Сабақтың тақырыбы: Абайдың
әні «Желсіз түнде жарық – ай»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абай туралы, оның әндері
туралы динамикалық белгілер туралы білім
қалыптастыру;
Дамытушылық:Әннің дауыс ырғағын сақтай
отырып белгілі өлшеммен ережеге сай орындау дағдыларын
қалыптастыру, теориялық білім дерін дамыту, өз беттерімен білім
алуға , ізденуге бағыттау.
Тәрбиелік: Абай әндері арқылы табиғат
сырын жанымен ұғынуға, сүюге, қорғауға
баулу.
Сабақтың көрнекі
құралдары: Сурет, үнтаспа, интербелсенді
тақта, слайдтар, баян, домбыра, компьютер.
Әдіс-
тәсілдері: СТО стратегиясының
элементтері, сарамандық жұмыс, түсіндіру, әнді тыңдау, , сұрақ-
жауап, топтастыру, ән айту.
Музыкалық
сауат: Динамикалық белгілермен
танысу. « Желсіз түнде жарық –ай» әнін орындап
үйрену.
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру.Оқушылар сабаққа
Абайдың « Қараңғы түнде тау қалғып»- әнінің әуенімен кіреді.Сабақты
ұжымдық орындау тәсілі ережелерімен , жаттығу жасау арқылы
басталады. Өткен әндер қайталанады. «Балдырған», «Ұлан әндері»
нақышына келтіріліп , жатқа орындалады.Оқушыларды екі топқа бөліп
орналастыру:
1-топ «
Әншілер»
2-топ
«Күйшілер»
II. Үй тапсырмасы сұрақ-жауап
арқылы тексеріледі.Әр топтың жауабы ұтқан ноталар арқылы
бағаланады. Топтарға тапсырмалар беріледі:
« Әншілер» тобына берілетін
тапсырма: Абай әндері мен өлеңдерін айту. «Күйшілер» тобына
берілетін тапсырма: Абай туралы не
білесіңдер?
Топтардың жауаптары
тыңдалады:
1. «Әншілер» тобының жауабы
тыңдалып Абайдың әндері аталып, өлеңдері айтылады.Топ жауаптары
бағаланады.
2. «Күйшілер» тобының жауабы
тексеріледі.
Абай атамыз қай жылдары өмір
сүрген? Атамықдың шын есімі кім? Абайдың әжесінің есімін атаңдар.
Балалардың жауаптары бағаланады.
III. Екі топқа ортақ сұрақтар
қойылады
1. Абай Құнанбаев
кім?
- Ақын, композитор, орындаушы,
аудармашы,ағартушы.
2. Абай неше қара сөз жазған?
Тақырыбын ата? Жауаптарын бағалау.
IV. Үнтаспадан « Желсіз түнде
жарық ай» әуені тыңдалады
Ән мәтінін мәнерлеп оқып ,
әуеніне қосып, бір бөлігін орындайды. Әнді нақышына келтіре
орындағанда жүрекке жететіндігін оқушы санасына жеткізе үйрету
әннің әуенін байыппен, асықпай нәзік айтуға тырысу, сөзін түсінікті
етіп орындау. Әнді үйрету барысында дұрыс дем алуына көңіл
бөлу.Ұстаз негізгі ноталарды атап, динамикалық белгілермен
таныстырады.До♯.Миƀ соль♯ – атап өтеді. Оқушылар дәптерге жазады .
Осы белгілерді атап, айтып үйренеміз. «Желсіз түнде жарық ай»
әнінің бір шумағын орындаймыз . Абай атамыздың 40-тан астам әні
және күйлері бар. «Торы жорға», «Май түні», «Абай желдірмесі» т.
б.
V. Үйге
тапсырма : Абай атамыздың « Желсіз
түнде жарық ай» -әнінің сөзін жаттау.
VI. Қорытындылау . Сабақты
Абайдың:
«Құлақтан кіріп бойды алар
,
Әсем әнмен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең менше сүй» деген
өлең шумағымен аяқтайды. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар
бағаланады.