Материалдар / Ашық сабақ : Мен Азаматпын 4- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ : Мен Азаматпын 4- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2020
366
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Мұғалімі: Раушанова Гулшат
Сыныбы: 4
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Мен Азаматпын
Құндылығы: Ақиқат
Қасиеттері: Әділдік, адалдық, шыншылдық.
Мақсаты: Оқушыларға азаматтық парыз туралы түсініктерін
кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға әділдік ұғымы туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы шыншылдық
қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адал болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Т – ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап,
оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты
сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Тыныштық сәті:«СУ АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ»
Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң
теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың
жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң
аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың:
ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз
түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені
шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр,
мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында
жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай
керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі
жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне
бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама
ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар.
Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені
байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы
тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға
жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және
тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай
әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне
шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан
түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны




5-т ережесін
айтады






Топқа бөлінеді






Сұрақтар


Page 2

үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан
соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда
сақтауға тырысыңыз.

Топқа бөлу.
1. Туған ел.
2. Атамекен
2. Үй тапсырмасы.
Келесі сабақ. №24 – сабақ, «Азамат» мәтінін оқып келу
Сұрақтар:
• Серіктің азамат бола бастағанын неден байқауға болады?
• Нағыз азамат болу қандай іс-әрекеттерден бастау алады деп
ойлайсыңдар? Неліктен?
• «Азаматтық парызды дұрыс орындау» дегенді қалай
түсінесіңдер?
• Азаматтық парызын дұрыс орындап жүрген қандай адамдарды
білесің? Айтып бер.
• Өзіңді азаматпын деп санайсың ба? Неліктен? Айтып бер.
3. Сабақтың дәйексөзі.
Парыздан биік шың жоқ.
Бауыржан Момышұлы .
Сендер Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырсыңдар.
Сондықтан әрқайсың өз Отанымызды сүйіп адал қызмет етулерің
қажет. Отанға адал қызмет ету сендердің парыздарың. Ол үшін
жақсы оқып, тиянақты білім алуларың керек. Балалар
- елінің беделін көтеретін;
- елінің атын шығаратын;
- елінің қамын ойлайтын;
- елі үшін еңбек ететін;
- елі үшін өмір сүретін - нағыз азамат сендерсіңдер!
Мен сендерге сенемін!
Дәйексөз
4.Мұғалім сыйы. Видео көрсету. « Адалдықтың өтемі»
Оқушыларға сұрақтар қойылады.
1. Абзал баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді
көрдік.Адал еңбек етуді, турашылдықты, шынайылықты,
ешкімді алдамауды.
2. «Адалдық адамға нан болмайды »- деп айтқан етікшінің
сөзін дұрыс деп санайсыңдар ма? Жоқ . Себебі әр адам адал
еңбекпен табыс табуы керек. Дұрыс еңбек ету керек.
3. Етікші өзінің ел алдындағы азаматтық парызын өтеді ма?
Жоқ өтеген жоқ.

Мұғалім сыйы
5.Дәптермен жұмыс.
Тірек сөздерді қолданып, «Нағыз азамат» тақырыбында
шағын әңгіме жаз.
- Азаматтық парыз
- Көмек беру
Оқушылар
шағын
әңгіме жазады


Page 3

- Жақсылық жасау
- Өз парызын түсіну
- Еңбек ету
- Риза болу
- Азамат болу
- Алғыс білдіру
6.Сахналық көрініс. Кітаптағы Борыш пен парыз мәтіні.

Сахналық
көрініс
7.Топтық жұмыс.
Туған ел тобына Азамат сөзінің әрбір әріпіне сөз жазу
Атамекен тобына Парыз сөзінің әрбір әріпіне сөз жазу
топтық жұмыс
8. Жаңаны білеміз: Отан сүйер ұлан бол! Б.Момышұлы
Мен немере сүйіп отырған адаммын.
Балаларды өте жақсы көремін.
Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты
болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген
адаммын.
Мен де адаммын жарлаған сүйек, еттен,
Арым бар, намысым бар жан тербеткен.
Қазақтың қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
Балаларыма немере шөберелеріме айтар жалғыз тілегім:
Елді сүйер ұлан болыңдар!
Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер!
Бауыржан аталарың сендерге үлкен азамат болып өсіңдер дейді!
Балалар сендер Еліміздің болашағысыңдар!
Еліміздің көк туын аспанға желбірететін нағыз азамат болып
өсіңдер!
Жаңаны
білеміз
9. Сабақтың қорытынды сәті.
Мен азаматпын күн күлтешесіне бүгінгі сабақтан алған
әсерлерімізді жазамыз.



Қорытынды
10. Үйге тапсырма.
112- беттегі «Құмды дала қызығы» мәтінімен танысып келу


11. Топпен ән айту.
Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні
Топпен ән айту





Page 4



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!