Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ. 2 сынып . Денеге қалай күтім жасаймыз?
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пәні: жаратылыстану |
Күні: 20-қараша |
Сынып: 2 «б» сынып |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Денеге қалай күтім жасаймыз? |
||||
Сабақтың мақсаты |
2.2.3.4 - денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін түсіну. |
||||
Оқу мақсаттары |
2.2.3.4 - денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау; 2.2.3.5 - тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау; 2.1.2.4 - бақылау жүргізудің жоспарын құру; |
||||
Сабақ нәтижесі |
Оқушылардың барлығы орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||
Жетістік критерийлері |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Бейнетаспа, слайд. |
||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, А3, маркерлер, топтық тапсырмалар, тіс макеті, құрт, дәрігер киімі, кері байланыс. |
||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Көркем еңбек, қазақ тілі, музыка. |
||||
Тілдік құзыреттілік |
Гигиена – гигиена – hyqiene; тазалық – чистота – purity; тіс – зуб – tooth. |
||||
Сабақтың жоспары |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы: |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал қалыптастыру. Біздің күлкіміз көңілді, Жеткізсін жылу мен шаттықты. Бөліскен жақсы ғой өмірде, Қуаныш, мейірім, бақытты. |
Шаттық шеңбері |
|||
Өткенді пысықтау 6 минут |
-Оқушылар алдарыңызда қаңка тұр, көріп тұрғандарыңыздай. Ендігі тапсырма қаңқа бөліктерін тауып жабыстыру Дескриптор: 1 Оқушылар қаңқа бөліктерін табады 2 Анықтап тиісті орнына апарып жабыстырады « Серпілмелі сауал » әдісі арқылы өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады. - Адам денесін ұстап тұратын сүйектердің жиынтығы? - Денені қозғалысқа келтіреді? - Бұлшық еттің көмегімен не істей аламыз? - Адам бір қимылды үстіздіксіз жасай ала ма? - Адам азғасындағы ең күшті бұлшық ет? - Ең кішкентай бұлшық ет қайда орналатқан?
|
Қаңқа доп |
|||
3 мин |
Сабақтың тақырыбын ашу Видеоролик Интербелсенді тақтадан бейнетаспа көрсету. -Бейнетаспа не жайында? -Бұл видеодан қандай сурет көрдіңіздер? -Бейнетаспада дене тазалығы,денеге күтім жасау туралы болды ма?
Дескриптор: Оқушылар видеодан не көргенін айтады Видео соңындағы сурет не туралы екенін айтады Видео бойынша сабақ тақырыбын ашады Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін түсіну. тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау; |
Бейнетаспа |
|||
Сабақтың ортасы 7 минут Топқа бөлу |
Тазалық – чистота – purity; 1-топ Тазалық 2-топ Сұлулық 3-топ Денсаулық Білу және түсіну. Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Оқулықпен жұмыс «Көршіме айтамын» Әр топқа сурет беріледі. Сол сурет бойынша әр топтан бір оқушы шығып , көрші топқа түсіндіріп айтады. Сол топ не түсінгенін айтады ( Осы жұмыс бойынша топты бағалайды) Дескриптор: Оқушылар сурет не туралы екенін анықтайды Бір көшбасшы тағайындайды Көрші топқа барып сурет бойынша түсіндіреді Қ.Б:Бас бармақ Жеке гигиена - ол дене тазалығы. Дене тазалығын сақтау дегеніміз – үнемі жуыну, суға түсу, аяқты, басты, қолды жуып жүру, тырнақ алу, тіс тазалау. Тамақ ішерде, даладан келгенде қолды сабындап жууды, ұйықтар алдында тісті тазалап жууды және жуынуды естен шығармау керек. |
А3 суреттер Оқулық |
|||
Тыңдалым 4 минут
4 мин |
