Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
АШЫҚ САБАҚ " ТҰЙЫҚ ЕТІСТІКТІҢ ТҮРЛЕНУІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пән мұғалімі: Г.Қосқараева
Тақырыбы: Тұйық етістіктің түрленуі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тұйық етістіктің түрленуінің ерекшеліктерін ұғындыру
Дамытушылық: ауызша жазбаша жаттығулар, үлестірмелі карточкалар, сабақты пайдаланылатын мәтіндер арқылы тұйық етістікті тапқызу, жан-жақты талдау, оқушы ойын дамыту.
Тәрбиелік: сабақта пайдаланылған мәтіндер, мысалдар арқылы адамгершілікке ,ұлтының салт –дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Көрнекіліктер: плакат, интербелсенді тақта,үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
- Қазір бізде қазақ тілі сабағы. Оқу құралдарымызды алып, оқушы ережесіне сай отырайық.
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Сабақта кім жоқ?
Сабағымызды Ф.Оңғарсынованы еске алумен ,өлең шумақтарымен бастаймыз 3 минут
Сыныпты үш топқа бөлемін.Әр топ басшы бағалау парағына бағаларын қойып отырады.
Үй тапсырмасын тексеру:
- Ал, балалар үйге қандай тапсырма берілді?
( оқушылардан кезектесіп үй тапсырмасын сұрау) 10 минут
Жаңа сабақ. 5 минут
- Сонымен оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымызды бастайық.
- Ендеше бүгінгі күнді жазып, жаңа тақырыпты жазып қойыңдар. Жаңа сабағымыздың тақырыбы «Тұйық етістіктің түрленуі».
Плакат арқылы түсіндіру.
- Тұйық етістік- етістіктің ерекше түрі. Ол етістіктің өзге түрлері сияқты емес. Етістіктің шақ және рай категориялары жақпен , шақпен байланысты болғанын көрдіңдер. Ал, тұйық етістік шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Тұйық етістік етістіктің атауы ретінде ғана қолданылады. Мәселен, бару, жүру, тұру етістіктері бару, жүру, тұру қимылдарының атын білдіріп тұр.
Жаңа сабақтың маңызды белгілерін ажырату.
- Ал, балалар қандай маңызды белгілері бар екен, байқап көрейік. Барлығымыз интербелсенді тақтаға назар аударайық.
Тұйық етістіктің септелу үлгісі
1
А.с бару сөйлеу айтуы көрулері келуім
2 І.с
барудың сөйлеудің айтуының көрулерінің келуімнің
3 Б.с
баруға сөйлеуге айтуына көрулеріне келуіме
4 Т.с
баруды сөйлеуді айтуын көрулерін келуімді
5 Ж.с
баруда сөйлеуде айтуында көрулерінде келуімде
6 Ш.с
барудан сөйлеуден айтуынан көрулерінен келуімнен
7 К.с
барумен сөйлеумен айтуымен көрулерімен келуімнен
Тұйық етістіктің тәуелдену үлгісі
1
І жақ келуім келуіміз келулеріміз
2
ІІ жақ келуің келулерің
келуіңіз келулеріңіз
3
ІІІ жақ келуі келулері
1-тапсырма 10 минут
Мәтінмен жұмыс.Мәтінді мазмұндаңдар.Тұйық етістікті тауып,қандай жалғау түрлерін қабылдап тұрғанын айт.Синквейн жазамыз.
Үкі тағу (1-топ)
Әсемдік үшін үкінің үлпілдек жүнін тағу. Дәстүрлі қазақ қоғамында үкі қасиетті құс саналған. Сондықтан халық үкі қауырсындарын жас нәрестенің бас киіміне, бесігіне таққан. Қасиетті құс сәбиді жын-шайтаннан қорғайды, оның тыныш ұйықтауына септігін тигізеді деп сенген. Осыдан келіп, қыздар мен сері жігіттер бас киімдеріне, жас келіндер екі бұрымына сәндікке Үкі тағуды дәстүрге айналдырған. Үкі көбіне қыздардың бас киімдеріне (тақия, сәукеле, т.б.) тағылған.
Қыз ұзату (2-топ)
«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата-ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата-ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі.
Қызды алуға құда бес не жеті, кейде одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу жолдас болады. Солтүстік және Орталық Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын-сауық, құдалық рәсімдер мен кәде жоралар жасалады. Жақын адамдар құданы үйіне шақырады.
Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу жырын», жастар «Жар-жар», «Ау жар», «Аушадияр» айтылады
Қазақтың дастарханы (3-топ)
Қазақ өзінің кең пейіліне қарай дастарқанын да кең жайып ұстайды. Келген қонаққа жаятын дастарқанның да рет-реті, қонаққа тартатын табақ түрлері де бар. Сөйтіп, қайтсе де дастарқанын майлы, қонағының көңілін жайлы етеді. Қазақтың қонақ сыйлау, ас ұсыну жолында келген қонақтарды жасына қарай реттеп отырғызатын салты да бар.
