Материалдар / Ашық сабақ 2 сынып Сын есім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 2 сынып Сын есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жалпы білім беретін мекемелердегі дефектолог мұғалімдерге қажет. Психикалық дамуы тежелген 2 сынып оқушысымен жүргізілген ашық сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2019
598
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі















Ашық сабақ тақырыбы:

Сын есім














Өткізген: Рабатова Фариза






2018-2019 оқу жылы


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: сын есім

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Сын есімді меңгерту. Жаттығулар

орындату арқылы сын есімнен алған білімін бекіту.

2.Дамытушылық: Сөздік қорын, сөйлеу тілін, таным процестерін ( ойлау, есте сақтау, зейінін) , сурет салу, жазу арқылы ұсақ маторикасын дамыту. Ойын арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақтылыққа үйрету.

Сабақ түрі: бекіту

Көрнекілігі: дидактикалық материалдар: өтірік өлең (А4), түрлі-түсті шарлар, алма, лимон, қияр, банан, қима қағаздар, түрлі-түсті қарындаш.

Құрал-жабдықтары: моноблок


Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Сәлемдесу

2) Сабақтың ұраны

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

-Елнұр, мына жаққа назарыңды аударшы!

-Не көріп тұрсың?

- Жақсы, енді маған осы шарларды сипаттап бергін!

II. Бөлім

-Елнұр, біз өткен сабақта өтірік өлең жаттағанбыз. Айтып берші.


Әйнек жасап темірден,

Әнмен тауды ұшырдым.

Әдемілеп көмірден

Аппақ күлше пісірдім.

-Өте жақсы

-Осы өтірік өлеңнің ішінде қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз барма?

-Аппақ

-Сұрақ қой

-Қандай?

-Қай сөз табының сұрағы?

-Сын есім

-Өте жақсы.

III. Бекіту

-Елнұр сын есім туралы не білесің?

( Сын есім деп заттың түрін, түсін , сапасын білдіретін сөздерді айтады. Сұрағы қандай? қай?)

1)

  • Мынау не? Алма

  • Мынау не? қияр, лимон, банан....


Picture 5



  • Жақсы,осы заттардың бәрін не деп атаймыз?

  • Жеміс-жидектер.

  • Жақсы

  • Енді мына алмаға қара, қандай?

  • Қызыл, домалақ.

  • Дәмі қандай?

  • Тәтті

  • Алманы жеп көрейік, ол үшін мен қазір алманы бөлем.

  • Қанша бөлікке бөлдім?

  • Екі бөлікке.

  • Ішінің түсі қандай?

  • Ақ

  • Жақсы. (лимон, банан, қияр)

2)

-Қазір мен саған сөздер берем, сен осы сөздердің ішінен зат есім, сын есім екеуін ажыратып екіге бөліп жазасың!

-Зат есім дегеніміз не?

-Сын есім дегеніміз не?

- Еске түсірейік.

-Ал баста!


-Елнұр дәптеріңді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жаз!

-Енді мына тапсырманы дәптеріңе көшір.


3)

-Қазір сурет саламыз.

-Кішкене саусақтарымызбен жаттығу жасап жіберейік.

- Мына жерде суреттердің үлгілері берілген, сен қандай зат екенін тауып, тиісті бояқпен бояйсың.

(жапырақ , шие , алма, банан)


-Шаршаған боларсың, Елнұр.

- Кел екеуміз компьютерден ойын ойнайық. Ойынның аты 10 айырмашылықты тап.




-Жақсы таптың, енді орныңа отыр.

-Бүгін біз не істедік?

-Саған қай тапсырма ұнады?

-Көңіл-күйің қандай?


-Бүгін сабаққа жақсы қатыстың, мені мұқият тыңдадың саған «5» деген баға қоям.


IV. Үй тапсырмасы -Көркем жазу




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!