Материалдар / Ашық Сабақ 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық Сабақ 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ тақырыбында.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2024
169
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Тақырыбы: Ұлттық тәрбие –ұлт болашағы.

Мақсаты:Халқымыздың ұмыт болып бара жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері арқылы тәрбиеленушілерді мейірімділікке, отаншылдыққа, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, слайд, шарлар.

Жүргізілу барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал жасау. «Қызығушылықты ояту» тәрбиеленушілер ортада шеңбер құрып есімдерінің алғашқы әрпінен басталатын жылы сөздерді бір-бірлеріне айту.

«Ой толғаныс» әдісі арқылы тәрбиеленушілердің назарын тәрбие сағатына аудару. Ұлттық тәрбие дегенді сіздер қалай түсінесіздер ? Тәрбиеленушілердің жауаптары тыңдалады.

Кіріспе.

Тәрбиеші.

Қазақта «Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші ел болып, ұлт болып қалыптасуымыз үшін « Ұлтық тәрбие» балабақшадан, мектеп табалдырығынан басталады. Өздеріңіз білетіндей салт- дәстүр , әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын асыл мұра. Бүгінде осы үрдісті жоғалтпай ұлттық құндылықтар туралы ойымызды ортаға салғым келіп тұр.

Сұрақ .Балалар қандай салт- дәстүрлерді, біз отбасымызда үнемі ұстанамыз? Тәрбиеленушілер жауап береді.

Сіздер атаған салт-дәстүрлермен әдет-ғұрыптарымыздың әр қайсысының өзіндік тәрбиелік мәні зор.

  1. Ұлттық тағам

  2. Ұлттық киім үлгілері

  3. Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет –ғұрыптар,

  4. Ұлттық ойындар, қол-өнерлер бұйымдар

  5. Ұлттық аспаптар.

Бейне ролик: Ұмыт қалып бара жатқан салт- дәстүрлер. Бейнеролик талданады.

Тәрбиеші.

Қазақ халқының ұмыт болған ұлттық тағамдарына тоқталсақ. Қазақ халқы жалғыз сүт өнімінің өзінен 34 түрлі тағам жасаған. Ғалымдар « Бір ұлт мыңдаған жылдар бойы, дәстүрлі астан бас тартса, демек, ол халық әсте- әсте жер бетінен жойылады» деген екен. Қазақ халқының біз білмейтін ұлттық тағамдарының саны өте көп, ұлттық мәзірдің тізімі мұнымен аяқталмайды.



Бастырма , Үлпершек, Жау жүрек, Өрмек төс, Шалжығар жайлы не білеміз!(Слайд)

Тәрбиеші.

Қазақ халқы ата балаларымыз көшіп – қонып өмір сүрген . Киіз үй – көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге ыңғайлы үйі .

Келесі ,балалар киіз үйге саяхатжасайық.

Тәрбиеленушілер киіз үй ішіндегі жиһаздарды таңдап тапсырмаларды орындайды.

Тапсырмалар:

  1. Киіз үйдің құрылысын атаңыз?

  2. Кебеже сөзінің мағынасы қандай ?

  3. Қандай ұлттық аспаптарды білесіз?

  4. Сүттен жасалатын тағамдар ?

  5. Ат әбзелдерін білесізбе ?

  6. Қазан ошақ туралы мәлімет ?

  7. Қамшының қасиеті ?





Тәрбиеші.

Балалар бізге бір ескі заманна хат келген екен, қане хатты кім ашады?

« Көне хат» әдісі арқылы сұрақ:

Туып –өскен жеріңді, ата-бабаларыңның ата мекенін көркейту үшін не істер едіңіздер ?

Ән « Бабалар үні» хормен

Адамгершілігі мол, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше. Ұлт болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды құрметтеп, айрықша мән беруіміз керек. Сабағымызды қорытындылай келе, тәрбиеленуші Нұрмұхаммед «Бата» беру салты.

Дастарқаның тоқ болсын,

Уайым-қайғың жоқ болсын!

Бақ- дәулет берсін бастарыңа,

Ғұмыр берсін жастарыңа!

Пәле –жала, жын- шайтан,

Жоламасын қастарыңа!

Аллаһу ақбар!

Қорытынды:

Туған соң адам боп,

Білімсіз денжаманжоқ.

Ел дәстүрінбілмесең,

Жұртайтадынадандеп.

Ата-бабаңардақты,

Жамандыққабармапты.

Ардақтұтыпүлкенді,

Атажолынжалғапты, - дей келебүгінгі тәрбиесағатымыздыаяқтаймыз.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!