Бас табақ. Дастарқанның ең сыйлы мәзірі. Атына сай онда сойылған қойдың басы тұруы шарт. Қой соярдан бұрын тірі малды есіктен алып кіріп, төрде жайғасып отырған
қонақтарға басын қаратып тұрып бата сұрайды. Бас табаққа қойдың басын, жамбасын, ортан жілігін, арқасын, сүбе қабырғасын, жауырынын, белдемесін, кәрі жілігін, тоқ ішегі мен бүйрегін, сирағымен түгел табаққа салып тартады. Сыйлы қонақ өзіне тиесілі еттен таңдағанын турап жей отыра, төменгі табаққа бас табақтан жілік ұсынуды да ұмытпайды.
Орта табақ. Бұл — қазақтың қонақ күту жолында, сый-сыбаға табақ тарту, ас ұсыну дағдысында үйге көп қонақ келгенде, бір қойдың етін түгел асады да, бас табақтан қалған кәделі жіліктерінен үлкендерден кейін отырған жасы кішілеу қонақтарға тартады. Мұны қазақ кәдесінде ”Орта табақ” деп атайды.
Сый табақ. Қазақтың қонақ шақыру, қонақ күту кәдесінде жіліктердің де өзіндік жолы, жоралғысы болады. Сыйлы қонаққа, жасы үлкен қарияларға, құда-құдағиларға арнап ”Сый табақ” тартады. Сый табаққа малдың басы, жамбасы, жылқы еті болғанда жал-жая, қазы-қарта, белдеме, омыртқа секілді жылы-жұмсақ еттер асады. Сиыр-түйе сынды ірі қара болғанда белдеме, жая, өркеш, омыртқа, қарын-сұрын, қыймай асылады. Ең дәмді, майлы жіліктерді молынан салып тартса «Сый табақ» осы болады. Мұндай мол табақты кейде ”Төре табақ”, ”Құда табақ” деп те атап жүр.
Қонақтардың ат-атағына қарай тартылатын табақты түр-түрмен атап, әрбіріне өзінің сыйлы, кәделі жілік-мүшелерін тартатын салт бар. Мысалы, ”Күйеу табаққа” асық жілік, төс, сүбе қабырға, тоқ ішек салады. ”Қыз табаққа” төркіндеп келген қызына арнап сойған малдың жамбас, асық жілік, жауырын, белдеме, тіл-жақ, жүрек-бауыр, бүйрегін салады. Осылайша арнайы табақ тартуы — ”Қыздан қызық қалсын, көңілінде сызық қалмасын, сыз қалмасын” дегенді білдіреді. ”Жеңге табаққа” қойдың жамбасын, жауырынын, арқа-белдемесін, сүбе қабырғасын жүрек-бауырын, тоқ ішегін, қарын-бүйректерін салады. Оның да өзіндік тілі бар: Бауыр-жүрек, бүйрек салуы — қайыныңды бауырыңдай көрсең жүрегің бұрылып тұрар дегені. Ал жамбас асуы — жолың үлкен, шеше орнында сыйлаймыз дегені, қарын асуы — ішек-қарнымыз аралассын, сыр жасырыспайық дегені.
Табаққа да арнайы атау таққан қазағымыз ”Жезде табақ”, ”Құрдас табақ”, ”Бала табақ” дегендерді де ұмытпаған.
Осындай табақ тартылған сыйлы қонақтар үй иелерінің үлкен-кішілеріне өзіне тартылған табағынан арнайы жілік ұсынуды да ”Сыйға сый” ізеттіліктің белгісі, тамақтағы етті тек жеу үшін деп емес, көңіл-құрмет үшін деп те түсінгенін паш етеді. Содан, ”Бас ұсыну”, ”Құлақ ұсыну”, ”Тіл ұсыну”, ”Көз ұсыну”, ”Таңдай ұсыну” деген әдемі әдеттер әлі әдетімізден қалған жоқ.
2- тапсырма . Дәптермен жұмыс. ( 6 минут)
1-топ
1. Керекті сөздерді орнына қойыңдар: тыңдаушы,көсеу ,оқу,алуға тұйық етістіктерінің заттық немесе қимылдық мағынада қолданылып тұрғанын айт
... ұзын долса,қол күймейді.
...инемен құдық қазғандай .
Айламенмен арыстан...болады.
Айтушы ақылды болса,...дана болады.
2. Келуі тұйық етістігін септеңдер.
2-топ
1. Керекті сөзді қойып ,тұйық етістіктің заттық немесе қимылдық маңынада қолданылып тұрғанын айт.Керекті сөздер:жету,кету,біту,ұту.
Қыз мұраты ...
Сауда мұраты...
Жол мұраты ...
Дау мұраты..
2. Бару етістігін септеңдер
3-топ
1.Сөздерді тұйық етістік етіп жазыңдар:тый,үй,жат,қу,бұқ ,жай, бақ.
2.Көмектесу етістігін тәуелдеңдер
3-тапсырма.Кім тапқыр? (3 минут)
Мақал-мәтелдің жалгасын тап.Фразеологизмдердің мағынасын анықтау (.Интербелсенді тақта арқылы)
Қорытынды:
4-тапсырма
1 Тұйық етістіктің септелуі (Шуақты күн әдісі арқылы қорғау)
2 Тұйық етістіктің тәуелденуі
3 Тұйық етістіктің негізгі белгілері(6 минут)
Бағалау.Рефлексия.(2 минут)
Үй жұмысы: 211-жаттығу