Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялап,
оны қорғауға тәрбиелей отырып, қиянат жасамау құндылығының
мағынасын ашу.
Міндеттері:
1.Қоршаған ортаға қамқорлық жасау түсініктерін
кеңейту;
2.Тіршілік иелеріне қиянат
жасамау білімдерін дамыту;
3.Табиғаттты аялауы, қорғауға,
адамгершілік қасиеттерді үйренуге
тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті
(музыкамен)
Жағымды жағдай туғызу.
Сіз
табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл
шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан
сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда
(тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз.
(тыныштық) Өзеннің сылдырағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын
естисіз....(тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат
– анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк
аспаннан жылы күннің сәулелерін сезіңіз. Қазір біз көзімізді ақырын
ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық,
қуаныш және көңіл күн сыйлаған табиғат – анамызға рахметімізді
айтайық.
Ал
балалар кім не сезінді, ойларыңды ортаға салайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру. ( Сабақ барысын
талқылау)
21 сабақ.
Конфуцийдің «Атамекен» туралы аңызын оқып
келу.
Сұрақтар:
-
«Жер – қолқа жүрегің» деген сөзді қалай
түсінесіңдер?
-
Жер
деген сөзді естігенде көз алдарыңа не келеді?
-
Неліктен адамдар жерді Анаға
теңейді?
Ой түйіндеу:
Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер біздің
қазынамыз, байлығымыз.
Адамдар, жан – жануарлар, өсімдіктер өз қорегін
осы жерден алады.
Қасиетті Жер – Ана - алып күнді айналып жүретін
жеті ғаламшардың ең құдыреттісі.
Ата
– бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге
тіккен.
Адамның өмірі жермен тығыз
байланысты.
Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ. Жер бар
жерде ел бар. Яғни жер өмір сүрер ортамыз. Жер – адамның жарық
дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі.
Адам өзінің туын - өскен жеріне деген
шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір – құрметін
жүректен шыққан құдыретті сөзбен, ойлы өлеңмен, сазды әуенмен,
сырлы суретпен жеткізеді.
|
|
Дәйексөз.
Баптағанға – жер жомарт
Халық
даналығы
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату,
дәптерге жазғызу.
Ұл
балалар қайталайды, қыздар қайталайды, бәрі хормен
айтады.
Балалардың жауаптарымен дәйексөздің мағынасын
ашамын.
-Дәйексөздің мағынасын қалай
түсінесіңдер?
Ой
түйіндеу: Жерді күтіп, баптап, таза
ұстау керек. Өйткені Жер – ана жомарт дархан көңілімен адамға барын
бергісі келеді. Тіпті қазба байлықтары да жерден алынады. Түрлі
жеміс – жидектерде, әсем гүлдерде, тіпті дәнді дақылдар да ұдайы
суарып күтіп баптағаннан көбейе
түседі.
|
|
Әңгімелеу сұхбат (Мұғалім
сыйы)
«Жер – ана тұншықса» Н.
Құмар
-Екі апта сен
болмағандағы жаңалығымыз осы, - деп Дана шаттана
күлімсіреді.
Ауылға барып,
табиғаттың тосын мінезіне жаны торығып оралған Мұрат үйінің маңайын
көріп мұңайып қалды. Көрші дүкен ашыпты да, көп көлемді жерді
бетондап тастапты. Сәнді гүлдердің өзі тар шеңберде қысылып
тұрғандай.
Қуанбайсың ба? Айнала қандай
әдемі!
Мұрат бүгінгі күнгі құнары қашқан топырақтың тозу
сатысы жайлы айтқанда, төңірек те сұрғылт тартты.
- Бір грамында жүз
миллион микроорганизм өмір сүретін топырақтың тұншығуын –ай!
«Топырақта тағдыр бар» деген халық даналығын білесің бе,
Данаш?
-
Сонда немене? Топырақта зат алмасу процесі жүре ме? Көзі, жүрегі,
өкпесі бар демексің бе?
-
Бүкіл тірліктің бастау болған - жер. Бәріне төзген, бәріне көнген,
басына енді қасірет төнген.......
Ағалы –қарындасты бауырлар жаңа дүкенге қарай
ағылған адамдарға тосырқай қарасады.
Құрамында тұз бен гипсі көп ұнтақ шаңды шұбатып,
көліктер ағылуда. Көкке ұшып, артынша адам ағзасына енетін тозаңды
кім өлшеп, ескеріп жатыр?
Топырақ тозса, адам азбасын ба?
Мұрат пен Дана жып-жылтыр боп жатқан
химиялық қоспаға да, жасанды жандарға да қызықпайтындай қалып
танытты.
|
|
Шығармашылық жұмыс, топтық
жұмыс
«Табиғат» суреті
көрсетіледі.
«Табиғат» дегеніміз жер, су, ауа, өсімдік,
жан-жануар, аң-құс, тау-тас, өзен, көл. Осылардың барлығы
Табиғаттың бізге берген сыйы. Ал осы табиғат сыйын сақтап, қорғау,
дамыту, байыту – біздің қолымызда.
Міне, балалар, халқымыз «Жақсы болсаң жердей бол,
бәрін шыдап көтерген» деген. Жер –анамыздың мейірбандығы сонда,
барлық тіршілік иелерін қойнына алып, баршасына өмір сыйлайды,
қорек береді, өсіреді, көркейтеді.
1 – топқа: «Жердің
қасиеті»
2 – топқа: «Жерге
қамқорлық» плакатқа сурет
салу.
3 –
топқа: Өлең шығару.
4 –
топқа: Шығарма жазу.
Ой
түйіндеу:
Ия, балалар. Жер – біздің асыраушымыз.
Біздің тағамымыз да, киетін киіміміз де, тіпті, оқу оқып, білім
алып отырған кітаптарымыздың жасалуына да осы Жер – ананың көмегі
зор. Ал осы жердегі тіршілік етуші құстарға да, жан-жануарларға да,
өсімдіктерге де қамқоршы тек қана адамдар екенін ұмытпаңдар
балалар. Олай болса, Жер-анамызды күтіп, баптай
білейік.
|
|
Топпен ән айту.
«Әдемі»
Сөзі: А. Шаяхметовтікі
Әні: Ғ. Наурызбаевтікі
Күн
сәулесі төгілгені әдемі,
Кемпірқосақ керілгені әдемі.
Көк
шалғында асыр салып жүргенде,
Көк
көбелек көрінгені әдемі.
Жас
шыбықтың бүр ашқаны әдемі,
Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі.
Қариялар жол үстінде кездесіп,
Амандықты сұрасқаны әдемі.
Бұлбұл құстың сайраған әдемі,
Қоз-лақтың ойнағаны әдемі.
Ақ
боз атын ерттеп мініп атамның ,
Қойды өріске айдағаны
әдемі.
|
|
Үй тапсырмасы.
22 сабақ. Ш.
Айтматовтың « Ана – Жер – Ана» мәтінді оқып
келу.
|
|
Соңғы тыныштық сәті. (музыкамен) (2
мин)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік
ұстап, көзін жұмып отырады.
«Бүгінгі сабағымызды есімізге
түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз
көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін.
Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс
жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс
жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан
тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға
болады»
|
|