Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Ашық сабақ Адам жауапкершілігі 7 сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: жауапкершілік туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Міндеттері: жауапкершілік ұғымын ар-ұят пен ұқыптылық қасиетімен байланыстыра отырып түсіндіру;
Ұқыптылық, тәртіптілік қасиеттерін дамыту;
Өмірге, іс-әрекетке ар-ұятпен, аса ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
5283
4 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «№3 Күршім гимназиясы» КММ Мерзiмі: 29.11.17ж Мұғалiм: Маликова Н.РСынып : 7 Оқушылар саны: 20 Тақырып: АДАМ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 12сабақҚұндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: ұқыптылық, тәртіптілік
Қаралды _________ Бекітемін _________Кафедра жетекшісі Оқу ісінің меңгерушісі Маликова Н.Р Нуриманов Ж.А. «___» _____ 2017ж. «___» _____ 2017ж.
Ашық сабақ:Тақырыбы: АДАМ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ (Тарих кафедрасының апталығына орай өткізілген ашық сабақ)
Өткізген: Маликова Н.РПәні: Өзін-өзі тануСыныбы: 7
2017-2018 оқу жылы.
Мектеп: «№3 Күршім гимназиясы» КММ Мерзiмі: 29.11.17ж Мұғалiм: Маликова Н.РСынып : 7 Оқушылар саны: 20 Тақырып: АДАМ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 12сабақҚұндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: ұқыптылық, тәртіптілік
Мақсаты: жауапкершілік туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашуМіндеттері: жауапкершілік ұғымын ар-ұят пен ұқыптылық қасиетімен байланыстыра отырып түсіндіру;Ұқыптылық, тәртіптілік қасиеттерін дамыту;Өмірге, іс-әрекетке ар-ұятпен, аса ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. | Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) күнделік, дәптер, оқулық, слайд, ватман, түрлі-түсті қарындаштар, стикер, аудиотаспа, көз таңғыштары |
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Кезекші оқушы кім, сабақта кім жоқ екенін айта ғой. Сабаққа дайындығымыз қалай (оқу-құралдарының түгелдігін, сабаққа кабинеттің дайындығын тексеріп өтеді)?Қанекей, 5Т ережесін есімізге түсірейікші: Тәртіп; Тыныштық, Талап, Тазалық, Татулық.ІІ. Сабақ барысы: «Бағыттау» ойыны (ойынға 4 оқушыны шақыру)Пайдалануға қажетті материалдар: бірнеше газеттер,түрлі заттар, көзді байлайтын таңғыш.Еденге қалай болса солай газеттерді жыртып тастаймыз.орындықтар қойып қоямыз. Екі- екіден жұпқа бөлінеді. Бір оқушының көзін байлаймыз, ол еріп жүруші болады. Оның серігінің міндеті – осы жыртылған газеттен жасалған «кедергілерден» алып өту.Ойынды талқылау. Сұрақтар: | Ескерту5Т ережесі үнемі кабинетте көз алдарында бейнеленіп тұрады. 5мин Сұрақтар слайдта көрініп тұрады. Балалар кезек-кезек дауыстап оқып, жауап береді5мин |
3.. Әңгімелеу «Өсиет әңгіме»Ертеде бір елде қарапайым да еңбекқор халық тұрыпты. Таң сәріден көздерін ашқаннан егін салып, бидай орып, бір тынбайтын бұл адамдар кедейшілік дегенді көрмесе керек.Бір күні сол елге сіңірі шыққан кедейлігімен аты шулы бір жас жігіт келеді. Ел арасына кіріп, танысып, хал сұрасқаннан кейін ауыл ақсақалдары жігіттен: Кедейлікке неге мұншама бой алдырдың? - деп сұрайды. Сонда жігіт: Кедейлікті ешкімнен сұрамап ем, ал жауапсыздық соңымнан қалмады, - депті басын көтермей. Мен мұнда бекерге келмедім, өздеріңіз сияқты еңбекқор жандар жауапсыздығымды тастауыма себін тигізер деп келдім, - деп үміт арта сөйлейді. Үлкен қариялар жігітті қай жұмысқа болмасын бірге ертіп жүрді. Қай істі бастаса да: «Соңына жетпегенше, істің рақатын көрмегенше, тынбай еңбек ет», - деп қайрап отырады. Арада аз күндер өткен соң жігіттен қариялар: «Жауапсыздығың қалды ма?», - деп сұрайды. Сонда жігіт « Жауапкершілік – істің соңғы рақатында екен ғой», - деп жауап беріпті. Жас жігіт қандай жақсы қасиетті үйренеді?Ол жауапсыздықтан қалай құтылады?Ал өздеріңіз жауапсыздықтан қалай құтылар едіңіздер? | 5минИнтернет желісінен |
