Материалдар / Ашық сабақ 8 сынып Химиялық реакция типтері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 8 сынып Химиялық реакция типтері

Материал туралы қысқаша түсінік
химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктеуді оқушыларға үйретеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2021
445
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 8.1В Заттардың формуласы және химиялық реакция теңдеулері

Мектеп: № 28 ЖББМ

Күні: 29.10.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Сматай М.Е

Сынып: 8

Қатысқандар саны: 15 қатыспағандар саны: 1

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері

Оқу мақсаты

8.2.2.1 –химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктеу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

-химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктеу;

Көптеген оқушылар білу керек:

-химиялық реакциялардың белгілі бір түрін анықтау;

Кейбір оқушылар білу керек:

-химиялық реакцияның барысын болжау.

Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктей алса;

қосылу реакциясын біледі және теңдеуін жазса;

айырылу реакциясын біледі және теңдеуін жазса;

орын басу реакциясын біледі және теңдеуін жазса;

алмасу реакциясын біледі және теңдеуін жазса;

химиялық реакцияның барысын болжаса.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар химиялық реакциялардың типтерін ауызша сипаттайды.

Химиялық реакция типтері, қосылу, айырылу, орын басу және алмасу реакцияларын әрекеттесуші және түзілген заттардын саны мен құрылысы бойынша жіктеуге болады. Егер реакцияға түссе ….., онда …..түзіледі.

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Физика –атом құрылысы. Математика – теңдік (химиялық теңдеулерде коэффициенттер қою үшін).

Алдыңғы білім

Нөлдік қосынды әдісі және валенттілік арқылы заттың химиялық формуласын табу.

Cабақ барысы

Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі (2-мин)

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.

Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Тапқыр

2 топ: Білгір

3 топ: Жүйрік

4 топ: Озат

Үй тапсырмасы кезеңі (6-мин)

Үй тапсырмасын нақтылау. Берілген тапсырмаларды тексеру.

Сабақтың ортасы


Жаңа тақырып:

(топтық жұмыс)

(20-мин)





























































Жұптық жұмыс (10-мин)




































Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері

Ресурстар

ИАТ-дан бүгінгі күн, сабақтың тақырыбы және мақсаты көрсетіледі. Презентация арқылы түсіндіріледі.

Әрбір реакция типі бойынша біз мысалдар келтіреміз және тақтада талдаймыз. Бастапқы және түзілген заттардың құрамына қатысты химиялық реакциялардың 4 типі болатынына көңіл бөлініз.

  1. Қосылу реакциясы бойынша екі немесе бірнеше заттардан бір күрделі зат түзіледі. Мысалы:

а) фосфордың жануы 4Р+5О2 → 2О5 егер фосфор оксидің суда ерітсе, онда фосфор қышқылы түзіледі: Р2О5 + 3Н2О → 2Н3РО4 (сондықтан фосфор оксиді қышқылдық боп саналады).

б) кальцийдің тотығуы 2Са + О2 →2СаО енді кальций оксидін суға салса, онда кальций гидроксиді түзіледі – негіз: СаО + Н2О →Са(ОН)2 (сондықтан кальций оксиді негіздік оксид болып саналады).

Қосылу реакциясына өздеріңіз анықтама беріңіз. Коэффициенттерді қоюға да көңіл бөліп, назар аудару керек. Зат массасынын сақталу заңын еске түсіре аламыз.

  1. Айырылу реакциясында, керсінше, бір күрделі заттан бірнеше заттар түзіледі, мысалы:

а) сынап оксидінің айырылуы: 2НgO →2Hg + O2

б) мыс, темір (III) гидроксидтерінің және т.б айырылуы.

Айырылу реакциясына анықтама беріңіздер.

Коэффициенттерді қоюға назар аудару керек. Зат массасынын сақталу заңын еске түсіреміз.

  1. Орын басу реакциясында жай зат күрделі заттың құрам бөлігінін орнын басады, мысалы:

а) СuCl2 + FeFeCl2 + Cu

б) FeCl3 + Mg

Теңдеу жазу және коэффициенттерін қою. Заттың нөлдік сомасы әдісімен заттың формуласын алу керектігін ерекше атап өту қажет.

  1. Алмасу реакциялары кезінде екі күрделі зат бір-бірінің құрам бөліктерімен алмасады, мысалы:

а) CuO + 2HCl→ CuCl2 + H2O

б) Fe2O3 + H2SO4

Теңдеу жазу және коэффициенттерін қою.

Алмасу реакциясына анықтама беріңіздер.

Ал енді сіздер берген химиялық реакциялардың анықтамалары мен кітапта берілген анықтамаларды салыстырайық. Балаларды өздері жұмыс жасағаны үшін мақтау,мадақтау керек.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен 4 топ бір – бірін бағалайды.

1-тапсырма:

Химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастырып, реакциялардың типін анықтаңдар және оларды теңестіріңдер:

Р + О2 →

НgO →

СuCl2 + Fe →

Fe2O3 + H2SO4

2-тапсырма:

Химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастырып, реакциялардың типін анықтаңдар және оларды теңестіріңдер:

Са + О2

CuO →

FeCl3 + Mg →

CuO + 2HCl →

3-тапсырма:

Химиялық реакциялардың типін анықтап, коэффициенттерін қойыңдар:

CaO+ H2O→ Ca(OH)2

HgO → Hg + O2

Zn+ HCl→ ZnCl2+ H2 

CuO+ HCl→ CuCl2+ H2О

4-тапсырма:

Химиялық реакциялардың типін анықтап, коэффициенттерін қойыңдар:

Na2O+SO3→Na2SO4         

CaCO3 → CaO + CO2   

Cr2O3 + Al → Cr + Al2O3 

BaCl2 + K2 SO4 → BaSO4 + KCl

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен оқушылар бір – бірін бағалайды.

химиялық реакция типтері бойынша презентация


8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері


























































химиялық теңдеулерімен берілген таратпа қағаздар.


Қосымша 1






Қосымша 2













Қосымша 3















Қосымша 4

Сабақтың соңы Рефлексия

(1-мин)


Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері.

Ресурстар

Қалыптастырушы бағалау жазғанда қандай қиындықтар туындады? Қателерді қалай түзете аламын? Әлсіз оқушылар үшін сіз қосымша сабақ бересіз, себебі бұл тақырыпты барлық адамдар меңгеруі керек.


Сабақ жайлы пікірлер мен ұсыныстар жазылған стикерлер

Үй тапсырмасы

(1-мин)


Химиялық реакциялардың әрбір түрі үшін 2 теңдеулер жазыңыз. Химиялық реакциялардың типін анықтап, коэффициенттерін қойыңдар:

770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!