Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты" 7 сынып. Бұл ашық сабақта Абылайханның өмір жолы, ел басқару тарихы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары

Күні:

Сынып: 8 сынып

Мектеп: Ақпараттық технологиялар лицей-мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Айжарикова А.С.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлем



Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

8.3.2.2 -Әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді сипаттау арқылы империялардың (Австро-Венгрия, Ресей империясы, Осман империясы) ыдырау себептерін тұжырымдау

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Париж бейбіт конференциясының басты шешімдерімен танысып, әлемнің саяси картасының қалай өзгергенін анықтайды.

Басым бөлігі: Версаль-Вашингтон жүйесі, мандаттық жүйе ұғымдарының мәнін ашып, талдайды.

Кейбірі: Версаль-Вашингтон жүйесі мен Вашингтон конференциясының нәтижелері мен салдарын бағалайды.

Бағалау критерийлері

- Париж бейбіт конференциясының басты шешімдерімен танысып, әлемнің саяси картасының қалай өзгергенін анықтай алады.

- Версаль-Вашингтон жүйесі, мандаттық жүйе ұғымдарының мәнін ашып, талдай алады.

- Версаль-Вашингтон жүйесі мен Вашингтон конференциясының нәтижелері мен салдарын бағалай алады.



Тілдік мақсаттар

Жазылым дағдысы: Кестемен, сызбалармен жұмыс дәптерінде жазбаша жұмыстар жасалады

Айтылым дағдысы: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемнің өзгеруін талдау барысында, өзара сұрақтар қою кезінде айтылым дағдысы қалыптасады

Оқылым дағдысы: Әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді сипаттау арқылы империялардың ыдырау себептерін мәтінді оқу барысында танысады.

Тыңдалым дағдысы: Әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді сипаттау арқылы империялардың ыдырау себептерін топпен талқылау барысында тыңдайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Версаль келісім шарты, Ұлттар Лигасы, мандаттық жүйе, аумақтық өзгерістер, Версаль-Вашингтон жүйесі


Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Бірінші дүние жүзілік соғыстың нәтижесі..........

  • Париж бейбіт конференциясының басты мақсаттары....

  • Вашингтон конференциясының басты мақсаты.....


Құндылықтарға баулу

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын талдай отырып, оқушыларды өзге елдің тарихына құрпетпен қарауға МЕ «Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіл әлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы» құндылығына баулу.

Пәнаралық байланыс

География-Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы

Қазақстан тарихы-Бірінші дүниежүзілік соғыс


Алдыңғы білім

Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)




























Сабақтың ортасы

(20-22 минут)


Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу;

-Психологиялық ахуал. Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрап,бір-біріне ұнамды сөздер айту.

«Қағаз қиындылары арқылы» топқа бөліну.

Қағазда тарихи терминологияға байланысты сөздер жазылады. Сөздерді үшке,төртке қиып,араластырып оқушыларға таратылады. Оқушылар сол қиындылардан сөз құрастырып, сол сөздер бойынша бірігіп,топқа бөлінеді.

1 Топ. Париж конференциясы

2 Топ. Ұлттар Лигасы

3 Топ. Версаль-Вашингтон жүйесі

Өткенді қайталау: «Үлестірме-сұрaқ» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жүргізіледі.

Үлестірме қағаз арқылы сұрақтар 3 топқа таратылады, топ мүшелері жауаптарын стикерге жазып, қағаздарын алмастырады. Үш топқа да бірдей сұрақтар беріледі. Топтар белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері қандай?

2. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары қандай?

3. Бірінші дүниежүзілік соғыстың негізгі шайқастары қандай?

Саралау: «Дереккөздер».Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі. Оқушылар өздерін бағалайды.

конферт.jpg


















«Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлем» бейнематериалын көрсетіп тақырыпты ашу үшін «Сұраққа жетіп ал» әдісі арқылы оқушылар сұрақ қою.

  1. Оқушылар бұл бейнематериалдан қандай ой түйдіңіздер?

  2. Әлем саяси картасының өзгеруіне тағы қандай келісімшарттар өз септігін тигізді?

  3. Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп болжайсыңдар?

Өтілетін тақырыпқа байланысты мақсаттарын сұрау.

ҚБ: Мұғaлiмнiң бaғaлaуы.

  • Жaрaйсың!

  • Өтe жaқcы!

  • Әлi дe oйлaнып көр!

