетін боламыз.


Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.







Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары.



Түсіну

10 минут














1-тапсырма

Сөз құрастыр

Берілген өрнектердің мәнін тап. Жауаптарын кему ретімен орналастыр.Жауаптарға сәйкес келетін әріптерден сөз құра


20-8=Л 19-3=Қ 14+4=А

10+3=А 17-7=А 12+5=Қ

Дескриптор:

-мысалды шешеді

- жауаптарды кему ретімен орналастырады


2-тапсырма.

Салыстыру белгісінің көмегімен заттарды салыстыр.


Дескриптор:

-салыстыру белгісінің көмегімен заттарды салыстырады





-мысалды шешеді

- жауаптарды кему ретімен орналастырады









-салыстыру белгісінің көмегімен заттарды салыстырады






ҚБ: Бас бармақ бағалау






Оқылым, жазылым тапсырмалары.


Қолдану

10 минут

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма

Пазлдағы сандарды салыстыр.

2-тапсырма

Салыстыру белгілерін қой.

Дескриптор:

-Салыстыру белгілерін қояды. Бос пазлдарға сандар жазып және оларды салыстырады.

- Сандардың арасына салыстыру белгілерін қойып шығады

Сергіту жаттығуы.

 Бір, екі – еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш - төрт шалқай
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты сөз, жасқанба.

-пазылдағы сандарды салыстырады

Салыстыру белгілерін қояды. Бос пазлдарға сандар жазып және оларды салыстырады.

-сандардың арасына салыстыру белгісін қойып шығарады


ҚБ: Бас бармақ бағалау



Оқулық, дәптер,тапсырмаға байланысты суреттер

Талдау.

10 минут

«Ойлан тап» әдісі

Сандық сәуленің көмегімен мысалдар құрастырып шығар.


Дескриптор:

  • сандық сәуленің көмегімен мысалдар құрастырып шығарады


-сандық сәуленің көмегімен мысал құрастырады



ҚБ: Смайликтер арқылы бір-бірін бағалау.


Топтық тапсырмалар.

Жинақтау

Кері байланыс

5 минут

«Кім жылдам» ойыны

Сабақты қаншалықты меңгергенін бағалау үшін сыныппен жалпы жұмыс өткіземін.

Қай сан 5-тен 2-ге артық?

Қай сан 15-тен 3-ке кем?

Қай сан 10-нан артық, бірақ 12-ден кем?

Барлық екі таңбалы сандардың ең кішісі қандай сан?

Қай сан барлық бір таңбалы сандардан үлкен?

Қолыңда бар сандардың ішіндегі ең аз сан қайсы? Ал ең үлкен сан қайсы?

Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді


Сабақтың мақсаты мен критерийін қайталау арқылы алған білімдерін жинақтау.

- Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткіземін.

-Бүгінгі сабақта не білдік?




ҚБ: Бас бармақ бағалау




«Жетістік баспалдағы»

Кері байланыс

парағы


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!