Сабақтың
мақсаты:
Оқушылардың «табиғат», «жер», «су», «ауа» ,
«топырақ» туралы ұғымдарын кеңейту.
Сабақтың
міндеті:
*Оқушыларға табиғат байлығының адам өміріндегі
маңыздылығы туралы түсінік беру;
*Оқушыларды табиғатты сақтап –
қорғауға, аялап – баптауға баулу;
*Оқушыларды
сүйіспеншілікке, мейірімділікке, ізгілікке
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
Оқулық, үнтас па, қосымша ма-
териалдар,компь ютер,
|
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
Тыныштық сәті: Баяу музыка
қойылады.
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең
тыныс алыңдар.
Көздеріңізді жұмыңыздар. Өзіңізге енді атып
келе жатқан таңды елестетіңіз. Сіз тау жолымен келе жатырсыз. Таза
ауа, сылдырлаған бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл
демаласыз, сіз күшке толысыз. Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле
шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде.
Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен
қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіріп, қуат
беріп тұрғанын сезуге тырысыңыз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар
мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің
өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты
жансыз.
|
|
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру (сұрақ –
жауап)
№20сабақ, 84-беттегі Қ.Толыбаев«Ақ гүл» мәтінін
оқып келу.
Сұрақтар: 1. Гүлдер өз бойындағы қандай қасиеттерді
мақтаныш етті?
2. Гүлдер кімге өздерінің разылығын
білдірді?
3. Табиғат пен адам үйлесімділігінің сыры
неде?
4. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі
қандай сезім тудырады?
5. Сүйіспеншілік сезімі қандай қасиеттер
арқылы орын алды?
6. Сүйіспеншілікті күнге теңестірудің сыры
неде?
Ой
түйіндеу:
Адам-табиғаттың бір бөлшегі.Жарқырап шыққан
күн,таза ауа,мөлдір су,ну орман адамға қуат беріп,оның жан дүниесін
мейірлене түседі.
Адам мен табиғат
арасындағы байланыстың тамыры тереңде жатыр.Адам өмірі табиғатқа
тәуелді.
|
|
ІІІ.
Дәйексөз
«Қыстағы қар жерге – ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс»
Мақал
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату,
дәптерге жазғызу.
Ұл балалар
қайталайды, қыздар қайталайды, бәрі хормен
айтады.
Балалардың жауаптарымен дәйексөздің мағынасын
ашамын.
-Дәйексөздің мағынасын қалай
түсінесіңдер?
|
|
IҮ. Мұғалімнен
сыйлық
«Табиғат қызықтары» бейнетаспа
https://www.youtube.com/watch?v=4vaL8iYCkZk
Бейнефильм бойынша жалпы
табиғаттың сұлулығы туралы оқушылардың әңгімелерін
тыңдау.
Ой түйіндеу:
Адам табиғатқа
мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік
сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас
құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы
табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немқұрайлы
қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам
баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы
да екенін ешқашан естен шығармауымыз
керек.
|
|
Ү. Шығармашылық
жұмыс
Ойланып көрейік. (топпен
жұмыс)
I топ. Жерді неліктен күллі тіршіліктің
анасына теңейміз?
II топ. Табиғат пен адам үйлесімділігінің
сырын қалай түсінер едіңіз?
III топ. Табиғат сұлулығын қалай сақтап
қалуға болады?
IV топ. Жер - Ана деген сөздің құдіретін
сезініп көрдіңдер ме?
Оқушыларға таратылған алма пішініндегі
қағазға жер - анаға деген ризашылықтарын жазып, оқып, сыныпта
тұрған ағашқа алма іледі. (Ән ойнап
тұрады).
|
|
ҮІ. Топпен ән
айту
Атамекен
Әнін жазған:
Ескендір Хасанғалиев
Сөзін жазған:
Қадыр Мырза Әлі
Жасыл жайлау,
түкті кілем,
көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын,
көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау,
түкті кілем,
көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын,
көп күлем.
Күннің нұрын,
айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы:
Жасыл жайлау,
түкті кілем,
көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын,
көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы:
|
|
YII. Үй
тапсырмасы
21 сабақ. О.Бөкейдің «Алтай»
атты мәтінін оқып келу.
|
|
YIII.Тыныштық сәті
.
Тыныштық... Тыныштық бар жерде Музыка қойыла ды.
Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.
Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын
қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да, нәзік гүлдерге, самғай ұшқан
құстарға қызыға қараймыз. Сол сәтте Табиғат - анамыз естіп
тұрғандай, бізді әртүрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа
айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан
түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз - мейрам болған
балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпыра
кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған
сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылулыққа бөленгендей. Осы сұлулық
пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде беріп, бұрынғы қалпымызға
келейік.
|
|