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету». Мұғалім сұрақтар қою кезінде көмекті қажетететін оқушыларға көмектеседі,қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар сілтейді.

М:Сабақ тақырыбын, оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін оқушыларға таныстырамын.

1 Тапсырма. «Жұптық жұмыс». Оқулықтағы тақырып мәтінің пайдалана отырып, Париж бейбіт конференциясының шешімдері бойынша аумақтық өзгерістер кестесін толтыру.

Версаль келісімшарты

Сен-Жермен келісімшарты

Трианон келісімшарты

Нейи келісімшарты

Серв келісімшарты

Германия Францияға Лотарингияны қайтарды

Австрия Оңтүстік Тирольды Италияға берді

Трансильвания Румынияға өтті

Батыс Фракия Грекияға берілді

Шығыс Фракия Грекияға өтті






Дескриптор:

1.Париж бейбіт конференциясының шешімдері бойынша аумақтық өзгерістерін көрсетіп жазады.

ҚБ: Топтар бірін-бірі бағалайды “Жапондық бағалау” әдісі.

Cаралау: «Қарқын».Топ ішінде қарқыны жоғары және төмен оқушы жұптасады,сенімділік пайда болады, мұғалім тапсырма орындау кезінде көмекті қажет ететін оқушыларға көмектеседі, сұрақтар беріп ойлантады, қолдау көрсетеді.

2 Тапсырма. Топтық жұмыс. «Ақпараттық органайзер» әдісі.

Бұл тапсырмада оқушылар лэнд экранда көрсетілген суреттерді байланыстыра отырып Версаль-Вашингтон жүйесі, мандаттық жүйе ұғымдарының мәнін ашып, талдайды. Ақпараттық органайзердегі сұрақтарға жауап береді.

-Герман отарлары мен бұрынғы Осман империясының араб провинцияларының тағдырын анықтау үшін енгізілген жүйе?

- Вашингтон конференциясының басты мақсаты?

-«Бес держава трактатынан» қай мемлекет және неге ең көп пайда тапты?

-Версаль-Вашингтон халықаралық қатынастар жүйесінің мықты және осал тұстары қандай?

Дескриптор:

1.Версаль-Вашингтон жүйесін талдайды.

2.Мандаттық жүйе ұғымдарының мәнін ашады.

ҚБ: «Шапалақтау» әдісі арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету». Мұғалім сұрақтар қою кезінде қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар сілтейді.

3 Тапсырма. Жеке жұмыс. Версаль-Вашингтон жүйесінің қарама-қайшылығымен осалдығын «Венн диаграммасы» арқылы салыстырыңыз.

Дескриптор:

1.Версаль-Вашингтон жүйесі мен Вашингтон конференциясының нәтижелері мен салдарын бағалайды.

2.Версаль-Вашингтон жүйесінің қарама-қайшылығымен осалдығын салыстырады.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Саралау: Қорытынды. Жеке жұмыс.Версаль-Вашингтон жүйесі мен Вашингтон конференциясының нәтижелерін “Венн диаграммасы” арқылы салыстырып көрсетеді.

Интернет ресурсы

https://www.youtube.com/watch?v=sld8jF86H5w














Оқулық

Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныптарына арналған оқулық

/ Н.А.Алдабек. т.б. Алматы: «Мектеп», 2019. 40-47 б.





















Рисунок 21












Сабақтың соңы

(6 минут)







Үйге тапсырма

(2 минут)

Кері байланыс. «Табыс ағашы»

Қызыл алма caбaқ мaғaн түciнiкciз.

Сары алма тaқырыпты түсiндiм, бiрaқ тез ұмытaмын. Жасыл алма сaбaқ мaғaн ұнады, тақырыпты меңгердім. (Оқушылар өздері таңдаған алманы алып,ағашқа жапсырады)

Саралау: Қорытынды


$ 7. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлем

Саралау Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралаудың түрлі әдістерін сабағымның басты мақсатына жету үшін қолдандым.

1.Тапсырма

- Оқу мақсатынан сабақ мақсатына жету үшін сабақ барысында берілген тапсырмалар жеңілден күрделілігіне қарай сараланып дайындадым.

2.Дереккөздер

  • Оқулық және интернет желісіндегі суреттер мен бейнематериалдарды пайдаландым.

Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныптарына арналған оқулық

/ Н.А.Алдабек. т.б. Алматы: «Мектеп», 2019. 40-47 б.

https://present5.com/presentation/-58278681_337245588/image-3.jpg

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2021
607
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12