Материалдар / Ашық сабақ. А.Алтай "Прописка" 6-сынып. Әдебиет пәні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. А.Алтай "Прописка" 6-сынып. Әдебиет пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне сабақ жоспарын құруда көмегі тиіп қалар, - деген ниетпен салып отырмын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2021
571
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша Қысқа мерзімді жоспар 6– сынып.4-тоқсан


Бөлім:

4 бөлім:ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ҰЛЫ ҰҒЫМ

Мектеп

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті 85 мектеп

Педагогтің аты-жөні:

Жакипова Назира Оразхановна

Күні:

15.04.21ж

Пәні :

Қазақ әдебиеті

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

А.Алтай «Прописка»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.3.1 Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;

6.2.2.1 Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;

Сабақтың мақсаты:

-әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды;

пикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтайды;

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі Бір-біріне Тәуелсіздік туралы сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.




Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Айтылым.


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

1-тапсырма

Ақыннның өмір жолымен танысады.

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығады. Түсініктерін айтады

Жазылым.

Мұғалім берген ақпарат көмегімен өз түсінгендерін кестеге түсіріп, жазады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- Мұғалім берген ақпарат көмегімен өз түсінгендерін кестеге түсіріп, жазады.


Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК


Шығарманы мәнерлеп оқиды.

Айтылым. Топқа бөлініп әркім шығарманы оқып шығады Сұрақтарға жауап береді

Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

- Топқа бөлініп әркім шығарманы жатқа айтады. Сұрақтарға жауап береді.


Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК


2-тапсырма.

Көркедегіш құралдар туралы мәлімет беріледі.

Лирика – поэзияның негізгі үш (эпос, лирика, драма) түрінің бірі. Көлемі жөнінен эпосқа қарағанда әлдеқайда ықшам, қат-қабат оқиғалы сюжеті жоқ, одан гөрі отты сезім басымдау, композициясы бас-аяғы жинақы бір алуан ойға құрылады. Лириканы идеялық-тақырыптық негізіне сай, мазмұнына қарай топтап, бірнеше салаға бөлу орынды: саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы... Лирикалық образ – сыршыл өлең-жырлардағы ақынның бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен – нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер.

Айтылым.

4-тапсырма.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.


-сұрақтарға жауап береді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


.

Үйге: Мәтінді оқып, мазмұндап келу

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!