Материалдар / Ашық сабақ : "Ақ бидай" 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ : "Ақ бидай" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сыныптарындағы 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Пән мұғалімдері қолданса деген оймен салып отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2018
4696
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Төрт түлік мал мен егіншілік – елдің берекесіКүні: 09.02.2018ж.Сынып:7 «Д»Мұғалімнің аты – жөні:Базенова Д.М.
Сабақтың тақырыбыАқ бидай
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары7.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау;7.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту
Сабақтың мақсатыБарлық оқушылар: Сөйлем әрекетінің негізінде оқушылардың «Ақ бидай» жайлы ақпараттың ұғымын қалыптастырады.Оқушылардың басым бөлігі: Ақ бидай туралы түсініктерін кеңейту,мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттырады.Кейбір оқушылар: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды,тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалай критерийіАқ бидай жайлы ақпарат береді.Жеке ,жұптық,топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік мақсаттарМеңгереді, қолданады, талдайды, сипаттайды
Құндылықтарға баулу5 құндылық «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы»
Пәнаралық байланысОрыс тілі, көркем еңбек, биология
Алдыңғы білімБидай деген не?Бидайдың пайдасы қандай?
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлеріРесурстар
Сабақтың басы

Үй тапсырмасын сұрау

Ұйымдастыру кезеңі

6 тапсырма, 49 бетДескриптор:
  • тақырыпты таңдайды;
  • фотоколлаж дайындайды;
  • негізгі деректерді белгілейді.
  • «Таза тақта әдісі»
    Аңыз әңгіме (қосымша №1)Фотоколлаж







    Сұрақтар (қосымша №2)
    Жаңа сабақ

    Мәтіналды жұптық жұмыс







    Лексикалық минимум

    Мәтінмен жұмыс











    Топтық жұмыс























    Сабақтың ортасыЖеке жұмыс



    Сергіту сәті











    Сабақтың соңыМәтінсоңы жұмыс

    Кері байланыс





    Рефлексия

    Үй тапсырмасы

    «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі

    Айтылым. 1- тапсырма.1.Сен тұратын жерде егіншілікпен айналыса ма?2.Егіншілікпен кімдер айналысады?3.Егіншіліктің қандай пайдасы бар?уаншылық, нашарлай, мұң – зарына, зая кетпей, айырылмасТыңдалым, айтылым, оқылым4 – тапсырма.
  • оқиғаны дамытады;
  • мәтінді өз ойымен жалғастырады;
  • жаңа сөздерді пайдаланады.


  • «Өсімдік», «Аң,құс», «Адам»Айтылым. 5 – тапсырма.І топ. Ақ бидайдың өсуіне не кедергі болды?ІІ топ. Ақ бидай нелерден көмек сұрайды?ІІІ топ. Ақ бидайға кім көмектеседі?Дескриптор:
  • сұрақтарға толық жауап береді;
  • өз ойын дәлелдеп жеткізеді;
  • сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын ауыстырады.


  • Қалыптастырушы бағалау



    «Мен қандаймын?» әдісі



    Жазылым. 8 – тапсырма. Дескриптор:
  • қажетті сөздерді пайдаланады;
  • ойды аяқтайды.


  • «Ойшыл қалпақтар» рөлдік ойыны

    «Пікірлер базары»
  • Мен не білдім\ үйрендім?
  • Сабақта өзімді қалай сезіндім?
  • Мен үшін не ең қызық болды?
  • «Ақ бидай»

    Жазылым, оқылым.3 – тапсырма, 50 бет.
    Өтебай Тұрманжановтың өлеңдер жинағы №3Оқулық «Қазақ тілі»7 сынып, 50 бет









    Аудиожазба АКТҚосымша №4











    Постер, А3, маркер, стикер





















    Қима – қағаздар



    А.Қ.Алимов «Оқытудағы интербелсенді әдіс – тәсілдер»АКТ







    Қосымша №5








































    Қосымша №1Бірде жас жігіт данагөйге келдіүн сайын бес рет мына сөздерді айтамын «Өміріме қуанамын, бірақ өмірімде қуаныш жоқ» - деді. Данагөй қасық, шам мен құмыраны алдына қойып: «Осы заттардың қайсысын таңдайсың» - деді. Жігіт «Қасықты» - деп жауап қатты. «Қасық сен мендіксің деші». Қасық келді ме? – Жоқ. Сен мың рет айтсаңда ол қасық саған өзі бармайды, ол үшін сен қолыңды созып алуың қажет. Сол себепті «Еңбек етсең емерсің» - деп жігітті еңбекке баулыды.































































































    Қосымша №2Қайдан келдің бауырсақ?Өтебай ТұрманжановДастарқанда шашылып,Жатты аппақ бауырсақ.Бауырсаққа қызығып,Қарап тұрып көзін сап:- Қайдан келдің бауырсақ?-Деп сұрады қуыршақ.- Дүкеннен келдімНан сатқан,-Деді оған бауырсақ.- Дүкенге келдің қай жақтан?- Наубайдан келдім нан жапқан.- Наубайға келдің қай жақтан?- Диірменнен келдім ұн тартқан.- Даладан келдім кең жаткан.Жер - анам менің көсілген,Диқандар мені өсірген.







































    Қосымша № 3
    • Қазақтың классикалық музыкасының негізін кімдер қалаған?
    • Қазақ әндері нені наситтайды?
    • Халық күйлерінде не баяндалады және бізге қалай жеткен?
    • Әміре Қашаубаев кім?
    • Домбыра – қандай аспап?
    • Қазақтың этно – рок тобын ата?
    • Театрдың қандай түрлері бар?
















































    Қосымша №4Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетiмен өседi екен. Бiр жылы қатты қуаңшылық болады. Күннiң оттай ыстық аптабынан, ылғалдың тапшылығынан өсiмдiк бiткен сұмдық тарығады. Сол бiр кезде тiршiлiк үшiн жанталасқан өсiмдiк атаулы Ақ бидайды жан-жағынан қаумалай, тұс-тұсынан алқымға ала бастайды. Тамыры мықтылары Бидай өсiп тұрған жердiң астындағы суды тартып алады. Оның маңындағы қорегiн жырып әкетiп жатады. Кейбiр бойшаң бұталар күннiң көзiне қасақана тұрып алып, жарық түсiрмей бағады. Сөйтiп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды. Ақырында, өлер халге жетедi. Сосын ол олай-былай жүгiрiп, жортып өткен әр қилы аңдардан жәрдем сұрайды. Үстiнен әрлi-берлi қалықтап ұшып өткен үл-кен-кiшi құстарға да жалбарынады. Бiрақ оның өтiнi-шiне, мұң-зарына ешқайсысы құлақ аса қоймайды. Ендi өлдiм ғой деген сәтте Ақ бидайға садақ асын-ған, қолында найзасы бар, аң аулап жүрген Адам кезi-гедi. Бидай байқұс көзiнiң жасын төгiп тұрып, Адамға мұңын шағады, мүшкiл халiн бастан-аяқ баяндап бередi. Адам бiраз ойланып тұрып, ақырында, Бидайдың өтiнiшiн қабыл алады. Садағын жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, бiлегiн сыбанып жiберiп, бiрден iске кiрiседi. Ақ бидайдың айналасындағы жауыз шөптердiң бәрiн қолымен жұлып отап, тып-типыл қылады. Олардың бидайға ауыз салып жатқан арам тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды. Сосын бiраз жердегi ағып жатқан бұлаққа барып, тақиясын толтырып су әкеледi. Әлсiреп қалған Ақ бидай мөлдiр суға қанып, өзiнiң көзiн құртқалы тұс-тұсынан анталап келiп калған жа-уынан құтылғаннан кейiн бой түзеп, құлпырып сала бередi.Адам да ауық-ауық келiп-кетiп, Ақ бидайға қамқор болып жүредi. Қаскөй шөптер мен тiкендердi. Бидайдың маңына жолатпай, мезгiл-мезгiл суарып тұрады.Содан күзге салым Бидай сарғайып пiседi. Баданадай бар дәнiн, бiр түйiрiн шашау шығармай Адамға тарту етедi.Адам сыйға алған дәнiн бiр күз, бiр қыс сақтайды. Көктем шыққаннан кейiн ақылы мен бiлiгiнiң арқасында үйшiгiнiң алдындағы тегiстеу жердi қопсытып, соған әлгi дәндердi сеуiп тастайды. Жаз бойы арам шөптердi жұлып, уағында суарады, баптап тұрады. Ақырында, еңбегi зая кетпей, күзде Адам дән сепкен жерiнен бiр дорба бидай алады. Келесi жылы – бiр қап, сосын – он қап, сөйте-сөйте – мың қап, қойшы, бара-бара адам баласына жететiндей бидайды әлденеше еселеп, миллион қап етiп алатын болады.Адам мен Ақ бидайдың ажырамас достастығы есте жоқ ерте заманда осылай басталған екен.



















    Қосымша №4Мен қандаймын?Оқушылар 1 – 6 дейінгі сандарды бір мезгілде екі қолымен жазуы керек.Жазу барысында қалай жазылғандығына (әдемі, нашар) назар аудармау керек. Содан кейін олар жазғандарының ішінен жазылуы бір – біріне ұқсас бір жұп таңдауы керек. Жеке бастарының қасиеттерін сипаттайтын мынандай тізім оқылады:
    • Егер «1» сандары ұқсас келсе, онда іскер, болашақ басшылар екендігін меңзейді.
    • «2» сандарының ұқсастығы бұл оқушылардың бейбіт өмірді жақтайтын, әрқашан да бітімге келе білетін адамдар;
    • Егер «3» сандарды ұқсас келсе, онда бұлар – ақылдылар.
    • «4» сандары ұқсас келсе, онда бұл оқушыларға – сенім артуға болады дегенді білдіреді.
    • «5» сандарының ұқсастығы бұл оқушылар – жан – жақты дамыған.








































    Қосымша №5
    Қалпақтардың қызметіЖауап берелетін сұрақтары
    Ақ қалпақ.Дәнді дақылдар туралы білетінін айтадыДәнді – дақылдарға нелер кіреді?
    Сары қалпақ.Бидайдың пайдасы туралы айтады Оның қандай пайдасы бар?
    Қара қалпақ.Бидайды өсірудегі қиындықтарды айтады Оны өсіруде қандай қиындықтар пайда болады?
    Жасыл қалпақ.Оны пайдалануға байланысты ойын айтадыОны қиналмай өсіру үшін не істеу керек?
    Қызық қалпақ. Айтылған ойдың қайсысы ұнағанын, қайсысы ұнамағанын айтадыАйтылған ойға қалай қарайсың?
    Көк қалпақ. Бақылап қорыту: айтылған ойдың бидайға қатысын айтадыАйтылған ойдан қандай қорытынды шығаруға болады?












































    Сабақты бағалау кестесі
    Критерийлер Төмен Орта Жоғары
    1.Оқушылар үшін түсінікті болды ма?





    2. Оқушылар қалай жұмыс жасады?





    3. Оқушылардың көңіл – күйі қандай болды?





    4.Сабақтың жаңашылдығы қандай болды?





    5.Топтық жұмысты ұйымдастыруы қандай болды?





    6.Шығармашылық деңгейі қандай болды?





    7.Ақпараттық құндылық қандай болды?





    8.Пайдасы қандай болды?









    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!