Сабақ барысын талдау:4. Дәйексөз: Адам өз балалық шағын мың жерден қарғауына болады, үнемі өз әлсіздігіне,сәтсіздіктеріне ата-аналарына жауып, өмірдің қатал сынағын кінәлап, ақыр соңында өз өміріне жауапкершілікті өзі арқалап, өзі кім болуды қаласа, сол нәтижеге жетеді. Марк Леви. Те слова, что мы не сказали друг другуТалқылау үшін оқушылардан дәйексөзге мысал келтірулерін сұрау, шығармашылық дәптерлеріне жазып алуларын сұрауТүйіндеу. Жауапты болу дегеніміздің өзі не? Яғни, бұл сенің барлық ойларың, сенің сезімдерің, сенің көңіл күйің, сенің бақытты болуың, бақытсыздығың, немесе сенің ішкі дүниеңде болып жатқан жағдайларды үнемі саналы тұрғыда түсіну. Бұлардың барлығы тек сенікі, басқа ешкімдікі де емес. Сенің іс-әрекетің – бұл сенің жеке ісің, сенің жауапкершілігің, сенің таңдауың. Ешкім бұған жауап бере алмайды– тек сен өзің ғана жауап бересің. Олай болса ойларымызды түйіндеп, шығармашылықпен көрсетулеріңізді сұраймын. Ол үшін орындықтарыңыздың артына алдын-ала стикерлер жапсырылып қойған, сол бойынша 5 тоқа бөлінулеріңізді сұраймын | Марк Леви́ (фр. Marc Levy; туған жылы. 16 қазан 1961 ж) — француз жазушысы-романист, «Только если это было правдой»роман авторы, 2005 жылы осы роман мотивіне «Между небом и землёй» киносы түсірілді.Интернет желісінен5 мин. |
5. Шығармашылық іс-әрекеттер, топтық жұмыс: Оқушыларды орындықтарының арқасында орналастырылған түрлі-түсті стикерлер арқылы 5 топқа бөлінеді: Шығармашылық тапсырмаларды әр топ презентациялаған соң бес бармақ тәсілімен бағалайды. | 15 мин.(Дайындықтарына 5 минӘр топтың қорғауына 3 мин беру)Постер, қарындаштар беру |
6. Топпен ән айту. Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов 1.Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. | 2 мин.интернет желісіСөздері слайдқа шығады, сөзі жазылған таратпа қағаздар беремін |
Үй тапсырмасы: Адам жауапкершілігінен туындайтын жақсы қасиеттерді, игі істерді тауып жазыңдар, оқулықтағы «Шектен шықпа» Аңызын оқып келу | Слайдтан жазып алады.1 мин |
Қорытындылау: Шын мәнінде біз өмірімізді өз таңдауымызды толығымен ұғынған кезде, біздің бақыт құсымыз өз қолымызда екенін түсінген кезде ғана өзгерте аламыз. егер біз осы мәселеге саналы тұрғыда мән берсек – ертең біз қандай адам болып оянғымыз келеді?Көптеген адамдар осы сөзді естіген кезде мұрындарын жиырады. Біздің бұл әңгімемізден, жауапкершілік деген сөзден көңілсіздік пайда болады, ол алып жүруге тура келетін үлкен ауыр жүк секілді қиналады.Алайда, жауапкершілік концепциясына басқаша қарасаңыз еркіндікті сезінгендей боласыз.Жауапкершілік – өз өміріңді өзгертуге деген құқығың, оны әрбір секунд сайын қайта жасауға деген құқығың!Жауапты болу – өзіңе жеке билік жасайтын қожайын болу, иелік ету дегенді білдіреді. Бұл, сенің өміріңе ешкімнің де қол сұға алмайтынын білдіреді. Бұл өз бақытыңды өзіңе жасауға мүмкін екенін және мұнда ешкімнен сен тәуелді емес екеніңді білдіреді…Сабақты бағалауларын стикерлерге -екі жұлдыз, бір тілек рефлексиясын орындату | 1 мин |
Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қосылады. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Қиянат жасамау,жақсы мінез-құлық, ешкімге зиян келтірмеу, өзіне-өзі есеп беру, өзін-өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар! | 1 мин. |
Қаралды _________ Бекітемін _________Кафедра жетекшісі Оқу ісінің меңгерушісі Маликова Н.Р Нуриманов Ж.А. «___» _____ 2017ж. «___» _____ 2017ж.
Ашық сабақ:Тақырыбы: АДАМ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ (Тарих кафедрасының апталығына орай өткізілген ашық сабақ)
Өткізген: Маликова Н.РПәні: Өзін-өзі тануСыныбы: 7
2017-2018 оқу жылы.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)