Ашық сабақ : Фортепиано аспабымен таныстыру және нота сауаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ : Фортепиано аспабымен таныстыру және нота сауаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланға толықтай Фортепиано аспабымен таныстыру , фортепиано аспабында ойнауды үйрету және нота уйрету, нотасын сауатын толықтай түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 Балалар музыка мектебі







Бекітемін

1 БММ директоры

_________Исаналина Л.Н.





Ашық сабақ

Тақырыбы : «Фортепиано аспабымен таныстыру және нота сауаты»









Мұғалім : Садирбаева Г.Е.







Ақтөбе қаласы 2021жыл

Тақырыбы: Фортепиано аспабымен таныстыру және нота сауаты
Мақсаты:
• Клавиатурамен таныстыру;
• Ноталардың орналасуын көрсету;
• Ноталардың созылу белгілерін көрсету;
Көрнекілігі: Плакаттар, суреттермен нота әдебиеттер.
Барысы:
І. Ойнау арқылы балаға түсіндіру.
Бала ойнау арқылы музыка сауатын үйренеді.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1.
Барлық басқыштарды атауларымен айтып шық. Әрбір сегізінші басқышта қандай дыбыс қайталанады?
- До.
- Дұрыс.
- До мажор гамманы жоғары қарай ойна.
- до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Жоғарыдан төмен қарай ойна.
- До, си, ля, соль, фа, ми, ре.
- Өте жақсы!
- Екі қара басқыштың сол жағындағы басқыш қандай?
- До
- Үш қара басқыштың сол жағындағы басқыш қандай?
- фа
- Барлық клавиатуралардан көрсете қой.
- Жақсы!
2.- Бүгін сабақты жалғастыра отыра клавиатурамен танысамыз. Егерде ми нотаны ойнап кейін до ойнасақ. «Чи - жик» деп шақырғандайсың. Ән осылай басталады. Енді, өзің ойнай ғой ми - до. Осылай «Чи - жик» - ті бүкіл клавиатурадан ойнауға болады. Өзің ойнап және санап қарашы «Чи - жик» - ті неше рет шақырдың?
- Жеті рет
- Қарашы, «Чи - жик» - ті сол жақтан шақыруға болады. Бұл жақта төмен дауыс - бас деп айтамыз. «Чи - жик» - ті оң жақтан жіңішке дауыс шығарады. Ең жіңішке дауысты құстың дауысына теңеуге болады. Оң жақтағы «Чи - жик» дауысы жіңішке, ал сол жақтағы «Чи - жик» даусы жуан.
- Енді еске түсірейік, фа дыбысы қандай жерде тұр?
- Үш қара басқынтың сол жағында. Фа - дан кейін соль дыбысы болады. «Фа - соль» енді клавиатурадан неше рет «фа - соль» кездеседі?
-«фа - сол»- да 7рет. «Чи - жик» - те 7 рет.
- Сен білесің до - дан бастап жеті дыбыс ақ клавиатурамен келесі до - ға дейін ойнасаң, до - дыбысы жағы қайталанады. Сол себептен до мен келесі до дыбыстың аралығын октава деп айтамыз. Бүкіл жіңішке дыбыстар «скрипка»елінде, ал барлық жуан дыбыстар «бас» елінде. Әрбір елдің аумағы бес сызықпен жазылған, ноталарда осы бес сызықта тұрады және сызықтар арасында (сызықтар үстінде және сызықтар астында) тұрады. Осы ноталардың үйлері кілттеулі, оларды ашу үшін әр елдің кілттері бар. Олар: скрипка - елі - скрипка - кілті
Бас елі - бас - кілті.
- Қане, енді скрипка кілтін жазайық. Скрипка кілті екінші сызықтан бастап жазылады.
- Қане, айта қойшы, кемпірқосақ неше түстен тұрады?
- жеті
- Дұрыс, ендеше ноталардың қайда тұратынын әр түстермен бояп жазайық.
До - қызыл
Ре - сарғыш
Ми – сары
Фа – жасыл
Соль – көкшіл
Ля – көк
Си – сиякөк
- Дыбыстарды жоғары және төменгі деп бөлеміз. Сол сияқты дыбыстарды ұзақ және қысқа деп атаймыз. Ең ұзақ дыбыс - бүтін, әрі қарай жарты, төрттік, сегіздік және он алтылық болады. Әр дыбыстың ұзақтылығын есте сақтау үшін, мынандай ойынды көзіміздің алдына елестетейік. Сен жанұяңмен әжең, мамаң, папаң, сен және итің баспалдақпен жоғары көтеріліп келесің. Әжең әр баспалдаққа төрт рет демалады (бүтін нота), ала мамаң әр баспалдаққа екі рет демалады (жарты нотамен), папаң әр баспалдаққа бір рет демалады (төрттік нота), ал сен әр баспалдаққа екі рет демаласың (сегіздікпен), ал сендермен итің төрт баспалдаққа бір рет демалады( он алтылық). Енді түсінікті ме, қай нота ұзақ, қай нота қысқа екенін?
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
- Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Клавиатурада қанша «Чи - жик» бар?
- Қанша фа - соль бар?
- Октава дегеніміз не?
- Ноталар қайда жазылады?
- Ноталар ұзақтылығын қалай санаймыз?

Бағалау.
Үйге тапсырма беру:
- Скрипка кілтінде І октавадағы ноталарды жаттау.
- Ноталардың ұзақтылығын жаттау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2021
2228
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі