Ашық сабақ 4-сынып А. Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты

Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық сабақ 4-сынып А. Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға А. Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты туралы түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

Ғасырлар даналығы

Педагогтың аты – жөні


Күні


Сынып: 4

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

3

Сабақтың тақырыбы

А. Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Адамның өмірлік мақсаты

Құндылығы

Ақиқат

Қасиеттері

Білім іздеу, қарапайымдылық, кішіпейілдік.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға А. Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты туралы түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері

  1. Білімділік: Оқушыларға өмір бойы білім іздеу керектігін үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті


Оқушының әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жағымды көңіл – күй


5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.

«Нұрға бөлену» мәтінін оқу

5Т ережесін еске түсіреді


Көздерін жұмып отырады.

Алған әсерлерімен бөліседі.

«Хрустальная грусть» композициясы

  1. Үйге тапсырманы тексеру

«Талаптыға нұр жауар» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

Қос ана Абайға қандай тәрбие беруді көздеген еді?

Абайдың мінезінде қандай ерекшелік болды?

Жас Абайдың ауыз әдебиетін сүюі неден байқалады?

Ел тарихына қызығушылық Абайға қалай әсер етті?

Талдау бойынша сұрақтарға жауап береді

Оқулық.

wikipedia.org

  1. Сабақтың дәйексөзі.


Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Абай Құнанбаев

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы.

Сұрақтар:

1. Орын таппай баптанба дегенді қалай түсінесіз ?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


Оқушылар бір неше рет қайталап, дәптерге жазып алады. Талдау сұрақтарына жауап береді.


  1. Оқиға айту (Әңгіме)

Абай Құнанбайұлы

(1845 - 1904)

Абай – қазақ халқының ұлы ақыны. Ол 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Шыңғыстаудың баурайында Қасқабұлақ қайнарының маңында дүниеге келді. Оның азан шақырып қойған аты – Ибраһим.

Алайда сүйікті немересін Зере әже: «Абай болсын, аман болсын», - деп, Абай атап кеткен.

Абай – текті жердің баласы. Оның арғы атасы Ырғызбай тобықты руының батыры болған. Әкесі Құнанбай баласының дарынын ерте жастан-ақ байқайды. Ал Зере әжесі мен Ұлжан анасы қазақтың ауыз әдебиетіне қызығатын Абайды поэзия мен шығармашылыққа баулыған жандар. Әсіресе халық ауыз ертегілері мен жыр-дастандарды бала Абай сүйіп тыңдайтын.

Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады, сосын 3 жыл медреседе оқиды. Ол бірнеше тілдерді оқып үйренеді, озат шәкірт атанады.

Абай бала жасынан кітапқа құмар болды, араб-парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен танысты. Абай қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңы мен ислам дінінің қағидаларын терең меңгерді. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады.

Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлендерінің сол кездегі адамдардың тұрмыс жағдайларын түсіну үшін маңызы зор. Мысалы:

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой.

Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі.


Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

1. «Адам болам десеңіз» деген өлең жолын қалай түсінесіңдер?

2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту үшін не істеу керек?

3. Достарыңның бойындағы ізгі қасиеттер туралы әңгімелеп беріңдер.


  1. Шығармашылық жұмыс.

1 - тапсырма

Абайдың даналық сөздері

Абай атаның даналық сөздеріндегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазады


  1. Жобалау қызметі




  1. Топпен ән айту

Абай біздің бабамыз

Өлеңін жазған Әбдіраш Жарасқан

Әнін жазған Баянғали Әлімжан


Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды

Тақтада ән мәтіні көрсетіледі


  1. Үйге тапсырма

Жастарға (Үзінді) Шәкәрім Құдайбердиев.

Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады

Оқулық

  1. Сабақтың қорытынды сәті.


Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2021
603
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі