Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ 6 сынып Менің Отаным Қазақстан
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан
Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
2)Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайттар.
Кіріспе бөлім.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздігімізге 27 жыл. Осыған байланысты Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз..
Бүгінгі тәрбие сағатымыз 2 бөлімнен тұрады
1-Тарих беттеріне шолу.
2-Интелектуалды сайыс түрінді болмақшы.
Сайыстың шарттары:
1. Отан туралы мақал-мәтелдер айту және жалғастыру.
2. Викториналық сұрақтарға жауап беру.
3. Тәуелсіздікке байланысты өлеңдер оқу.
4. Үй тапсырмасы
-Зере. Тұңғыш президент күніне орай тарихи өлкетану мұражайына барған кездегі алған әсерлерімен бөлісу.
- Айша Т. мәңгілік ел
- Асел И. өлең шығарады,
5. Жеті жұмбақ / 7 пәннен сұрақтар/
1-жүргізуші:Еуразияның қақ ортасында орналасып,талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған және тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы,Қазақ жері,Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші!
2-жүргізуші: Иә осындай ауыр кезеңде қазақ хандығының құрылуы, оның негізін қалаған және кейіннен елі басқарған атақты хандар жайлы хv-хvIII ғасырлары жыраулар поэзиясы да мәлімет бере алады.
1-жүргізуші; Тарихи санамыз мұнымен шектелмей,терең,ғасырлар қойнауына қарай бет бұрып,қасиетті қазақ жерінің Ресей империясының құзырына қарауы,отарлау саясатының жүргізілуі халқымыздың және оның жекелеген батыр ұлдарының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдан аса уақыт жүргізген ерлік күресі жөніндегі тарихи білімдерге сусындауда.
2-жүргізуші;Ұлт тәуелсіздігінің күмбезіне көк тудың тігілуі-ұлы бабалар Абылай хан, әз Тәуке, ер Есім, Кейнесары хандар ірге тасын қалаған ұлағатты істің жалғасы ХVII ғасырдан ХХ ғасыр соңына дейін созылып, енді шешімін тапқан ұлы мұраттың іргесі бекіткені деп білеміз.
1-жүргүзуші;
Сол бір қиын-қыстау кезеңдерде ата-бабамыз Отанын сақтандырды, елін, жерін,сатқан
опаcыздарын еш қашан кешірген емес. Өйткені, отанды, ата-мекенді сүю-бәрінен биік тұратын қасиет.
ХХ-ғасырда патша өкіметінің озбыр саясаты елімізге қанды шеңге елін сала бастағанда Махамбет,Исатай сынды батырларымыз азаттық үшін алысып қаза тапты.
2-жүргізуші
Махамбет-қазақ халқының азаттығы ,теңдігі жолында ақ найзасымен де, азаткер асқан жырымен де қасық қаны қалғанша күрескен, тіпті сол жолда құрбан болған, әрі батыр, әрі ақын.
1931-1933жылдарыңдағы ашаршылық және оның халқымызға тигізген орасан зор апаты. Алаш Орда үкіметі туралы ақиқаттар айтылып, санамызға сіңе бастады.
2-жүргізуші
ХVIII ғасырдағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама заманы» еліміз үшін өте ауыр кезең болды.«Жау жеңетін жігітті жарағынан танимын. Дау жеңетін жігітті-талабынан танимын»-дегендей, талаптанып, аттастырмас ақылмен қара қылды қақ жаратын әділдік пен береке ұйытар бірлікке шақырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріміздің орны ерекше.
1-жүргізуші;
Ақыры осындай қиын қыстаулардан аман-есен өткен қазақ елінің қуанышты күнге де қолы жетті. Бостандық, теңдіктің туы көгімізде желбіреді.
2-жүргізуші;
Менің бабам күйдірген қар аптабы, Біздің тарих-бұл да бір қалың тарих,
Көшіп-қонып, ұрпағы тұрақтады. Оқысаңыз білесіз бәріндағы.
Көрініс;«Көңіл толқыны» күйі жәймен орындалып, ортада Ана отырады . Сахна сыртынан Қайраттың рухы;
Елбең ,елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып
Ақ сауыт киген темірден
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей көр!-деген Қайраттың дауысы естілді..
Ана; Ойпырмай ,биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгенбдей ме өзінен? Оқыстан шыққан айқай-шуды, сол шуға бүйірі қызған дарабоздың шабысындай мына үнду қайдан естіген едім? Ойпырмай, иә, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия,ия, дәл сол! Қалай болып еді өзі?!
Ақырын басып қарт шығады орындыққа келіп отырады. Осы кезде немересі келеді.
Немере: Ата-ата өткен өмір деген не?
Ата: Ә, балам, өткен өмір сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы, тарихы емеспе.
Немере: Ата сонда ол қалай болған?
Ата: Аа ендеше тыңда балам, атаңды.
Болмасамда оқыған тарихшы атым,
Жинадым ескілердің тарих хатын.
Мақсатын кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Сондықтан сенде балам өз тарихыңды білуің керек. Балам теледидарды қосшы.
/Осы кезде Желтоқсан желі атты видео көсетіледі/
Бакытқан Алимир: 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды,елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды, намыс құдіретін әлемге паш етті. Қазақстанда 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т.б. жауапқа тартылды.
Әжесі:Бұған да тәубе,егемендік алып әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: Әже,егемендік деген не?
Әжесі:Егемендік-«иесі мен» деген сөз,көптен бері естімеген сөз. Егеменді деген сөзден естілер Атажұрттың арғысы мен бергісі.Көк байрағымыз желбіреді, әнүранымыз айтылды, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егеменді еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарына тарих етіп баяндап әжелерін тұр. Ұмытпандар,айналайын,ұрпақтарым!
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезендерді бастан кешірді. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
Мұғалім: Кане балалар осы көрген видеоларың мен көрініс туралы ойларымызды ортаға салайық .Кім өз ойын айтып береді?
Аделия: Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені, Желтоқсан оқиғасында қазақ қыздары мен жігіттерінің тәуелсіздік үшін өз өмірлерін құрбан еткен және қазақ халқы өз тәуелсіздіктері үшін ерлік күрес пен қол жеткізгенін түсіндім.
Расул. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Талант.Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.
Тәуелсіздік қасиетті ұғым. Ғасырлар бойы ата- бабамыз армандап, аңсап Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, 1991 жыл 16 желтоқсан, заңды түрде Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді.
Домбырашыларымыздың орындауында күй.
2-кезең. Енді тәрбие сағатымыздың келесі бөліміне кезек берейік.
1-Әр топтан мақал -мәтел айтуға 1-оқушыдан шығуы керек .
2- топтарға викториналық сұрақтар таратылып беріледі
3- топ мүшелері оздерінің тәуелсіздікке арнауларын айтады.
4- үй тапсырмасы.
-Зере. Тұңғыш президент күніне орай тарихи өлкетану мұражайына барған кездегі алған әсерлерімен бөлісу.
- Айша Т. мәңгілік ел
- Асел И. өлең шығарады
Музыкалы сәлем. Әр топ өз музыкалық салемдерімен бөліседі.
5. Жеті жұмбақ:
V бөлім. Жеті жұмбақ. (7 пәннен сұрақтар қойылады)
1. Тарих. 1986 жылы қандай оқиға болды?
2. Қазақ тілі. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989ж. 22 қыркүйек)
3. Әдебиет. (5 асыл іс, 5 дұшпанды атаңыз)
4. Ағылшын тілі. Сөйлемді аудару.Сіздерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз!.
5. Орыс тілі. Сөйлемді аудару. Мен туған жерімді жақсы көремін.
6. Математика. 16.12.1991-16.12.2018= сандары нені білдіреді?
7. Жаратылыстану. Қазақстан қай материкте орналасқан және шектесетін мемлекеттерді атаңыз.
Оқушы: Айша Б
Тәуелсіздік түскен
жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Асау аттай өз тізгінің бермеді,
Қазағымның алтын басын иілтіп
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Біз жәй жүзген "Қазақ" атты кеме едік,
Бірақ дұшпан басқа шықты- ау демедік
Тәңір салған тағдырына бас иіп
Неше ғасыр бодан болған ел едік. / слайд/
Желтоқсан...
Желтоқсан ызғары. 1986 жылғы оқиға талай қазақ жастарының жүрегінде өз ызғарын қалдырса да, сол оқиға ел тәуелсіздігінің бастамасы ретінде ұлы өзгерістерге жетелегені даусыз.
Мен сүйемін жерім менен елімді,
Көкейімнен жыр арнасы төгілді.
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағыма мен арнаймын сөзімді.
ІІ.Жүргізуші:
І
бөлім. Біздің халқымызда
атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет
тұту қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным жанымызға ана
сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің мақал-мәтелдеріміз,
нақыл сөздеріміз туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Алғашқы
сайысымыз мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батырлық, ерлік
туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді
айтыңыздар).
ІІ бөлім.Поэзия минуты. Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын –жазушылар қаншама?! Келесі сайысымызда оқушылар өлеңді мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасады.
IІІ бөлім. Үй тапсырмасы.Тұңғыш президент күніне орай тарихи өлкетану мұражайына барған кездегі алған әсерлерімен бөлісу.
ІV бөлім. «ХХІ ғасырға ақ тілек» бұл бөлімде оқушылар өз тілектерін арнайды.
Хор : «Үш қоңыр» Сөзі, Н. Назарбаев.әні:.А.Қоразбаев
Қорытынды: