Материалдар / Ашық сабақ 9сынып Биология
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 9сынып Биология

Материал туралы қысқаша түсінік
Нефронның құрылысы және қызметі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2024
143
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру ұйымының атауы


Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:


Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Нефронның құрылысы және қызметі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.5.1- нефронныңқұрылысы мен қызметінсипаттау;


Сабақтың мақсаты

- Нефронның құрылымы мен қызметін сипаттау арқылы оның несеп түзілуіндегі рөлін түсіндіру;

- нефронның әр бөлігінің қызметін анықтап, олардың организмдегі су мен тұз балансын реттеудегі маңызын көрсету.

Құндылықтар

  • Құндылық: әділдік және жауапкершілік

Құзыреттілік: қоғамға қызмет

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5мин


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.



  1. Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру.

«Иық тірескен шеңбер..» әдісі арқылы оқушлар бір –бірінің иықтарына қолдарын айқастыра отырып, шеңбер құрады жақсы тілектер айтады. Жағымды ахуал қалыптастырады. Мұғалім шеңберден орын алады

  1. Топқа бөлу арнайы рандом генераторы арқылы жүзеге асады

Табыс критерийлері: -нақтылық; -белсенділік; -бірлескен жұмыс; -уақыт сақтау;



Алдыңғы білім

Платформада тапсырма түрлерін ұсынады


Оқушылар ұстазымен амандасады. Сынып тәртібін сақтайды, Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, тілектерін білдіреді

1-топ – Нефрон

2-топ – Реабсорбция

3-топ- Абсорбция


Оқушылар берілнен тапсырманы орындайды

Қызығушылықтары артады


Қошемет сөздермен ынталандыру.

Жарайсыңдар!

Сәттілік!


Бүгінгі сабақта тек 10балл






Дескриптор:

- Зәр шығару жүйесінің құрылысын атайды

-1балл

Презентация

https://www.classtools.net/random-group-generator/







https://learningapps.org/view23620032


Сабақтың ортасы

5-15мин




















15-25мин
























Жаңа сабаққа кіріспе «Ой қозғау» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу арқылы ұжымдық талқылауды суретпен жұмыс жүргізуді ұсынады.



1.Бұл суретті ағзамыздың қай мүшесімен байланыстыра аласыз?

2. Бүйректің негізгі функционладық қызметі не?

3.Оны қандай күрделі құрылыс атқарады?

4.Бүйректегі жіпшумақтар қалай орналасқан?

Ьақырыппен байлансыты бейнекөрсетілімдер ұсынады


  1. Анаграмма тапсырмасын береді. Мұғалім қосымша түсіндірме жүргізеді
    Теорияны бекіту тапсырмасын платформада ұсынады








Топтық тапсырмалар бекеті

1-топ тапсырмасы суретін салып құрылымдарды атау

1 . Суретке назар аударыңыз.


Суреттегі зәр шығару жүйесінің № 1,2,3,4 санымен белгіленген мүшесін атаңыз

___________________________________

2 санымен берілген мүшенің атқаратын қызметін сипаттаңыз.

______________________________________

2-топ оқушылары . Нефрон арқылы заттардың дұрыс өту ретін анықтап, кестеге сандарды енгізіңіз. Суретін салады

3-топ оқушылары Семантикалық карта тапсырмасын ұсынады.















Семантикалық карта тапсырмасы

Нефрон бөліктері

Қызметі

1

Боумен (Шумлянский) капсуласы


2

Проксимальды ирек түтікше


3

Генле ілмегі (төмендейтін бөлігі)


4

Генле ілмегі (жоғарлайтын бөлігі)


5

Дистальды ирек түтікше


6

Жиналмалы түтікше


7

Аферентті артериола


8

Эферентті артериола


9

Гломерулалар (қантамыр шумағы)


10

Подоциттер




Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді,сұрақтарға жауап бере отырып ой бөліседі, өз білгендерін ұжымда талқылап айтады; анаграмма тапсырмасын орындайды кілтті сөздерді табады,

Бейнекөрсетілімді мұқият көреді. Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды. Қажетті термин сөздердің анықтамасын дәптерге жазып алады.











Мағынаны түсіну үшін оқушылар топта бірлеседі

- -Бірлесіп берілген тапсырманы орындайды

-Сұрақтарға жауап береді

-суреттерін салып сызбаны атайды

Постер ретінді қорғайды










Дескриптор:

  • Берілген суретті сұрақтармен байланыстырады

  • Анаграмма тапсырмасын орындап кілтті сөздерді анықтайды

  • Нефронның құрылымын ажыратады

ҚБ Әрбір дұрыс жауап- «1» балл.



Дескриптор:

1-топ

- бүйректің құрылымдық бірлігін анықтайды, макетті таныстырады-4балл

2-топ

- нефронның құрылымын сипаттайды, суретін салады- 4 балл;

3-топ

термин сөздердің қызметін жазады, суретін бейнелейді-4балл





https://youtu.be/0cA4mAs2puc?si=-hB6iJdo42Y9PL7B






https://wordwall.net/ru/resource/63152826


https://learningapps.org/watch?v=pft8r25xj23


















үлестірме материалдар
















Соңы/25-30мин










1-жұпқа Оқушыларды топта жұптастырады «Суретті түсіндір» тапсырмасы арқылы оқушыларды бағалау. Берілген суретте қандай үдеріс бейнеленген? Нефронның түрлі бөлімерінде жүріп жатқан үдерістердің айырмашылықтарын айтыңдар.

2-жұпқа «Сандарды сөйлет» тапсырмасын ұсынады


150-170 литр

1,5 литр

148,5-168,5 литр


Е әрпімен белгіленген бүйрек құрылымын атаңыз. Қызметін жазыңыз.