Оқушыларға аудиоматериал тыңдатылады /оқушылар дыбысты тыңдайды және өз пікірлерін айтады/ -Бүгінгі сабақта ары қарай не туралы айтамыз, не білесіңдер, қалай ойлайсыңдар? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Зертте Оқушыларға айна беріледі. Айнаға қарап тістері қандай екенін, пішіні мен мөлшерін салыстырады. Дескриптор. Оқушылар айнаға қарап неше тіс бар екенін санайды. Олардың пішіні мен мөлшерін салыстырады. Тіс – адамның дене мүшесі. Пішіні мен қызметіне қарай күрек тіс, ит тіс, азу тістер болып бөлінеді. Күрек тістер – тамақты тістеп, бөлуге арналған алдыңғы тістер. Ит тістер – бөлінген тамақты үзіп алып, ауызда ұстап тұру үшін қажет үшкір тістер. Азу тістер асты ұсақтап шайнау үшін керек Адамда барлығы 28 негізгі тісі болады. Кейбір адамдарда 4 ақыл тіс өседі. Сонымен барлығы 32. Ай, тісім ай «Кинометафора» әдісі Оқушыларға видео көрсетіледі, жартылай тоқтатып, оқушылар ары қарай не болатынын болжайды Топ алдына құрт жеген тіс суреті беріледі. Және сұрақ қоямын Тістегі тесіктер неден пайда болады? Тісжегінің қалай алдын –алуға болады? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Ауыз қуысында тіршілік ететін бактериялардың әсерінен тіс кіреукесі (эмалі) бұзылады. Олар тісті зақымдайтын қышқыл бөліп шығарады. Ауыз қуысына күнделікті күтім жасау қажет. Әр тамақтанған сайын тіс арасындағы қуыста қалып қойған тағам қалдықтарынан арылу үшін ауызды шайып отыру қажет. Шамадан тыс көп тәтті және ұн тағамдарын жеуден тістер тез бұзылады Тіс пастасын көп пайдаланбау және тіс щёткасына қатты салмақ салмау керектігі жөнінде түсінду. Тісті үш минуттан кем тазартпау қажет. Тісті жуып болған соң, щётканы жуып, пастаның аузын қатты жауып қою керек. Тіс щёткасын үш айда бір рет ауыстырып отыру керек. Тіс пастасын өз жасыңа лайық таңдап алу қажет. Тотық жұмыс «Жинақтай біл» әдісі Шашылған сөзерден тіс күтімі туралы ереже құрастыру • тәтті және ұннан жасалған тамақтарды көп жеме • тамақтан кейін аузыңды шай; • күніне екі рет тісіңді тазала; • жылына екі рет тіс дәрігеріне көрінуді естен шығарма. ДЕСКРИПТОР: Оқушылар шашылған сөздерден ереже құрайды Ережені түсіндіріп қорғайды Тіс макеті арқылы оқушыларға тісті қалай тазалау керек екенін көрсетіп, өздеріне тазалатқызу «Сен білесің бе?» айдары Оқушылардан сиыр сүтінен жасалған құрт көрсетіп не екенін сұрау, тіске пайдасы туралы айтып өту |
Әр топқа тіс суреті беріледі Тіс макеті видео Слайд А4 парақтар кима сөздер видеоролик |
|||
Сергіту сәті 2 минут |
Интербелсенді тақтадан сергіту сәтін жасау. |
Интербелсен-ді тақта |
|||
Сабақтың аяқталуы Бекіту 10 минут Топтық тапсырма |
1-топ – Дәрігер киімін беру. Сұрақтар: тіс не үшін ауырады, тіс тазалайтын таяқшаның тіске зияны қандай, қандай дәрумендер пайдалы және құрттың пайдасы жайлы айту. 2-топ – Тіс макетін беру. Суретпен жұмыс. Тіс атаулары: күрек тіс, ит тіс, азу тістерінің орнымен және атқаратын қызметімн сәйкестендіру. . 3-топ – Жеке гигиена ережесі. Дене тазалығы мен тіс күтіміне арналған тазалық және жеке гигиенаның ережесін құру. Дескриптор: 1.Оқушылар тіс тазалығы, пайдалы дәрумендер туралы түсінік береді 2.Тіс атауларын ажыратады , атқаратын қызметін айтады 3.Дене тазалығы мен тіс күтіміне арналған тазалық және жеке гигиенаның ережесін құрады смайликтер арқылы топтар өздеріне баға беру «Блум текшесі» әдісі Текшеде тұратын сұрақтарға жауап беру
1/Тісті күніне неше рет тазалау керек? 2/Тістің бұзылуына не әсер етеді? 3/Тісті тазалау тәртібін көрсетіңіз. 4/ Тіске арналған қандай пасталарды білесіз 5/Қандай тағамдар тіске пайдалы? 6/Қандай тағамдар тіске зиян? |
Бейнетаспа Слайд Әр топқа арналған тапсырма-ларын беру текше |
|||
Бағалау Кері байланыс 2 минут |
. Құрт құрамында кальций көп. Ол сүйекті нығайтады. Құртты, қатты көгөніс пен жемістерді жеу тісті бүлінуден сақтайды. Олай болса, тістерің мықты болсын! Қолдарындағы күлегештерін тақтадағы «Түсінген жоқпын», «Түсіндім бірақ сұрақтарым бар» және «Толық түсіндім» деген тіс суреттерінің тұсына жабыстырады. |
Құрт беру |
|||
Үйге тапсырма: Ізденіс тапсырмалары. Дене күтіміне, тазалығына, жеке гигиенаға байланысты нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер кітапшасын жасау. |
Текшеде тұратын сұрақтарға жауап беру
1/Тісті күніне неше рет тазалау керек?
2/Тістің бұзылуына не әсер етеді?
3/Тісті тазалау тәртібін көрсетіңіз.
4/ Тіске арналған қандай пасталарды білесіз
5/Қандай тағамдар тіске пайдалы?
6/Қандай тағамдар тіске зиян?