Ашық сабақ 8сынып Геоглогиялық жыл санау геохронологиялық кесте

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 8сынып Геоглогиялық жыл санау геохронологиялық кесте

Материал туралы қысқаша түсінік
Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдері мен геологиялық оқиғаларды ажырата алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3.Литосфера

Мектеп: №6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Калдыгожина Алима Сағынайқызы

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

8.3.1 Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары /оқу бағдарламасына сәйкес/

8.3.1.9 Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдері мен геологиялық оқиғаларды ажырата алады.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылардың қолынан келеді: Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кестені біледі.

Көпшілік оқушылар қолынан келеді: Жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдер мен оларда жүрген геологиялық оқиғаларды ажыратады.

Кейбір оқушылардың қолынан келеді: Геохронологиялық кестеге сипаттама беріп, талдайды.

Бағалау критерийі

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

  • Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте туралы мәліметтер береді;

  • Жер қыртысының және жердің дамуындағы ірі кезеңдер мен оларда жүретін геологиялық оқиғаларды ажырата алады;

  • Оқушылар геологиялық жыл санаумен жердегі тіршіліктің дамуындағы кезеңдерді талдап, сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тақырыптар: Өз ойларын ауызша, жазбаша жеткізе білуге, мәтіннің мазмұнын әңгімелеуге үйрету

Оқылым: Видео ақпараттар негізінде сұрақтараға толық жауап бере алады.

Тыңдалым: геохронологиялық кестеге қатысты географиялық терминдердің дұрыс айтылуын және жазылуын, үш тілдегі аудармасымен жұмыс істей алатын болады.

Жазылым бойынша ұсыныстар: Геохронологиялық кестені жазбаша сипаттайды.

Негізгі терминдер мен ұғымдар: геохронологиялық кесте, эра, дәуір, кезең.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары:

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып-үйрену.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, физика.

Алдыңғы білім

Әртүрлі ақпарат көздерінен түсінігі бар. Өткен сынып бағдарламасы бойынша геохронологиялық кесте туралы оқушылардың түсінігі болуы керек.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дерексөздер ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Оқушылардың сабаққа қандай көңіл-күймен келгенін анықтау

-Егер сіз сабаққа жақсы көңіл- күймен келсеңіз,оң қолыңызды көтеріңіз

-Егер сіз адамның шыншылдығын бағаласаңыз, сол қолыңызды көтеріңіз

-Егер сіз өз біліміңізге сенсеңіз, аяғыңызды қозғаңыз.

-Егер сізге география пәні ұнаса, шапалақтаңыз.

-Егер де сіз мемлекет болашағы біздің қолымызда деп сенсеңіз, қолдарыңды жоғары көтеріңіз.

Антуан де Сент-Экзюпери «Күлкі адамды жақындастырады» деген екен. Бұл шындық. Олай болса бір-бірімізге қарап шын көңілмен күлімсірейік. Жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

Реттік санмен топқа бөлу. 1-топ Эра

2-топ Дәуір

3-топ Қатпарлық

Өткенді қайталау: «крестик-нөлдік-үшбұрыш» ойыны» бойынша жұмыс.

«Х» (крестиктер), «О» (нөлдіктер), «Δ» (үшбұрыштар) ойыны арқылы. Әр топ өзінің белгісіндегі сұрақтарды таңдай отырып жауап береді. Дұрыс жауап берсе, өз белгілерін қояды. Ал жауап бере алмаса, басқа топ жауап беріп өз белгілерін қоюға болады. Қай топтың белгісі көп жиналса және көп ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.

Крестиктер «Х»

Нөлдіктер «О»

Үшбұрыштар «Δ»

10

10

10

20

20

20

30

30

30

Крестиктер тобының сұрақтары:

10 –Адамзаттың пайда болуына дейінгі Жердің қалыптасу тарихы қандай кезеңдерден тұрады ? (геологиялыққа дейінгі, геологиялық кезең)

20 – Тау жынысының абсолюттік жасын қалай анықтайды? (Тау жыныстарының құрамындағы радиоактивті элементтер мен олардың ыдырау өнімдерін оқып-үйрену арқылы )

30 – Шөгінді жыныстардың қабаттарын оқып-үйрену арқылы анықтау әдістерін атаңыз (Белгілі бір уақыт аралығында климаттың қандай болғанын, Жанартаудың атқылауы мен тау жыныстарының қатпарланған уақыты, Тау жыныстарының мұхит табанында немесе құрлықта түзілгенін)

Нөлдіктер тобының сұрақтары:

10 –Тау жыныстарының жасын анықтау әдісі нешеге бөлінеді және оларды атаңыз (Абсолюттік, салыстырмалы)

20 –Тау жынысының салыстырмалы жасын қалай анықтайды? (Тау жыныстары қабаттарының бір-біріне қатысты орнын анықтау арқылы)

30 – Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау әдістерін атаңыз. (Литологиялық, стратеграфиялық, полеонтологиялық, тектоникалық)

Үшбұрыштар тобының сұрақтары:

10 –Жер қыртысы шамамен неше жыл бұрын қалыптасқан? (4,5млрд.)

20-Тау жыныстарының абсолют жасын анықтау әдістерін атаңыз (радиологиялық, калий—аргон, радиокөміртектік)

30 – Геофизикалық әдіс дегеніміз не? (шөгінді жыныстардың қабаттарға бөлу, бір-бірімен салыстыру барысында табиғи радиоактивтілігі, серпінділігі, тұтқырлығы сияқты бірқатар физикалық сипаттарына негізделеді).