Е_____________________________________________________________________________

Қызметі:_______________________________________________________________________

3-жұп тапсырмасы«Бірінші реттік сүзілу кезінде нефрон капсуласында қанның барлық сұйықтығы шамамен 50 рет болады екен. Яғни қанның барлық сұйықтығы бүйректе әрбір 30 минут сайын тазартылады». Ол үшін есептеулер жүргізіңіз.




Оқушылар топта жұптасады берілген тапсырмаларды орындайды

бүректегі зәрдің тасымалдануын зерделейді






берілген сандардың мағынасын жинақтайды


кестемен суретті байланыстырады






Есептеу: Егер адам ағзасында орта есеппен 5 литр қан болса, ал оның плазмалық бөлігі шамамен 3 литр (60%),

Бір тәулікте түзілетін бірінші реттік зәр мөлшерін есептеу: 180 литр (күнде сұйықтық сүзу шамасы).

Әр 30 минут сайын 50 рет тазартылған сұйықтық көлемі есептеледі.



-зәрдің белсенді және енжар тасымалдану жолын түсіндіреді– 2 балл;


сандарды сөйлетеді– 2 балл;
















-есептеу жүргізеді-2балл
















35-40мин

Тақырыпты бекіту тапсырмасын платформада орындайды




Оқушылар тақырыпты бекіту тапсырмасын орындайды

Дескриптор: дұрыс жауаптарын белгілейді-1балл


https://learningapps.org/watch?v=p0iokiptj23

Рефлексия



40-45мин













«Білім баспалдағы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Үй тапсырмасы: §32 параграф соңындағы сұрақтарға жауап беру.144 бет



Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».













Семантикалық карта тапсырмасы

Нефрон бөліктері

Қызметі

1

Боумен (Шумлянский) капсуласы

Қаннан алғашқы несеп (ультрафильтрат) түзілуін қамтамасыз етеді.

2

Проксимальды ирек түтікше

Қоректік заттарды, судың және тұздардың көп бөлігін қайта сіңіреді.

3

Генле ілмегі (төмендейтін бөлігі)

Судың кері сіңуін қамтамасыз етеді.

4

Генле ілмегі (жоғарлайтын бөлігі)

Натрий иондарының белсенді тасымалдануын қамтамасыз етеді.

5

Дистальды ирек түтікше

Қосымша иондар (калий, сутегі) мен судың қайта сіңуін реттейді.

6

Жиналмалы түтікше

Соңғы несептің концентрациясын арттырады.

7

Аферентті артериола

Қанның нефронға келуін қамтамасыз етеді.

8

Эферентті артериола

Қанның нефроннан шығуын қамтамасыз етеді.

9

Гломерулалар (қантамыр шумағы)

Қанның ультрафильтрациясын жүзеге асырады.

10

Подоциттер

Боумен капсуласындағы сүзу тосқауылының бөлігі болып табылады.



Б ерілген суретте бүйректегі нефронның құрылымы және оның әртүрлі бөліктерінде жүретін зат алмасу үдерістері бейнеленген. Нефрон — бұл бүйректің негізгі құрылымдық және функционалдық бірлігі, онда несеп түзілу процесі жүзеге асады. Суретте нефронның әр бөлігінде қандай үдерістер жүретіні көрсетілген.

Нефронның түрлі бөліктеріндегі үдерістер:

  1. Проксимальды ирек түтікше:

    • Белсенді тасымал арқылы Na⁺, HCO₃⁻ және қоректік заттар қайтадан қанға сіңіріледі.

    • Су пассивті түрде сіңіріледі, нәтижесінде несептің көлемі азаяды.

    • Сонымен қатар, аммиак (NH₃) және сутегі иондары (H⁺) секрецияланады.

  2. Генле ілмегінің төмендейтін бөлігі:

    • Су пассивті тасымал арқылы нефроннан шығып, қайтадан қанға сіңіріледі.

    • Тек су ғана сіңіріледі, ал еріген тұздар өзгеріссіз қалады. Бұл нефрондағы сұйықтықтың концентрациясын арттырады.

  3. Генле ілмегінің жоғарылайтын бөлігі:

    • Натрий иондары (Na⁺) белсенді тасымал арқылы қайта сіңіріледі.

    • Бұл бөлікте су өтпейді, тек тұздар шығарылады, сондықтан сұйықтықтың концентрациясы азаяды.

  4. Дистальды ирек түтікше:

    • Na⁺, Cl⁻ иондары белсенді түрде қайта сіңіріледі.

    • Судың сіңірілуі антидиуретикалық гормонның әсерімен реттеледі.

    • Калий (K⁺) және сутегі иондары (H⁺) секрецияланады.

  5. Жиналмалы түтікше:

    • Соңғы несептің құрамы қалыптасады.

    • Су және NaCl қайтадан сіңіріледі, ал несептің концентрациясы артады.

    • Бұл жерде несептің соңғы көлемі мен тұз мөлшері реттеледі.

Қорытынды:

  • Проксимальды түтікше және Генле ілмегі негізінен қайта сіңіру және зат алмасу процестерін жүргізеді.

  • Дистальды түтікше мен жиналмалы түтікше ағзадағы су мен иондардың тепе-теңдігін сақтауға қатысады.

  • Нефронның әр бөлігінің ерекшеліктері су мен тұз балансын және қан қысымын реттеуге көмектеседі.

Бұл үдерістердің арқасында ағза артық заттардан және токсиндерден тазарады, сондай-ақ су-тұз балансы сақталады.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!