Материалдар / Ашық сабақ : Бөлме гүлдері

Ашық сабақ : Бөлме гүлдері

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
992
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Жамбыл облысы, Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі

Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖББМ

«Балақай» шағын орталығы











Тақырыбы:

«Бөлме гүлдері»

(Ашық ұйымдастырылған оқу -қызметі)



























Тәрбиеші: Даркенбаева Қ. Ж

Ойтал ауылы- 2020 ж





Білім беру салалары: Шығармашылық. Таным. Шығармашылық.

Бөлімдері: Аппликация. Қарапайым математика. Сурет.

Тақырыбы: «Бөлме гүлдері»

Мақсаты: Бөлме гүл өсімдіктері туралы түсінік беру. Гүлдердің атауларын, оларды баптап күту ережелерімен таныстыру. Өсімдік бөлме гүлін аялауға, қамқорлық көрсетуге, сүюге тәрбиелеу. Гүлдердің түстерін ажырату.

Көрнекіліктері: Бөлме гүлдерінің суреттері.

Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі біздің тобымызға көптеген апайлар қонаққа келді.

-Кәне балалар шаттық шеңберіне тұрайық.

Кел балалар, келіңдер,

Дөңгеленіп тұрайық.

Жылулық шеңберін құрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық

Осы жылы лебізді,

Қонақтарға сыйлайық.

-Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі күніміз жақсы болсын.

Балалар мен сендерге гүл таратып беремін, мұнда қызыл түсті гүл және жасыл түсті гүлдер бар, осы гүлдер арқылы екі топқа бөлініп отырасыңдар.



-Менің қолымдағы мына сиқырлы қобдишаның ішінде не бар екен балалар? Қане, ашып көрейік. Балалар мұнда жұмбақ жасырылған екен. Ал ендеше жұмбақты шешіп көрейік.

Үйде тұрып өсетін,

Әкеп үйге көшетін.

Топырақты салдым да,

Отырғыздым ыдысқа \бұл не екен балалар? жауабы: бөлме гүлі\

-Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: бөлме гүл өсімдіктері жайлы болмақ.

-Өсімдіктер, дала өсімдігі және бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді.

-Ендеше біз бүгін, бөлме гүл өсімдіктерімен танысамыз.

Өсімдік өмір сәні, табиғаттың көркі, гүл бөлмелерді әдемі етіп көрсетіп тұрады.

Гүлдер бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Гүл адамдарға қуаныш сыйлайды. Мереке күндері, туған күн күндері, біз бір-бірімізге гүлдер сыйлаймыз. Көңіліміз көтеріңкі болады. Біз өсімдіктерге қамқорлықпен қарауымыз керек. Балалар гүлдердің жақсы жайнап өсуі үшін: Қалай гүлдерге қамқор болуымыз керек?

(балалардың ойын тыңдау)









Балалар өте дұрыс айттыңдар ,гүлдерге су құйып, жапырағын сүртіп, топырағын қопсытып тұруымыз қажет екен. Барлық өсімдіктер күнді, жарықты жақсы көреді, сондықтан оларды терезенің алдына қоямыз. Сол кезде гүліміз жайнап, әдемі болып өседі екен.

Тақтадағы гүлдермен таныстыру.

Балалар мына суретке қараңдаршы. Қандай әдемі гүлдер. Бұл гүлдердің барлығы бөлме гүлдері.

Атап айтайықшы: шегір гүл, қырықжапырақ, қоянқұлақ, қазтамақ, бегония. т\б көптеген бөлме гүлдердің түрлері болады.



Енді балалар менің екі топқа арналған тапсырмаларым бар.

Жасыл гүл тобы сендер мына үлгіге қарап шегір \фиялка\ гүлін, ақ-қағаз бетіне желім арқылы жапсырамыз.

Ал қызыл гүл тобы сендер қоянқұлақ бөлме гүлінің сабағына бос құтыны бояуға матырып алып, сабағына бастырасыңдар.

Жасыл гүл тобы

Жарайсыңдар балалар сендердің жұмыстарың өте әдемі шығыпты!



-Айтағойшы неше гүл жапсырдың \ балалар санайды\

-Қызыл гүл тобы

Балалар сендердің де жұмыстарың өте әдемі екен.

Сен айтағойшы жапырақтың түсі қандай? \жасыл\

Гүлдеріңнің түсі қандай? \қызыл, қызғылт түстер\

Балалар орындаған жұмыстарың сендерге ұнадыма? \ия\

-Олай болса сергіту жаттығуын жасап сергіп алайық.

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алып.

Қанатымызды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалып.

Күн болып жайнайық,

Гүл болып жайқалып.

Терең-терең дем алып,

Жүгіріп-жүгіріп алайық.

Жарайсыңдар балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.

Көбелек қонаққа келеді.

-Тәр: көбелек саған не болған көңіл-күйіңіз жоққой.

Көбелек таңырқайды. Қандай әдемі гүлдер. Көбелек гүлдерге қонады.

Мен жазды сағынып жүр едім. Гүлдерімді сағынып жүр едім. Сендер маған қуаныш сыйладыңдар. Гүлдерің қандай әдемі! Мені ұйқымнан ояттыңдар. Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Балалар менің қолымдағы себеттің ішінде түрлі-түсті гүлдер бейнеленген. Мына шашылған гүлдерді сол себеттің гүлінің түсіне қарай жинайсыңдар.

Балалар ойын ойнауға дайынсыңдарма? Олай болса ойын басталды.

.Сау бол көбелек.

Балалар көңіл күйлерің қалай?

Енді музыкалық сергіту жаттығуын жасайық.

Қане балалар екі қолымызды, жоғары көтереміз.

Оңға иілеміз, солға иілеміз.

Енді орнымызда тұрып айналамыз.

Оңға қадам жасаймыз, солға қадам жасаймыз

Гүл болып гүлімізбен бірге тербелеміз.

Орнымызда отырып, тұрамыз.

Жарайсыңдар балалар орындарыңа отыра қойыңдар



Балалар бүгінгі оқу қызметімізге белсенді қатысқан балаларды бес жұлдызша арқылы бағалаймын. \бес жұлдызша тарату\

Күтілетін нәтиже:

Гүлдерге қамқорлықпен қарауды білдік. Су құйып, топырағын қопсытып, жапырағын сүртуді білді. Гүлдер адам денсаулығына пайдалы екенін білдік. Гүл адамдарға қуаныш сыйлайды. Гүл бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Көбелек жәндігімен қимыл қозғалыс ойынын ойнай алдыңдар. Гүл теру, түстерін ажырату. Үлгіге қарап бөлме гүлдерін жапсыра алдыңдар және бояумен жұмыс жасадыңдар. Сергіту жаттығуын жақсы жасай алдыңдар рахмет балалар сендерге.



Қортынды:

Гүлдер –гүлдер қызыл гүлдер,

Гүлдер - гүлдер, жасыл гүлдер.

Өсе берші нұрланып,

Өсе берші ырғалып.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық. Рахмет балалар сендерге.

Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