Материалдар / Ашық сабақ 2- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 2- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 2- сыныптың математика пәніне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
394
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу ісінің меңгерушісі:.......................................................

Тақырыбы: Менің досым

Күні: 7.09.2017 ж

Сынып:

Оқу мақсаттары

2.1.1.3. Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау.

Бірқатар оқушылар үшін:

екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы бойынша қосылғыштарға жіктеу.

Кейбір оқушылар үшін:

санның разрядтық құрамы туралы білімі негізінде есептеу орындау.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология:Сан, цифр, бір таңбалы, екі таңбалы сандар, сан тізбегі, ондықтар, бірліктер, екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Екі таңбалы сан қалай құрылады?

Ондықтар мен бірліктердің қосындысы нені білдіреді?

Санды разрядтық қосылғыштарға қалай жіктейді?

Жазу: 0–100 аралығындағы сандарды жазу, санның «көршілес» сандарын жазу.

Тірек білімдер, білік, дағдылар

0-ден 100 дейінгі сандар, толық ондықтар, салыстыру, сандарды оқу жəне жазу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры



0–3




Ынталандыру.

Оқушылар 0-ден 9-ға дейінгі сандардың қиықшаларын таңдайды. Мұғалімнің айтуымен жұп құрады. Музыканы ойнатып, музыка аяқталғанда, кез келген жұпты тұрғызып, сандарға талдау жасалады. Мұғалім оқушылардың білімін тексереді.

0–9 цифрлары жазылған қиықшалар



4–6


Белсендіру.

Мұғалім оқушыларға екі таңбалы сан жазылған карточкадан алып жəне төменде ұсынылған жоспар бойынша оған сипаттама беруді сұрайды.

Санды ата.

Сандағы бірліктер мен ондықтардың санын ата.

Сандағы жалпы бірліктер санын ата.

Санды ондықтар мен бірліктердің қосындысымен алмастыр.

Берілген санның алдында жəне осы саннан кейін тұратын сандарды ата.

Берілген санды жазу үшін барлығы неше цифр қажет болды жəне олардың арасында əртүрлі цифрлар нешеу екендігін көрсет.

Оқушылар №4 жаттығу нені білдіретінін білмейтіндіктен, оларда қиындық туындайды.

- Ондықтар мен бірліктердің қосындысы нені білдіреді? Оқушылар бұны сабақта білуді мақсат етіп қояды. Білімді белсендіруге жəне «разрядтық қосылғыштардың қосындысы» ұғымын ендіруге бағытталған №1 тапсырманы орындауды ұсынады.

Оқулық, дəптер




7–11


Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар).

2- (ə) тапсырмадағы санды разрядтық қосылғыштарға жіктеу тəсілімен есептеу қиын болады. Санды разрядтық қосылғыштарға жіктеу тəсілін меңгеру бастапқыда қиындау. Алдымен сатылап, 2-а) тапсырмадағы ондықтар мен бірліктерді анықтайды.

"Разряд" терминін қолданбайды, оның орнына«ондықтар мен бірліктердің қосындысы» деген сөздер қолданылады. Сабақтың мақсаты – санды ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктеу жəне ондықтар мен бірліктердің қосындысынан санды табу.








12–29


Жаңаны ашу.

Санды ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктеу үшін екі таңбалы санның моделін қолдануды ұсынады. Тапсырма жұппен немесе топпен жүргізіледі. Санның моделі құрамындағы ондықтар мен бірліктердің санын білдіреді.

Ереже құралады: Санды қосылғыштарға жіктеу үшін екі таңбалы санның ондықтары мен бірліктерінің қосындысын табамыз.

3тапсырма. Оқушылар сандардың моделдерін құрастырады жəне сандарға сипаттама береді. Түсіндіру арқылы алғаш бекіту








Оқулық, дəптер


4 тапсырманытүсіндіре отырып дəптерге орындау ұсынылады.

Өздік жұмыс.

Дəптердегі тапсырмалардан ұсынуға болады.





30–40


Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы№5 тапсырманы орындау ұсынылады.

Тапсырманың «бағалау» белгісі бар.

Өзіндік бағалауды ұсынады.

Өздік жұмыс.

Жұмыс дəптерінен №4 тапсырма.

Оқулық, дəптер

41–45


Рефлексия.

Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады, осы сабақта оқушы:

екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтайды;

екі таңбалы сандардың құрылуы бойынша қосылғыштарға жіктейді.

Жетістіктер жолағы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!