Материалдар / Ашық сабақ Абай - дана, Абай - дара, қазақта!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Абай - дана, Абай - дара, қазақта!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы қазақ даласының ақыны Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына орай, ақынның өміріне шолу жасау. Тәрбиеленушілерді Абаймен ұлы тұлға ретінде таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
642
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ақ ниет» мектеп- интернаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Игисинова Гульнара Абдикаримовна

Қатысушылар: 6 сынып оқушылары

Тақырыбы: «Абай, дана-Абай, дара қазақта!»

Өткізілетін күні: 13.04.2020ж. Өткізілетін уақыты: 10.00-11.00. 6 сынып оқушылары.

Мақсаты: Ұлы қазақ даласының ақыны Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына орай, ақынның өміріне шолу жасау. Тәрбиеленушілерді Абаймен ұлы тұлға ретінде таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: тәрбиеленушілер  қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен нақыл сөздерімен таныстырып өлеңді мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандыру;

Дамытушылық: тәрбиеленушілердің  дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту,жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

Тәрбиелік: тәрбиеленушілерді  адамгершілікке, адалдыққа,талапты болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көркемдігі: Абай портреті, слайд, бейнероликтер, эпиграф жазылған плакаттар,кітап көрмесі,Абай туралы жазылған нақыл сөздер.


Техникалық жабдықталуы: Ноутбук, проектор.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі және әдебиеті,тарих,ән сабағы.


Сабақтың барысы:

1)Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

б) Сәттілік тілеу

Ережені қалай сақтау керек,

Тыныштық сақтау,

Бір-бірімізді тыңдау

Ойымызды толық айту

2)Кіріспе бөлімі.

а) Ой шақыру, Абай өміріне шолу. «Абай,ол кім?»

3)Негізгі бөлімі.

а) «Абай- дана, Абай-дара қазақта» (Челлендждерден үзінді)

ә) «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» (Өлеңдері мен қара сөздері)

б) «Болмасаңда ұқсап бақ» (Ән ,Көрініс)

в) «Құлақтан кіріп,бойды алар» «Көзімнің қарасы әні»

3) Қорытынды, рефлексия

а) «Өшес мұралар» кітаптар көрмесі.

ә) «Сезімге толы жүрекпен»


«Ата толғау» күйі қосылып тұрады














































Абай өміріне шолу. Слайд.

Слайд көрсетіледі


Қасым-Жомарт Тоқаевтің Абай Құнанбаевқа арнаған Челленджісі тақтадан көрсетіледі.











Ортада.

Тусекова Алуа Соснина Виктория
















































Көрініс:

Рөлде ойнайтындар: Жарқынұлы Ербаян,Болат Али.

































Қорытынды :







Кітаптар көрмесі: Аманова А.И.









Қорытынды сөз:














Абай - дана, Абай - дара қазақта,
Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.


Тәрбиеші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар ұстаздар, әріптестер мен оқушылар! Бүгінгі біздің  «Абай - дана, Абай - дара қазақта» атты,ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге175 жыл бойы өмір сүріп келеді.


Құрметті оқушылар сабағымызды бастамас бұрын, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеп, бір-бірлеріңе «Ақ жүрегімізбен» жақсы лебіздерімізді білдірсек.

(Оқушылар жүректі бір-біріне беріп тілектерін білдіреді, тәрбиеші сабақ барысында мұқият тыңдап, бір-бірлерін сыйлап,тыныштық сақтауларын сұрайды.)

Тәрбиеші:

Парасатты болып туған, Шыңғыстаудың Абайы. Ән мен жырын мұра қылған, Сарыарқаның Абайы. Ақылменен дана болған, Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаева жырлағандай, Абай есімін естігенде есімізге не түседі? Соны мына күннің әрбір шапағына жазып көрсетейік.

АБАЙ ОЛ КІМ? Ұлы ақын,композитор,классик,аудармашы,Жазушы,дана, философ,Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.


Тәрбиеші: Балалар жалпы сендер Ұлы Абай Құнанбаев жайлы не білесіңдер. Абайдың өміріне қатысты деректерді еске түсіру.


-Абай-ақын,Абай –дана,ойшыл заман суреткері.

-Абай Құнанбаев 1845 жылы Семейден 180 шақырым жердегі Жидебай Шатқалында дүниеге келген

-Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткеннен кейін "Абай" атанып кеткен;

-Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – "Көзімнің қарасы";

-Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;

-Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;

-Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;

-Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;

-Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;

-Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;

-Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;


Тәрбиеші: «Абай өміріне шолу жасау,слайдқа назар аударту» Назарларыңызды тақтаға аударсаңыздар!




Тәрбиеші:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы шықты. Қараңғы қазақтың көзін ашқан Абай Құнанбайұлын өз дәрежесінде құрметтеу үлкен азаматтық деп білем.

"Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз.

Соның арқасында бүкіл Қазақстан Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Бұл – Абайға деген құрмет ,әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Абай жырларын оқу челленджі биыл, ақын мерейтойы тұсында жаңаша жанданады деп сенемін", - деп жазады мемлекет басшысы. (Челленждерден үзінділер көрсетіледі)

Біз өзіміздің челленджімізді «Ақ ниет мектеп-интернаты» тәрбиешілеріне арнап жібереміз. Қабыл алыңыздар! (Алуа мен Виктория челлендж «Құлақтан кіріп бойды алар» екі шумағын арнайды.) Рахмет балалар!

Тәрбиеші: Балалар Абай туралы тағы не айтуға болады? Еркінова Нұрай: 21 қаңтар күні біздің Облысымызда, Өскемен қаласында Абай Құнанбаевтің туғанына 175 жылдығын тойлау ресми бастама алды. Облыс орталығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және Тұңғыш президент Н.Ә. Назарбаевтің қатысуымен ашылды. Қазақ ақынының мерейтойын тойлау барысында ауқымды шаралар жыл көлемінде өткізілу барысында жалпы Республикалық жоспарлар әзірленуде. 2020 жыл Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына арналады. Туспекова Алуа: «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» Өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы,бітімі,тұрмысы,тіршілігі,дүниетанымы,мінезі,жаны,діні,тілі, рухы көрініс тауып кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Тәрбиеші: Абайдың қандай лирика,өлең тақпақтарын,қара сөздерін білесіңдер? Жаз,Күз,Қыс. «Құлақтан кіріп бойды алар», «Ғылым таппай мақтанба», Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге» (Оқушыларды тыңдау, талқылау) Сондай – ақ, Абай атамыздың 45 қара сөздері бар. Абай ата 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық, ойшылдық және көбінесе адамгершілікке өсиет, толғауға арналған .

Виктория: 18- қара сөзінен үзінді: Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылыми, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де ақымақтық. Шырайлым: 33-қара сөзі: Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерлік- қазақтың әулиесі сол.

Тәрбиеші: Ән: «Желсіз түнде жарық ай» Балалар әнді тыңдаған кезде кім қандай әсерде болды, жүректеріңмен нені сезіп,көре алдыңдар? Релаксация: Оқушылар көздерін жұмып әнді тыңдап,соңынан алған әсерлерімен бөліседі.

Ән: «Желсіз түнде жарық-ай» Орындайтын: Туспекова Алуа.

Келесі тамашалайтындарыңыз Көрініс. "Абай мен Әбіш" Автор.Абайдың Әбдірахман деген баласы Петербургте оқып, жазғы демалыста үйіне келеді. Абай баласының алғырлығын сынап білейін деп былай дейді.

Абай: Қалқам, Әбіш, осы әлемдегі ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?

Әбіш: Ақ зат асыл ғой.

Абай: Неге, қара зат асыл емес пе?

Әбіш: (күліп).Әке, қараны қалай асыл дейсіз?

Абай: Балам, біріншіден,адам баласы барлық нәрсені көзбен көреді емес пе.

Көздің ағы көрмейді,ортасындағы қарашығы көреді.Қараның асылына осы дәлел.

Екіншіден балам,қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне қара сиядан өнер-білім алады.

Үшіншіден: жас кезде адамның сақалы,шашы қара болады. Жас күнде адамда ақыл, білім,қайрат көп болады.Қартайғанда шаш, сақал ағарады. Қайрат та азаяды.

Балам, сондықтан мен қараны асыл ма деп ойлаймын.

Әбіш: Әке, оның бәрін қалай білдіңіз?

Абай: Ақылмен білдім, балам.

Әбіш: Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе! Екіншіден, ақыл-нұр, жарық зат. Ол да аққа ұқсамай ма.

Абай: Бәрекелді, балам.

Ақылыңнан айналдым. (Баласының маңдайынан иіскп, сүйеді.)

Автор: Абай Әбіштің тауып айтқан сөзіне риза болды


Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті куй

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше суй!

Тәрбиеші:

Құрметті қонақтар мен оқушылар әнді барлығымыз қосылып орындауды ұсынамын

Ән: «Көзімнің қарасы» караоке



Абай теңдес ақын болмас қазақта

Кеше өткен бұлдыр заман желегі

Болашаққа Абай үнін тіледі.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!