Материалдар / Ашық сабақ. 5 сынып. Қазақстан тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Ашық сабақ. 5 сынып. Қазақстан тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: 5 сынып оқушыларымен өткізілді. Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шығыс қу» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сәнби және ұқуан тайпалары кірген. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасаған. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаңюйлерінің қол астына түскен, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкөлден арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылады. Шежіреші б.з.б. 201 жылы сүннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Қуңюй, Түсүйше, Динлин, Гекүң және Сіңлі елдерін бағындырғанын хабарлайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2022
657
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан тарихы: 5 сынып

Білім беру ұйымының атауы

24 Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мекемесі

Пәні: тарих

Ежелгі Қазақстан тарихы

Бөлім:

5.4.Ғұндар

Педагогтің аты-жөні:

Нурбала Жамбосынова

Күні: 04.04.2022


Сынып: 5

Қатысушылар саны: 20

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

Ғұн тайпаларының бірігуі.

Зерттеу сұрағы: Неге Мөде шаньюй «Жер - мемлекеттің негізі» деді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

5.3.1.1 картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;

5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:тарихи фактілерге және карталық мәліметтерге сүйене отырып, тарихи оқиғаның даму желісін құрастырады

тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады

Оқушылардың басым бөлігі:тарихи фактілердің маңыздылығын түсінеді.

Кейбір оқушылар:тарихи кезеңдердің негізгі ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады

Құндылықтарға баулу

Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- ұлттық тәлім тәрбие

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасты

ру

Өзін-өзі тексеру







Өткен білімді еске түсіру


Бастапқы ынталандыру. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгелдеу.

Ой шақыру:

Сабақ тақырыбына шығу (бейнематериал арқылы сыни тұрғыда ойландыра отырып). Бейнематериалды қарап отырып оқушылар тірек сөздерді жазып отырады.

Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар жауаптарын ұсынады: бұл суреттер ежелгі адамдардың тұрмысымен және мәдени жетістіктерімен байланысты.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады




Ғұндар туралы

Суреттер,

атлас карта


Жаңа білім








«Білу және түсіну» дағдысына негізделген

тапсырма.

Зерттеу сұрақтары:

Ғұндар мемлекеттік дәрежеге қалай жетті?

«Халықтардың қоныс аударуы» деп нені атайды?

Сыртқы саясатта ғұндар қандай саяси бағыттарды ұстанды?

«Ақпараттық карточкалар»

Оқушылар ғұндар жайлы деректерді пайдалана отырып, ғұндардың бет әлпетіне, тұрмыс-тіршілігіне ақпараттық карточкалар түрінде қысқаша мәлімет жазуды ұсынамын .Бұл жерде критерий ретінде: нақтылық, мәліметтің құндылығын көрсетемін.

«Деректер сөйлейді»

Аммиан Марцеллин:

«Ертелі –кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса,кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді»,- дейді.

Византия елшісі Прииск:

«Олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді», дейді.

Аттиланың бір замандасы:

«Аттила таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады, күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген елшілерді қабылдады», - дейді.

Картамен жұмыс.

Ғұндар жайлы және Мөде шанью жайлы қысқаша ақпараттар беремін.

Ғұндар және Мөде шанью

Мемлекет құрылымы

Жер аумағы

Жорық бағыттары

Сұрақ жауап: «Кім жылдам»

«Иә, жоқ»

1.Ғұн мемлекетін Мөде құрды - иә

2.Ғұн мемлетінің басшысы,Гуньмо -жоқ

3.Ғұндардың қарсыласы, қытайлар -иә

4.Ғұн билеушісі Мөденің әкесі Тумән -иә

5.Ғұндар туралы дерек беретін жазба, қытай- иә

Картамен жұмыс жасау.

Тарихи байланыс

Себеп және салдарды анықтау.

қоныс аударудың екі негізгі себебін және екі салдарын анықтайды;

ғұндардың көрші мемлекеттермен жүргізген саясатын талдап, оның нәтижелерін анықтайды;

ғұндардың әскери өнері мен жаугершілік қасиеттерін сипаттайды.

Оқушылар сыныпта талқылау жүргізеді.

Критерийлер:

1) Тақырып аясында нақтылықтың болуы

2)оқушыларының барлығының жұмыс істеуі, сөйлеуі

3) Жұмысты қорғауға 3 мин беріледі























Қосымша ақпараттармен жұмыс жасау.















Картамен жұмыста оқушылар ғұндардың территориясын басқа тайпалық бірлестіктердің жер аумағымен салыстырады;

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады





Дескрипторлар:

ақпараттың ішінен маңызды деген 3 тарихи тұлғаны, 3 негізгі тарихи оқиғаны анықтау. Өз таңдауларын дәйектер келтіре отырып, дәлелдеулері тиіс.







Дескриптор:

ғұндардың территориясын басқа тайпалық бірлестіктердің жер аумағымен салыстырады;





Мөде қаған туралы: http://e-history.kz/kz/books/education/read/235





Ежелгі Қазақстан. Балалар энциклопедиясы. –Алматы: «Аруна», 2002 ж.





http://ok-t.ru/studopediaru/baza8/824259538287.files/image028.jpg







1-қосымша



«Қазақстан тас дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуі»

мәтін

Ғұндар туралы

Бейне материал

Бекіту





Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Мөде қағанға «хат» жазып, өздеріңнің көкейлеріңдегі сұрақтарға жауап алыңдар. 50-60 сөз көлемінде.

Оқушыларға көмек болатын қажетті сөз тіркестері:

Мысалы,

Құрметті Мөде шаньюй...,

менің ойымша...,

сізден сұрағым келгені...,

жауынгерлердің әскери қарулары...,

қытай деректерінде....

Сабақтың тақырыбын қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка

Кері байланыс

Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан мен не білдім?

Сабақ барысында қандай қиындыққа кездестің?

Сабақ барысында қандай сұрақ туындады?



Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады



Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!