Материалдар / Ашық сабақ 5-сынып "Сөйлесе білу де өнер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 5-сынып "Сөйлесе білу де өнер"

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып пән мұғалімдеріне арналған ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
801
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ: 24

Сынып: 5

Тақырып: Сөйлесе білу де өнер

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: жақсы әдет, сөзді түсіну, өзара сыйластық, жағымды қарым-қатынас.


Сабақ мақсаты: балалардың «сөз», «сөз құдіреті» «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту

арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-сөзді түсіне білу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

-адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (фломастерлер,

ватмандар,

жапырақтар, сөз астары туралы

мәлімет? «Құм мен тас» видео, аудиожазбалар)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

  Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз; Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,

достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Сабақ барысын талқылау:

Үй тапсырмасын тексеру.

24 сабақ. 48 бет. «Не айтатыныңды ойлап ал» үнді аңызын оқып келу.

Сұрақтар:

  • Данышпан әйелге қандай тәлім берді?

  • Сендер әйелдің сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

  • Неліктен біреу туралы ғайбат сөз (өсек) айтуға болмайды?

Ой түйіндеу:

Тыңдай білетін және өзіңді түсіне алатын адаммен сөйлесу адам жанына қуат береді, жағымды әсер етеді.

Адам сөзді есту, тыңдау арқылы шебер болады.

Сөйлеген кезде шындыққа сүйеніп, туралықты айту адам жанының тазалығын көрсетеді. Мәдениетті адам не айту керектігін алдын ала ойланып алады.


Дәйексөз.

«Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді»

Халық мақалы

Дәйексөздің мағынасын ашпас бұрын, қатар бойынша қайталату.

2-3 балаға оқыту.

(Дәйексөздің мағынасын ашу)

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

Халық мақалы

Әңгiмелеу (сұхбат)

Жағдаятты талдау

Бейбіт дәліз бойымен сыныпқа қарай жүгіріп келе жатыр еді. Сабақтың басталуына екі-үш минут қана қалды. Қырсық қылғанда мұғалім де қарсы келе жатыр. Бейбіт оны көрмеген болып, жанынан өте шықты. Кенет:

-Бейбіт! – деген дауыс шықты. Сыныптасы Майра екен. Өзі ылғи да білгішсініп жүреді.

-Сен неге апаймен амандаспадың?

-Қалай «амандаспадың»? Мен оны көрген жоқпын.

-Көрдің. Ақталмай-ақ қой.

-Саған қажеті қанша? Әуелі өзіңді жөндеп ал.

-Мен амандасуды білемін. Апам маған: «Қызым, егер әр адамға «Сәлеметсіз бе?» десең, аузыңа жара шықпайды. Керісінше, жүрген жеріңде сыйлы боласың. Адамдар сенімен қуана кездеседі, тіпті сені іздеп тұратын болады»,-деген. Оның үстіне жақында осы апай бізден емтихан алады ғой.

-Сонда тек өзіңе пайдасы бар адамдармен ғана амандасу керек пе?

  • Бейбіт пен Майраның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  • Майра мамасының сөзін дұрыс түсінді ме? Неге?

  • Бейбіттің сұрағына сен қалай жауап берер едің?


Оқушылар ойларын ортаға салады.


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-тапсырма:

Мақалдың жалғасын тауып жазу.

Таяқ еттен өтеді,... (сөз сүйектен өтеді)

Жақсы сөз - ... (жан азығы)

Жылы – жылы сөйлесең ... (жылан іннен шығады)

Сөз жүйесін тапса,... (мал иесін табады)

Бір жақсы сөз, ...(мың сөгістен артық)

2-тапсырма:

«Лимерик» 5 жол өлең шығару.

I кейіпкер Болыпты бір жалқау,

II мінездеме Өзі сондай аңқау.

III оқиға Тамақ жесе тойып,

IV оқиға Арманы бір ұйықтау

V авт.көзқарасы Ой, жалқау – ай, жалқау!

3-тапсырма:

Мұғалім сұрақтар айтады, ал оқушылар жауабын ғана жазады.Мысалы:

1. Кім? Не? Маса

2. Қай жерде? Шалшықта

3. Не істеді? Топырақ жеді

4.Ол не айтты? Мен бақыттымын!

5.Адамдар не деді? Ас болсын!

6.Оқиға немен тынды? Маса еңбекқор болды.



Топпен ән айту.

«Дос болайық бәріміз»

Сөзі: Х.Талғаров

Әні: И.Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

  Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста.

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.

  Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.


Үй тапсырмасы:

25 сабақ. «Уәдешіл Алтай» мәтінін оқып келу.



Соңғы тыныштық сәті

(Тыныштық… бар жерде, тыныштық… бүкiл әлемде)

Ыңғайланып отырып, баяу әуен толқынымен дұрыс әрекет пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар, жұмыстарыңыз үшін рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!