Ауызша мадақтау.


Суреттен не көріп тұрмыз?

Сабақ тақырыбы қандай болмақ?

-Оқудан күтілетін нәтижелерді белгілеу. Табыс критерийлері: -нақтылық;

-белсенділік;

-бірлескен жұмыс;

-уақыт сақтау


































Слайд арқылы

































Кесте

https://bilimland.kz/kk


Әр оқушы алдына үлестірме кесте
















Сабақтың ортасы

Интербелсенді тақтадан «Геологиялық жыл санау» тақырыбындағы бейне ролик және кестені көрсету.

Тыңдау, көру, талқылау, арқылы сабақтың мақсатымен таныстыру.


Белсенді әдіс. Ғажайып шеңбер /сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар/

1.Геологиялық жыл санау дегеніміз не?

/Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім /.

2.Геохронологиялық кестеде нелер көрсетілген?

/Геологиялық жыл санау геохронологиялық кесте арқылы жүргізіледі. Геохронологиялық кестеде Жер қыртысының түзілгеннен бергі уақыты мен қазіргі кезге дейінгі уақыт аралығына сай құрылғандықтан төменгі жағынан жоғары қарай оқылады /

3.Оның біздер үшін маңызы неде?

/Жердің және жер қыртысының жасын, олардың даму кезеңіндегі ірі оқиғалардың уақытын анықтай білудің маңызы зор.

Үш шапалақ арқылы бағалау


Сөйлемді аяқта.

1.Жердің дамуы неше эраға бөлінеді .......... 5 \ Архей, Протерозой, Палеозой, Мезозой, Кайнозой \

2.Ең көне эра................... Архей

3.Адам пайда болған эра................ Кайнозой

4.Ең көп кезеңдерге бөлінетін эра................. Палеозой

5.Ең жас қатпарлық................... Альпі

6.Қатпарлықтары ең көп эра................ Палеозой

7.Триас, юра, бор- бұл...................... Мезозой

8.Ең жас эра ................. Кайнозой

Ауызша мадақтау.


Топтық жұмыс. Постер қорғау.

1-топ. Геологиялық жыл санау

2-топ. Геохронологиялық кесте.

3-топ. Геологиялық даму тарихының кезеңдері

Дискриптор: - Мәтінмен танысады

- Өзара талқылайды

-Геохронологиялық кестені талдайды

Бағалау: Марапаттаймын, топтарды «стикер» әдісі

арқылы бағалаймын.


Саралап оқыту әдісі. «Кім жылдам»

А-тобы

индекс

аталуы

KZ

кайнозой

MZ

мезозой

PZ

палеозой

PR

Протерозой

AR

Архей

В-тобы

индекс

аталуы

катпарлықтар

KZ

кайнозой

Альпі

MZ

мезозой

мезозой

PZ

палеозой

герцин

каледон

Байкал

PR

Проте розой

AR

Архей


С-тобы

Индекс

аталуы

Аталуы

катпарлықтар

Тіршіліктің дамуы

KZ

кайнозой

Альпі

Адамдар.

MZ

мезозой

мезозой

Құстар, өсімдік

PZ

палеозой

герцин

каледон

Байкал

Өрмекші, кене қосмекенділер

PR

Проте розой

Омыртқасыздар

AR

Архей


Көк жасыл балдыр

Смайликтер арқылы бағаланады.


Адасқан әріптер.

1.О Р Н О Г О Л Я Е Г О Х Н-геохронология

2.Л О И Я Г Е О Г-геология

3.Р Э А-эра

4.У Р Д І Ә-дәуір

5.Т П Л А Қ Ы А Қ Р-қатпарлық

6. И Н Ц Г Р Е-герцин

7.Н Д К Е А Л О-каледон

8.П Л А Ь І-альпі

9.Р Қ Ы Т С Ы Р Ж Е Ы-жер қыртысы

10.Р О Н О Г П А Е Н Т-антропоген

Екі оқушы бір-бірін бағалайды.


Интерблсенді тақта. Бейне ролик, кесте. https://bilimland.kz/kk/


Оқулықпен жұмыс


















Үлестірме қағаздар









Плакат, түрлі түсті маркерлер










Үлестірме қағаз





















Сабақтың соңы


Кері байланыс.


Сабақтың соңында оқушылар:

Нені үйренгендігі туралы пайымдай алады;

Әлі де түсініксіз мәселелерді айқындайды;

Келесі сабақтағы жұмыс бағыттарын белгілей алады;

Өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады.

Қорытынды.

Не білді? Нені білмеді? Нені білу керек?


Қағаздан жасалған кеме.
















Саралау-Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалы игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ, оқу мақсаттары оқушылар деңгейіне негізделіп жасалған.

Оқушылар геохронологиялық кестені жан-жақты талқылады.





Қорытынды бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе /Оқыту мен мен оқуға қатысты/?

1.Оқушылар жұмыс жасау арқылы бір-бірін бағалауда және ұжымдық талқылау барысында идеялар тудыра алады.

2.Оқушылар мәтінмен жұмыс жасаған білімдерін қолдана алады.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ие оң ықпал етер еді /Оқыту мен оқуға қатысты/?

1.Алдағы уақытта жазылым жұмыстарын пайдалану қажет.


2.Оқушылардың айтылым дағдысына көңіл бөлу керек.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарға не нәрсеге назар аудару қажет?











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
4281
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі