Материалдар / Ашық сабақ 9 сынып Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ 9 сынып Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

Материал туралы қысқаша түсінік
‒ Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесінің шешу тәсілдерін білу, есептер шығару; ‒ Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдерін қолданып, есептерді тиімді тәсілмен шешу; ‒ Параметрі бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шеше алу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2020
676
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

9.1А Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелері

Мектеп:

Алматы облысы Қарасай ауданы «Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі МДШО» КММ

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Кунгратбаев Нурсултан Кумекбаевич


Сынып: 9

Қатысқандар: 16

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.2 - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;


Сабақтың мақсаты


  • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесінің шешу тәсілдерін білу, есептер шығару;

  • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдерін қолданып, есептерді тиімді тәсілмен шешу;

  • Параметрі бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шеше алу.

Бағалау критерйиі

  • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шеше алады.

  • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешудің тиімді тәсілдерін қолданып есептер шешеді, мысалдар келтіреді;

  • Параметрі бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін зерттейді.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесінің шешу тәсілдерін түсіндіре алады.

Пəнге қатысты лексика мен терминология:

теңдеу, сызықтық теңдеулер жүйесі, сызықтық емес теңдеулер жүйесі, алмастыру тәсілі, графиктік тәсілі, алгебралық қосу(азайту) тәсілі, айнымалы енгізу тәсілі.

Диалог құруға / Жазылымға қатысты тіркестер:

  • сызықтық теңдеу.......;

  • сызықтық емес теңдеу.......;

  • сызықтық теңдеулер жүйесі............;

  • сызықтық емес теңдеулер жүйесі............;

  • екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесінің шешу тәсілдері.....

Құндылықтарға баулу

"Мәңгілік ел" ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген бір-біріне құрмет, өзара ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарына дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Физика, технология

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland.kz, интербелсенді тақта.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі;

Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер жүйесін ажырату.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

3 минут













5 минут












Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін:

"Иық тірескен" психологиялық тренинг ұйымдастыру.

Оқушыларды топтастыру.

Оқушылардың алдыларына бірнеше қосу, алмастыру, гарфиктік, айнымалыны енгізу тәсілі деп жазылған қима қағаздардар таратылып, таңдаған сөздер бойынша оқушылар топтарға топтасады.

1-топ. Қосу тәсілі

2-топ. Алмастыру тәсілі

3-топ. Графиктік тәсілі

4-топ. Жаңа айнымалыны енгізу тәсілі.


Миға шабуыл, көпір тапсырмасы. Ұжымдық жұмыс.

Белсенді оқу әдісі: "Ашық микрофон".

Бұл әдіс арқылы кестедегі берілген мәліметтерге жауап беріп, сабаққа оқушылар белсенді қатысады.

Оқушыларға ой қозғау мақсатында кестеде бірнеше екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңдеулер жүйесі беріледі, айырмашылығын табу сұралады. Өтілген сыныптарда меңгергенін жаңа сабақпен байланыстырады.


"Айырмашылығын тап" кестесі

"?"

"?"

2х + у = 4

3х + 2у -5 =0

ҚБ: "Жарайсың" мадақтау сөздері арқылы бағаланады.


Көпір тапсырмасындағы "Ашық микофон" әдісі арқылы сабақтың тақырыбы айқындалады.

Сабақтың мақсатын қою. Мұғалім оқу мақсатын хабарлап, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады. Олай болса бүгінгі сабақ мақсатына жету үшін нені білуіміз керек? - деген сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойы тыңдалады. Оқу мақсаты сараланып сабақ мақсаты жасалады.

Сабақ мақсатына негізделіп бағалау критерийлері ұсынылады. Бағалау критерийлерімен оқушылар танысады.


Таныстырылым





Қима қағаздар















Пайдалы презентация,кеспе қағаздар.











Сабақтың ортасы

3 минут














11 минут

















































































5 минут























10 минут











Жеке жұмыс.

"Түсіндірмелі видео" және "INSERT"әдісі арқылы оқушылар жаңа сабаққа қатысты видео материалдармен танысады. Видео материалда екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесінің төрт тәсілдерімен танысады. Оқушылар дәптерлеріне қажет мәліметтерді түсіндірмелі видео материалынан және оқулықтан түртіп алады.

Мақсаты: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесінің шешу тәсілдерін білу.


Видео материалдан көргенін, түсінгендерін пысықтау мақсатында топтарға талқылауға арналған есептер беріледі. Тапсырма орындау барысында оқушылар түсінбегендерін қосымша оқулықтан қарауды ұсынамын.


2-тапсырма. Топтық жұмыс.

Саралау тәсілдері: "Диалогтық қолдау"

Белсенді әдіс: "Ойлан, жұптас, бөліс".

"Джигсо" тәсілі арқылы барлық топтарға шығарылу тәсілдері әртүрлі төрт есептен беріледі. Есептің ретіне байланысты топ мүшелеріне үлестіріледі. Топ мүшелері өздеріне белгіленген есепті шығарады.

Топ мүшелері ретіне байланысты, әрбір топтың бірінші мүшелері қайта топтасып 1- топ құрайды, екінші мүшелері қайта топтасып 2-топ құрайды, үшініші мүшелері қайта топтасып 3-топ құрайды, төртінші мүшелері қайта топтасып 4-топ құрап, жинақталып сарапшы топтарын құрады. Есептерін шығарып, түсініктемелерін талдайды, өзара ой бөлісіп, жете түсінеді. Талдап болған соң, топ мүшелері бастапқы топтарына қайта келіп, алған ақпараттарымен "Ойлан, жұптас, бөліс" әдісі арқылы бөліседі, талдайды, жинақтайды, қорытындылайды. Нәтижесінде барлық топтар төрт тапсырманы менгеріп шығады.


Бағалау критери

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!