Ашық сабақ 2 сынып Жұрнақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 2 сынып Жұрнақ

Материал туралы қысқаша түсінік
әдітемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жатттығу жұмыстары арқылы жұрнақтың қызметін, ерекшелігін анықтау.

Дамытушылығы: Сауатты, көркем жазу, байланыстыра сөйлеу, талдау, сипаттау, нақтылау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі: Жан-жақтылыққа, ізденушілікке, өз бетінше әрекеттенуге, жігерлілікке, байқағыштыққа баулу.

Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесу, талдау, сәйкестендіру, дәлелдеу, нақтылау, суреттеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, парақша, слайдтар, мультимедиялық тақта.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру.
а)амандасу
ә)Оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау.
-Еліміз мықты болу үшін, біз қандай болуымыз керек?
-Білімді болу деген не?
-Дарынды тұлға өмірде кездескен қиындықты жеңе алады. Болашаққа қадам басқан еліміз дамыған, білімді болуы тиіс.
Бүгінгі сабағымызда біз де "Болашақ баспалдығымен" көтеріліп, "Білім шыңына" шығу арқылы өзімізді көрсетейік.


Сабақтың жоспары:


1. Болашақ баспалдығы
(өткенді пысықтау сұрақтары)
2.Сиқырлы басқышты сөйлет!
3.Сәйкес жұрнақты тап!
(Тақтамен жұмыс)
4. Кім зерек?
(ауызша)
5. Жатқа айту
6. Өз біліміңді көрсет!
(Жеке оқушылармен жұмыс)
7. Білгің келсе тауып көр (Шығармашылық тапсырма)

1. Болашақ баспалдығы.


-Қосымша дегеніміз не? (мысал келтір)
-Түбір дегеніміз не? (мысал келтір)
-Жұрнақ дегеніміз не? (мысал келтір)
-Туынды сөз дегеніміз не? (мысал келтір)

Үй тапсырмасын тексеру.


5-Жаттығу.
1.Айзаданың ағасы заң
гер болып жұмыс істейді.
2.Шаңғы
шы шаңғы тепті.
3.Үлгі
лі оқушыдан үлгі ал.
4.Көп оқыған білім
ді болады.
5.Дәурен жүлде
лі атанды.

2. Сиқырлы басқышты сөйлет!

1

2

3

4

5

6

7

8

қ

а

й

т

а

л

а

у



Сұрақтардың жауабының 1-ші дыбысынан сөз құрастыру.

1. Ақ ұлпа (қар)
2. Ең жақын адам (ана)
3. Ай сөзінің ең соңғы дыбысы (й)
4. 2 мен 2-нің қосындысы (төрт)
5. Ініден үлкен (аға)
6. Ешкінің төлі (лақ)
7. Әліпбидегі бірінші әріп (а)
8. Дауысты да дауыссыз да болатын дыбыс (у)

3. Сәйкес жұрнақты тап!
Көп нүктенің орнына -лық, -лік, -дық, -тық, -тік жұрнақтарының тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Алматыда бостан болған жарысқа еліміздің барлық қалаларынан оқушылар келді. Айбек жарысқа келгендерді таныстырып үлгерді: мен-астаналық, Ерлан- алматылық, Үсен- ақтаулық, Айбар- атыраулық, Сержан- шымкенттік, ернұр-тараздық, Арман-өскемендік- деп айта бастады.

4. Кім зерек?
Жұмбақ
Ақ шатырлы бір қала
Суда жүзіп жүр дара
(Кеме)
Түбірі мен қосымшасын ажырату

5. Жатқа айту.
Құлыншақ
Құлын, құлын, құлыншақ,
Желкілдейді тұлымшақ
Құйрығында құндызы,
Маңдайында жұлдызы

Туынды сөздерді тап

6. "Өз біліміңді көрсет!"
1-парақша
Көпшілік алдында әдепсіз сөйлеме

2-парақша
Бақытты болғың келсе-жаман әдеттен аулық бол.

3-парақша
Инабатты, сыпайы бол.

7."Білгің келсе тауып көр"
Шығармашылық тапсырма
Берілген сөзден туынды сөздерді теріп, жазып сөйлем құрастыр

Таулар, теңізші, жұлдыз, домбырашы, сауысқан, ақылды, балалық

Қорытынды:
- Міне, біз де болашақ баспалдығының шыңы "Білім шыңына" да жеттік. Өркениетті 50 елдің қатарына қосылуымызға біз де өз үлесімізді қостық- деп айта аламыз. Көк туды желбіретейік.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
560
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі