Сабақ жоспары №2 9 сын.
Технология
Сабақтың
тақырыбы: Күбе мен сандықты жасау
технологиясы
Сабақтың
мақсаты:
1.Қазақ халқының қолөнер
туындыларының шығу тарихы мен жасалу технологиясымен
таныстыру
2Ата-кәсіпті қайта
дамыту,оқушылардың практикалық әрекеттерін жетілдіру, ой-өрісін
дамыту.
3.Оқушылардың
жаупкершіліке,жүйелі еңбекке,өз бетінше жұмыс істеуге
тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа
сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,
сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс
Көрнекіліктер: суреттер,
құралдар, сандық,ағаш,сүргі,қаңылтыр
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушыларды түгендеп,олардың
арнайы киіміне көңіл бөлу,құрал-жабдықтарды, жұмыс орнын
дайындау.
Психологиялық
сәті
Топқа
бөлу
ІІ.Үй тапсырмасын
тексеру.
ІІІ. Мақсат қою
кезеңі
-Қымбатты балалар бүгінгі
сабақтың тақырыбы «Сандық жасау технологиясы». Сабақта үй шиһазы-
сандықты жасап үйренеміз. Сендердің практикалық әрекеттерін
дамытамын, шеберліктерін арттырамын.
Ал енді балалар биыл
тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл толды. Сіздер қалай ойлайсыздар,
тәуелсіз елімнің тұлғасы қандай болуы
керек?
Кластер
толтыру.
|
еңбекқор
|
|
шебер
|
|
|
|
Тәуелсіз елімнің
тұлғасы
|
|
|
өнерлі
|
|
сауатты
|
Балалар жаңа сабақты бастамас
бұрын кім сұраққа жауап береді. Қолөнер дегеніміз
не?
Тізбектей сұрау»
әдісі:
Қойылған сұраққа беріліп
жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай
басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін
аудару және байқағыштығын дамытуға
пайдалы.
Мақсат пен тақырыбымен
таныстыру
ІV.Жаңа
сабақ.
Мұғалімнің
сөзі
-Сандық – ата-баба мұрасы.
Сандық әртүрлі бұйым салуға арналған ағаштан жасалған үй жиһазы.
Үлкен сандықтардың ұзындығы 90-100 см, биіктігі мен ені шамамен
45-50 см, жұқа қарағай тақтайдан жасалған. Олардың сырты түгелдей
қызыл, жасыл немесе көк бояулармен боялып, бет жағы ою-өренктерді
кесу арқылы сүйекпен безендірілген. Ол жез, күміс, алтын және түсті
тастармен де әшекейленеді. Оның аузы аспа құлыппен немесе құпия
бітеу құлыппен бекітілген.
Қолөнерге шексіз бай қазақ
халқының үй жиһаздарының ішінде сандық ежелден үш түрде жасалып
келген киім-кешек,әр түрлі уақ-түйек бұйымдар сақтау үшін
үлкенді-кішілі қолсандық,әбдіре және жағдан
пайдаланған.
Жағдан – азық-түлік не
киім-кешек салатын, теріден істеп, сыртын қаңылтырмен
шегендегенсандықтың көне түрі. Кей жерде оны жағылан деп те атайды.
Ол Қазақстан оңтүстік өңірінде XVIII-XIX ғғ. кең
тараған.
Сандықтың
түрлері
Жағдан
|
Әбдіре
|
Қол
сандық
|
Азық-түлік, киім-кешек салатын
қаңылтырмен, теріден, күміспен шегеделген. Сандықтың көне
түрі
|
Киім-кешек салатын үлкен
сандық
|
Қыз-келіншектердің ине-жіп,
айна-тарақ, әтір-сабын, уақ-түйек сақтауға арналған қол
сандық
|
Кәдесыйлық қол сандықтың
жасалу технологиясы үлкен сандыққа қарағанда едәуір жеңіл. Ол 8
бөліктен тұрады: сандықтың негізі, қақпағы, құлып тілшесі,
топсалары, тұтқалары, асты, аяқтары, екі жаны. Қазақстанның барлық
аудандарында тараған бұйымның бірі – қол сандық. Ол бойжеткен
қыздарға арнап жасалады. Ол қыз ұзатылғанда жасалу құрамына
кіреді.
Сандық әртүрлі бұйым салуға
арналған ағаштан жасалған үй жиһазы, мүлік. Киім-кешек, әртүрлі
уақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенділі-кішілі қол сандық, әбдіре
және жағдан сандықтары пайдаланылған.
VI. Жаңа сабақта түсінгенін
тексеру кезеңі
1. Шеберлік пен шешендік.
Мақал-мәтелді жалғастыр.
1. Еңбек – түбі -
..........
2. Еңбексіз өмір жоқ, ауырсыз
жеңіл ...........
3. Бейнет, бейнет түбі -
...........
4. Еңбек ширатады, өмір
...........
5. Шебердің қолы
..........
2. Балалар сандықты жасау
технологиясы қандай? (түсіндіреді ,
көрсетеді)
1 кезең Технологиялық карта
бойынша өлшем арқылы сандықтың бет жағын және артқы екі жағын
бірдей жасаймыз.
2
кезең
Берілген өлшем арқылы
қақпақтың екі жағын бірдей жасаймыз
3
кезең
Сандықтың бет жағына түсетін
оюды қағаздан ойып,қаңылтырға түсіреміз.Сандықтың жиегіне бұрыштық
қиып дайындаймыз.
4
кезең
Шеку шегесі (чекан) және
балғамен алдын ала қаңылтырға түсірілген өрнекті чеканка
тоқылдақпен бұдырлап шеку түзетеміз.
5
кезең
Жасаған бөлшектерді
құрастырамыз.Алдымен қорабы мен қақпағын жинап,шегелеп,содан соң
қораптың бет жағына чеканка орнатамыз.Жиектеріне бұрыштық,екі
бүйіріне тұтқа тағып,топсалары мен алқасын
бекітеміз.
(Мұғалім оқушылардың
тапсырманы орындау барысында қателерін түзетіп,білімдерін талдап
қорытады)
VII. Бекіту
кезеңі
1. Сарамандық
жұмыс
1. Оқушылар берілген өлшем
арқылы сандықтың бөліктерін жасайды.
2.Алдымен жұмысты бастамас
бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік:
а) жұмысқа қажетті
құрал-саймандарды түгендееп, мұқият
тексер;
б) дайындаманың дұрыстығын
тексер
в) нұсқау карта бойынша әр
амалдарды кесу, біріктіру жұмыстарын тиісті құралдармен
атқару.
3. Сандықты ою-өрнекпен
әшекейлеу.
4. Балалар неді жарнаманы
дайындап, жасалған сандықты қалай сатуға
болады?
а) өнімнің
белгісі;
ә) жарнамалық
сөздік;
б) фирманың
аты;
в)
мекен-жай;
г)
бағасы.
5.
Түйін.
«Сиқырлы сандық»
ойыны.
Деңгейлік тапсырмаларды
орындау.
1. Сандық қандай
мүлік?
2. Сандықтың қандай түрлері
бар?
3. Сандықты нртеде қалай
безендірген?
6.
Бағалау
VIII. Үйге тапсырманы
беру.
«Қазақ халқының тұрмыстық
бұйымдары» тақырыбына реферат жазып,
қорғау.