Материалдар / Ашық сабақ 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. 4 - сынып. "Ақша уақыт тынысы" Валюта күніне байланысты көрнекіліктермен қамтылған. Теңгенің шғу тарихы баяндалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2021
611
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қаратал негізгі мектебі» КММ












«Ақша –уақыт тынысы!»

Валюта күні

«Тәрбие сағаты»












Сынып жетекші: Серікбай М.С.

Сынып: 4 - сынып
















2021-2022 оқу жылы



Тақырыбы: Ақша – уақыт тынысы

Мақсаты: Қазастанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу қазақ ақшалар, кестелер,ұпай беру үшін ақшалар қолданылады.

Жұмыстың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі, нәзік, жарық әрі мейрімді

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!  «Ақша – уақыт тынысы» атты тәрбие сағатымызды  бастаймыз.

Көрініс: «Тиын мен теңге»

-Осы көріністен не ұқтық?

-Теңге мен тиынды не деп атаймыз.

Ақша – жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар.

АShape4 Shape3 Shape2 Shape1 қшаның көздері


Еңбекақы зейнетақы жәрдемақы төлемақы

1-оқушы: Мен «Теңгемін, теңгемін!» 
Қазақ деген елденмін. 
Тәуелсіздік – тұғырым, 
Жарқын менің ғұмырым! 

2-оқушы: Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып, тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт береке болшы бір елге келген.
Өз туы елтаңба, гимні бар,
Айтыңдаршы, енді елім кенде неден.

3-оқушы: Теңге, теңге, теңгелер, 
Теңге адамға дем берер. 
Тіршіліктің арбасы, 
Теңгеменен дөңгелер. 

4-оқушы: Гүл жайнаған елімде,

24 жыл төрімде

Теңгелерім ардақты

Ие болдың сенімге.

Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз ҚР Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8:00 ден бастап енгізілді. Әрине, теңге бірден төрт аяғын тең басқан жорғадай жолға түсіп кеткен жоқ. 1994-1996 жылдар оның құнсызданған кезеңі болды. Дегенмен, теңгеміз тұралағанымен тіршілігін тоқтатқан жоқ. Ұлттық валютаның ел экономикасын тұрақтандыруда ықпалы зор болды. Соңғы жылдары орын алған әлемдік қаржы дағдарысына да төл теңгеміз төтеп бере алды. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық валютаның тұрақтылығы мен орнықтылығын сақтауы мемлекеттің қаржы саясатындағы қарымды істерінің нәтижесі.Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мерекесінің бірі екені сөзсіз.                   Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі — төл валюта — теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің  авторы  болу  бақыты дизайнерші  Тимур Сүлейменов, қылқалам  шеберлері  Қайролла  Ғабжалилов, Мендібай  Әлин мен  Ағымсалы  Дүзелхановтың  үлесіне тиді.Олар Ұлыбританияның  дымқыл ауасын жұтып, үлкен  еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Осы тарихи күннен бастап 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні деп аталады.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезенде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді. 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. 1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.
  Елімізде инвестиялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды.
ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сэйкес ҚР ¥лттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты. Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар.
Теңгенің орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР көлік және коммуникаңия министірлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.

Әр елдің  өз валютасы болады: Казақстан Республикасының влютасы- Теңге

Ойын: «Жалғасын тап»

1.Жылқы құлыннан өседі,

Теңге ... .... (тиыннан өседі)

2.Ақшаның көзі ... (қызыл)

3.Жүз теңгең болғанша, ... ... ... (жүз досың болсын)

4.Есепсіз ... жоқ (дүние)

5.Ақша кетуге тырысады,

Есеп ... тырысады (ұстауға)

5-оқушы: Түні нұрлы, ақ таңы, 
Жері гүлдей бақтағы. 
Ел ырысы – тайқазан, 
Төл теңгеміз қақпағы. 
Қазынамыз толығып, 
Болсын дәйім жолы құт! 
«Төл теңге – елтірегі!» 
Деп құрметтер оны жұрт. 


6-оқушы: Теңгемде бар бейнесі
Ел таңбасы елімнің
Тапталып жатса егер ол,
Қадірі кетер елімнің.
Мақтансаң, мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Тәуелсіздікке тән белгі,
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух мән берді,
Иесі оның мына біздер

Қорытынды: Біздің Отанымыз — егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» деген еді елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақ қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! — дей келе «Ақша – уақыт тынысы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!