Материалдар / Ашық сабақ, 7 сынып, "Судың қасиеттері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ, 7 сынып, "Судың қасиеттері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа арналған ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2024
88
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы:

Судың қасиеттері: беттік керілу, судың қозғалысы, еріткіштігі, қайнау және балқу температурасы, жылусыйымдылығы. Судың биологиялық маңызы және оның еріткіш ретіндегі, температураны сақтау мен реттеудегі ролі. Зертханалық жұмыс№2 «Судың тірі ағзалар үшін маңызы мен қасиеттерін зерттеу». Микро- (мырыш, темір, селен, фтор) және макроэлементтердің (магний, кальций, калий, фосфор, ) тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы

Мұғалімнің аты-жөні: Жанарбек Г.

Күні: 10.10.24ж

СЫНЫП: 7


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.4.1.1 - судың қасиеті мен тірі ағзалар үшін маңызын сипаттау;



Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Зертханалық жұмысты орындап қорытынды жасай алады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.

Бағалау критерийі

Тақырыптың маңызын түсіндіреді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Су және элементтер, олардың тірі ағзалар үшін маңызы

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған тастар және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, қолшатыр

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік, зертханалық жұмыс

Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Химия, физика, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы



6 минут





3 минут

Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Оқушылармен амандасып, көңіл күйлерін сұрау.


Куизис платформасы арқылы өткен сабақты қайталау.



Суреттерді талдау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Сабақтың мақсат міндеттері таныстырылады.


Кристаллдар (тастар) арқылы топқа бөлінеді.


Бағалау критерийлері:

  • Уақытқа сай тапсырманы орындау;

  • Судың қызметіне/маңыздылығына бірнеше мысалдар келтіру

  • Зертханалық жұмысты орындай отырып, судың қасиеттерін зерттеп, қорытынды пікір айтады

  • Барлық оқушылардың белсенділігі;






https://quizizz.com/join?gc=294514




1-топ

2-топ

3-топ

4-топ



Жаңа білім

20 минут













Білу түсіну.

Стақанда тұрған суды зерделеп, судың қасиеттерін бақылайды. Мұғалім берілген презентация арқылы тақырыпты ашып, судың қасиеттерін түсіндіріп береді


Бейне роликті көрсету арқылы жаңа тақырып толықтырылып судың биологиялық маңаздалағы айтылады.



Судың адам ағзасына қандай маңызы бар?

Су өсімдіктер үшін неге маңызды? -деген сұрақтарға жауап аламыз.


Тапсырма (тақтамен жұмыс): Суреттер арқылы топтастыру


Мәтінмен жұмыс.


Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Судың негізгі қасиеттері. Су – қасиеттері ерекше зат. Сусыз тіршілік жоқ. Тірі ағзаларда су қандай да бір басқа заттарға қарағанда көп болады. Орташа алғанда, ағзада 70%-дан астам су бар деп есептейді. Бірақ сүйек пен құрғақ тұқымда 50%-дан аз, ал медузада, ми жасушаларында немесе адамның ұрығында 92%-дан көп су бар. Қандай қасиетіне байланысты су осылай тіршілік үшін қажет болып табылады? Соны нақтырақ қарастырайық:

Беттік керілу – судың ұсақ бөлшектерінің бір-біріне тартылу қабілеті.

Беттік керілу күші су молекулаларына бір-біріне тұтасуына ғана емес, өзіне жеңіл заттарды ұстауына мүмкіндік береді: су бетіндегі жапырақтар, майда тұқымдар, қағаз қайықтар және т.б.

Осы беттік керілу күшіне байланысты сабын көпіршіктерін үрлеуге болады. Салмақсыздық күйінде су шар пішінді болады. Судың беттік керілу күші ең үлкен сұйықтық екені дәлелденген.

Стакан, су, қант



Бейнежазба












Таратпа материал, планшет, маркерлер









Оқулық.

Кеспе мәтіндер.


Қолдану

Судың маңызды сипаттамасының бірі – оның жылусыйымдылығы. Жылу- сыйымдылығының жоғары болуына байланысты су баяу қатады және баяу суиды. Яғни су едәуір тұрақты орта болып, температура ауытқуына «қарсылық танытқандай» болады.

Судың тағы да бір маңызды ерекше қасиеті – өзін-өзі тазарту қабілеті. Лай судың бірнеше күннен кейін едәуір мөлдір болып, түбінде шөккен бөлшектерден тұнба түзілгенін көрген шығарсыңдар. Бұл қасиет суқойманың шамалы болса да ластанбауына мүмкіндік береді.

Судың келесі бір айрықша қасиеті – заттарды ерітуі. Әрине барлық заттар суда ери бермейді. Мысалы, майлар мен кейбір металдар суда ерімейді. Бірақ суда еритін кейбір заттарды басқа сұйықтықтар еріте алмайды. Сондықтан су әмбебап еріткіш деп аталады.

Судың келесі бір маңызды қасиеті – оның +40С температура кезінде ең жоғары тығыздыққа ие болуы. Яғни 00С кезінде түзілетін қатты мұз судан жеңіл болады. Су – қатты күйіне қарағанда сұйық күйінде тығыздығы жоғары болатын бірден-бір зат. Сондықтан мұз әрдайым суқойма бетінде түзіледі немесе ол суқоймаға сырттан түссе, бетінде қалқып жүреді. Бұл судағы ағзаларға қыста тіршілік етуге мүмкіндік береді, себебі суқойма ешқашан түбінен емес, бетінен бастап қатады. Тірі ағзалардың маңызды элементтері. Сендер әлі химия негіздерімен таныс емессіңдер. Осыны ескеріп ең маңызды элементтерді, олардың

негізгі рөлін қарастырамыз.

Оттек (О2) пен сутек (Н2) судың құрамына кіреді, ал көміртекпен (С) бірге барлық органикалық заттардың құрамына кіреді. Көміртек

оттекпен бірге, бірақ сутексіз көмірқышқыл газының (СО2) құрамына енеді. Бұл газды жануарлар тыныс алғанда шығарады. Ол өсімдіктердің тіршілігіне қажет және фотосинтез барысында жарық энергиясымен және сумен бірге сіңіріледі.

Азот (N2) маңызды органикалық заттардың – нәруыздар (белок) мен ДНҚ сияқты нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Өсімдіктерге хлорофилл түзу үшін қажет.

Мәтін бойынша тапсырма:

Кестені толтырыңыз

Судың қасиеттері

Тірі ағзалар үшін маңызы










Зертханалық жұмыс. Жұмыс парағы беріледі, жұмыс парағындағы нұсқаулық бойынша практикалық жұмыс жасайды.

Соңында қорытынды жасалып, оқушылар орындаған жұмыстарын ортаға салып талдайжы.




Дәлелдер мен айғақтар жинайды. Ортаға шығып айтып береді.


Оқулықтағы мәтінді оқып алады.Суреттер.

























Тиындар, су, пипетка, сұйық сабын, чашка петрин



Аяқталуы

Сабақты бекіту

12 минут



Синтез


«Қолшатыр» әдісі арқылы сабақ қорытындыланады.


Су тамшылары арқылы топтарды бағалау.


Үй тапсырмасы


Қолшатыр және сұрақтар



Оқулық 64-66 бет оқу



Кері байланыс

3 минут


Рефлексия


«сағат тілі» әдісі

Оқушылар сағат тілі арқылы балл береді, және не себепті ол балды қойғандарын түсіндіреді.




10 балдық шкалалы сағат тілі

Қосымшаақпарат


Саралау – Сізқосымша

Көмеккөрсетудіқалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілетіжоғары

оқушыларғатапсырманы

күрделендірудіқалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

Үйренгенінтексеруді

Қалайжоспарлайсыз?

Пəнаралықбайланыс

Қауіпсіздікжəнееңбекті

Қорғауережелері

АКТ-менбайланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайыма?

Бүгіноқушылар

не білді?

Сыныптағыахуал

Қандайболды?

Мен жоспарлаған

Саралаушаралары

тиімдіболдыма?

Мен берілген

Уақытішінде

үлгердімбе? Мен

өзжоспарыма

қандайтүзетулер

енгіздімжəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

Келетінсұрақтарғажауапберіңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

Жетілдіруге көмектесетін не білдім?



























2 Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: судың қасиеттері мен тірі ағзалар үшін маңызы

Жұмыстың мақсаты: судың қасиеттерін зерттеу, тірі ағзалар үшін судың маңызын түсіну

Қажетті құрал-жабдықтар: су, стақан, чашка петрин, пипетка, сұйық сабын, тиын, скрепка,


Жұмыс реті


1. Тәжірибе. Тиынды алып тегіс жерге қойып, үстіне пипеткамен асықпай су тамызамыз. Әр тамшыны санай отырып, су тиынның бетінен төгіліп кеткенше тамызамыз. Мұқият бақылап отырамыз.

Тиынның бетіне су толғанда, үстіндегі пішіні қандай болды?

Бұл тәжірибеде судың қай қасиетін көруге болады? Беттік керілудің тірі ағзалар үшін маңызы қандай?


2. Тәжірибе. Чашка петринге толтырып су құйыңыз. Бетіне салфетканы салып, үстіне скрепканы қойыңыз.

Не бақыладыңыз?

Одан кейін сол суға сұйық сабын тамызып бақылаңыз, қандай өзгеріс болды? Не себепті? Судың қандай қасиетін көрсетеді?


Қорытынды: жасаған жұмыстарыңызды қорытындылап, дәптерге жазыңыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!