Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ 4 сынып Ұрмалы аспаптар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні:
03. 12.2020жыл
Пәні: Музыка
Мұғалімнің аты-жөні: Оспанбекова А.А
Қатысқандар саны.
Қатыспағандар саны.
Сыныбы: 4 «а»
Сабақтың тақырыбы: Ұрмалы аспаптар .
Сабақтың
мақсаты: Ұрмалы
аспаптар тобының аспаптары туралы жан- жақты мағлұматтар беру.
Аспаптардың құрылысы мен түрі, неден жасалатынын ажырата білуге
үйрету.
Сабақтың міндеті:
Өнерлі болуға, жан- жақты болуға , ой-өрістерін одан әрі дамыту.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап,
талдау,
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті
тақта,
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
1.Оқушылардың сабаққа дайындығын
тексеру.
2.Психологиялық дайындық
3.Топқа бөліну.
Оқушыларды музыкалық аспаптар арқылы «Скрипка кілті» , «Бас кілті» және «Тенор кілті» атты үш топқа бөлу.
/Оқушылар музыкалық аспаптардың суретін таңдап, үш топқа бөлініп отырады/
ІІ. Өткенді пысықтау.Балалар қазір музыка сабағы олай болса сабағымызды бастамас бұрын дауыс жаттығуын жасап алайық.
Дауыс жаттығуы.
М: Күй сандықты ашайық
О: до - до - до
М: Тілдерін біз бастайық
О: до - до - до
М: Бас дыбысты айтайық
О: до - до - до
М: Амандасып алайық
О: до - до - до
Бірге: До, ре, ми, фа, соль , ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до
Ал енді көңіл күйлерің қандай болды? ал енді сол көңіл күймен сабақты топқа бөліп бастайық.
1-топ Скрипка кілті
2-топ Бас кілті
3-топ Тенор кілті
Топ ережесі жайлы.
Ал балалар үйге қандай тапсырма берілді? Өткен тақырыпты қайталауға бердім,ия.
-
Қ.Жантілеуов қай жылы туылды?
-
Адай күйі арналған қыздың аты?
-
Көне көз, көп білетін білгір?
-
Екі домбырашының бір-бірімен күй жарысы?
-
Манарбек Ержановтың ұстазы?
-
Құралай қандай ән?
-
Қасқыр күйінің авторы?
-
Симфониялық оркестр құрамындағы аспаптар неше топты құрайды?
Сергіту сәті.
Ал енді балалар кішкене сергіп алайық.
ІV. Жаңа сабақ
Видеоролик
көрсету
Балалар бұл бейнероликтегі аспаптар қандай аспаптарға
жатады деп ойлайсыңдар?
Дұрыс, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ұрмалы аспаптар»
Дауылпаз- қазақтың ұрмалы аспаптар қатарына кіреді. Оны ұрып қана қолданғандықтан, кез келген күшке шыдас беру үшін тұрпаты қатты үйеңкі, қарағай, қайың секілді ағаштардан тұтас ойып жасаған. Дауылпаздың көлемі әрқалай болғанмен, оның жасалуы оңай шаруа емес. Біріншіден, ол жасалатын ағаштың тұлғасы да берік болуы шарт. Жарылып кетпес үшін өте ыждағатты шыдамдылық пен асқан шеберлікті талап еткен. Дауылпаздың ойылған бетіне әбден илеуі қанған теріні бекітеді. Салмағы қолға түспес үшін мойынға асып жүру үшін бау тағылып және дауысы анық әрі нық шығу үшін арнайы ұратын таяқ жасайды. Дауылпазды қолдануына қарай түрліше безендіреді. Хан сарайындағы дауылпаздар түрлі зергерлік әшекейлер мен алтын, асыл тастармен әдіптеледі. Дауылпазды пайдаланатын ортасына байланысты көлемін де әрқалай қылып жасайды.
Асатаяқ - қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Ерте заманда асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстаған.
Асатаяқ туралы тілге тиек еткенде, сонау ертедегі Мұса Пайғамбардың табан астында жыланға айналған қасиетті таяғы мен Бекет әулиенің Оғыланды тауының омырауын түртіп, шөлді жерден су шығарған көк асасы ойға оралады. Бір асатаяғы оған «Пір» деген лауазымды атақпен бірге берілсе, екіншісі Хиуадағы Шерғазы медресесінде дәріс берген ұстазы Бақыржан Пірдің шәкірттеріне «тауып алыңдар» деп тапсырма беріп, көкке лақтырғанда ерекше қасиетімен дараланған Бекетке бұйырған көк асасы. Әрине, сандаған жылдар өтсе де бұған қатысты сауал көп, дегенмен бүгінгі теологтар мен халықтық емнің өкілдерін, культтік ғылым саласы мамандарын толғандыратын басты сұрақ, ол осынау асатаяқтардың құпиясы мен онда иероглифтер арқылы таңбаланған белгілердің жұмбақтығы хақында болмақ.
Тайтұяқ – қазақтың музыкалық аспабы. Бұл аспап өзгелерден
қарапайым тұрпатымен ерекшеленеді. Аспаптың өзіне ғана тән ерекше
үні бар. Тайтұяқ шығармалардың орындалу барысында аспап мал
тұяғынан шыққан дыбысты нақты жеткізеді. Ертеде қазақ халқы мал
тұяғын аяқ асты тастамай, оны қажетке жаратқан. Жаңа сойылған жылқы
тұяғын суға салып, қайнатады. Содан кейін тұяқ ішін тазартып, күн
сәулесіне кептіреді. Кепкен тұяқтың сыртқы жағын терімен қаптап,
жоғалтып алмас үшін қайыс бау тағылады. Кейде аспаптың сыртқы
келбетін зергерлер металлдан жасалған ою-өрнектермен
безендіреді. Аспап дыбысы анық әрі нақты шығу мақсатында оның
табанының астыңғы жағына ойықтар жасалады.
Баяғы заманда тұяқтастың сүйемелдеуімен ауылдың алты ауызы
айтылатын. Өзге елге ұзатылып бара жатқан қыз бала тұяқтас
аспабының сүйемелдеуімен сыңсу айтады екен. Аспап әннің ырғағын
келтіріп, әуенді әсемдеп жібереді. Бұл күндері тұяқтас ұлт аспаптар
оркестрлерінде кеңінен қолданылады.
Ал енді балалар жаңа сабақты қалай түсінгендеріңді тексеру үшін осы үш аспап туралы постер жасайық
1-топ Дауылпаз
2-топ Асатаяқ
3-топ Тайтұяқ
Оқушыларға берілген тапсырманы қорғату.
Өткен сабақта Отанға арналған ән жаттасақ бүгін біз Қазақстан елінің жас ұландарына арналған әнді жаттаймыз.
Жас ұландар әні
Әні мен сөзін жазған Ұ. Ж. Жаналиева
Біз ұланы қазақ елінің
Туған жерін, сүйген Отанын.
Әке жолын, ана мейірімін,
Бойға жиған қасиетін.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа!
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!
Көп білуге ұмтыламыз
Өнер, білім, ғылымға.
Кеудемізде ар мен намыс
Жетелейді бізді алға.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа !
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!
V. Жаңа сабақты
бекіту.
Баллалар бүгін біз
қандай аспаптармен таныстық?
Ұрмалы аспаптарға қандай аспаптар жатады?
Балалар бүгін сабақ ұнадыма?Олай болса сендер көңілдерің толса мына білім ағашына өздеріңнің қай деңгейде тұрғандарыңды белгілеңдер.
VІ. Қорытындылау
2/Бағалау.Кілттерді
санау
3/Үйге тапсырма. Ұрмалы аспаптар туралы мәлімет іздеп олардың
суретін саламыз. Жас ұландар әнін
жаттаймыз.
Жас ұландар әні
1.Біз ұланы қазақ елінің
Туған жерін, сүйген Отанын.
Әке жолын, ана мейірімін,
Бойға жиған қасиетін.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа!
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!
2.Көп білуге ұмтыламыз
Өнер, білім, ғылымға.
Кеудемізде ар мен намыс
Жетелейді бізді алға.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа !
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!
Жас ұландар әні
1.Біз ұланы қазақ елінің
Туған жерін, сүйген Отанын.
Әке жолын, ана мейірімін,
Бойға жиған қасиетін.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа!
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!
2.Көп білуге ұмтыламыз
Өнер, білім, ғылымға.
Кеудемізде ар мен намыс
Жетелейді бізді алға.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа !
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!
1.Біз ұланы қазақ елінің
Туған жерін, сүйген Отанын.
Әке жолын, ана мейірімін,
Бойға жиған қасиетін.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа!
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!
2.Көп білуге ұмтыламыз
Өнер, білім, ғылымға.
Кеудемізде ар мен намыс
Жетелейді бізді алға.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа !
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!