Күні:10.03.2017Сынып: 1 «Ә» | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ойын ережесін құра аламын. Ч дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлеріБағалау критерийлері | Білім алушы Әріптерді таниды және ажыратады. Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды. Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенінанықтайды. Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | чемпион |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басыЫнтымақтастық атмосферасын қалыптастыру5 минут | Біз балдырған баламыз,Құстай қанат қағамыз.Дүниені аралап,Оқып білім аламыз.Көзді салып қараңыз,Былай қанат қағамыз./Б.Бөрiбаев/– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!Бүгін барлығымыз осы сабақта спорттық сайыстарға қатысып, ұпайларды көп жинауымыз керек. Сабақ бастамас бұрын 3 топқа бөлінейік. Оқушылар суреттер арқылы үш топка бөлінеді.І топ БоксшыларІІ топ БалуандарІІІ топ Таэквондашылар-Ал олай болса, жарысты бастамас бұрын мен сендерге ойынның шартын түсіндіріп өтейн. Әр ойыннан жеңіске жеткен топтарға алтын, күміс , қола медалдар беріп отырамын. Жарыс соңында кай топ чемпион болғанын білеміз. Ол ұпайды біз қоржынымызға салып отырамыз. Әр қатардың аты жазылған қоржындар ілініп тұр. Ал сендердің ұпайларың мына медалдармен бағаланады.. Сондықтан сабаққа белсенді, тәртіпті қатысуымыз керек. |
Шаттық шебері
|
Сабақтың ортасы8 минут
| Қызығушылықты ояту. Слайдтан спортшы Серік Сапиевтің фотосын көрсету. -Балалар, мына суреттегі адамды танимыз ба? Ол кім? (Серік Сапиев) -Ол немен шұғылданады? (спортпен) -Қандай спорт түрімен шұғылданады? Қандай жетістігі бар?(білгендерін айтқызу) Әңгімелей отырып, ол туралы қысқаша мәлімет беру. Серік Сәпиев Қарағанды облысының тумасы. 11 жыл бойы боксты жанына серік еткен 28 жастағы Серік 2005,2007 жылы екі мәрте Әлем чемпионы, 2007, 2009 жылы Азия чемпионы , 2010 жылы Азия ойындарының чемпионы атанған. Лондон-2012: Қазақстан қоржынында 7-ші алтын, Серік Сәпиев - Олимпиада чемпионы. Қажымұхан деген атамыз бар күрестен әлем чемпионы атанған. Мұстафа Өзтүрік шығыс жекпе жегінің таэквандо түрінен 7дүркін әлем чемпионы. Бұларды біз бір сөзбен чемпиондар деп атаймыз.- -Тамаша! Балалар, енді осы чемпион деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? №1 Оқылым.Чек чемпион чемодан , почта «Күрес» Жұппен жұмыс . Әр жұп сөздерге дыбыстық талдау жасап бір – бірін тексереді .
Сөздердің сызбасын жасап дыбыстық талдау жасау .
№2 Ертегіні рөлге бөліп оқыңдар.Топ бойынша ой бөлісу.Шаян шынымен чемпион ба? Қайсысы чемпион? |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
Сергіту сәті1 минут | Әліппе әні |
|
Аяқталуы16 минут
Қызықты тапсырма8 минут
| 3. «Қақпаға допты сал» ойыны «Бірлесіп жазу» әдісіІ топ. Әріптерді тап.
ІІ топ . Шашыраған сөздерді орнына жайғастыр .
ІІІ топ. Адасқан буындардан сөз құрайды .
4. Кім мәреге бірінші жетеді.
6. Дәптермен жұмыс. Ч ч әрпін көркем етіп жазу 5.Ойын “Бинго” (алдын – ала әзірленген “чек” бойынша ойналады)Ойынның мақсаты: балаларға еңбектің наны тәтті екенін түсіндіру, шапшаңдыққа үйрету. Сөйлеу қабілетін, тілін дамыту. Берілетін сұрақтар:Дыбыстар нешеге бөлінеді?Буын қандай дыбыс арқылы жасалады?Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?Сенің есімің қандай дыбыстан басталады?А дыбысына сөз ойла.Сен қай ауылда тұрасың?Б дыбысына сөз ойла.Бәздің тіліміз қандай тіл?П дыбысына сөз ойла.Ащы сөзіне ұарама қарсы сөз ойла.Чемпион сөзін буынға бөліп айт.Екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалатын дыбыстар.Х дыбысына сөз ойла.Чемодан сөзін буынға бөліп айт.Қ қандай дыбыс?Қоян сөзінде неше дыбыс бар?Біздің туымыздағы ою нені білдіреді?Бүгін қандай күн?Бір аптада неше күн бар ?Қорытынды жеңізке жеткен топты анықтау.Марапаттау. Дескриптор Білім алушы берілген сөздерді оқиды; - сөзді кестедегі әріптердің арасынан табады және бояйды. - ертегі не туралы екенін анықтайды; ертегіге сәйкес суретті белгілейді; ертегі кейіпкерлерінің арасындағы диалогті ролге бөліп оқиды. |
Оқулық, дәптерлер.
|
Сабақтың соңы2 минут
| Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау. |
Кеменің суреттері |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
| Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету.Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
| Өнер, ана тілі сабағыОқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |