Адамның
бейнесін бейнелейтін шығарма қалай
аталады?
-Портрет.
«Портрет-адам бейнесін
бейнелейтін көркем шығарма.
Осы
портрет жанры, өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар.Ол қандай пән деп
ойлайсыздар?
-Дұрыс,ол әдебиет пәні.Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең
жолдары арқылы және сөзбен қалай беруге
болады?
«Түкті қабақ жауып түскен
көзіне
Тікенектей түк шығып тұр
жүзіне
Қырлы
мұрын,қырмызы ерін,қап-қара
Ұшқын
шашып ойнап тұр көзіне.»
Бұл
-өлеңмен берілген портрет.Ал енді сөзбен қалай бейнелеуге
болады?
«Хамит-ұзын бойлы,жауырынды,тіп-тік,сұр жігіт. Қырша
мұрынды,шүңіректеу қара
кер
тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар.Жасы 25-26
шамасында».
Сарамандық жұмысы: (жұптық
жұмыс, 5 минут): Әр топтың оқушылары ойларынан
адамның түрін, көңіл күйін сипаттап айтып береді. Ал екінші топ,
көз алдарына сол адамды елестету арқылы қағаз бетіне адамның
бейнесін түсіреді.
Тапсырма берген топтың
оқушысы, өзінің сипаттап берген адам бейнесінің қалай шыққанын
бағалайды.
Портрет түріне көңіл
бөлейік:
16 ғасырда өмір сүрген,
Итальян суретшісі Джузеппе Арчимбольдо ерекше портреттер
салған.
Оқушылар слайдтан көрген
портреттің қандай ерекшеліктері бар екенін
талқылайды.
Джузеппе Арчимбольдо
портретті: жеміс-жидектерден,
өсімдік гүлдермен,
жапырақтардан және көкөністерден ерекше адамның бейнесін
жасаған.
Сарамандық жұмыс:(топтық
жұмыс)
Әр топтың оқушылары өздері
алдын ала дайындап қойған (түрлі-түсті қағаздан) жапырақтар, жеміс
жидектерден. Джузеппе Арчимбольдоның әдісімен адамның бейнесін
жасайды.
Жұмысты төмендегі
кезеңдерге сай орындаған дұрыс:
-
Портретті парақтың қай
бөлігіне орналастыру керегін шеше отырып, нысандардың сұлбасын
қарындашпен сызу.
-
Суретке қажетті бөлшектерді
жапсыру.
-
Техника қауіпсіздігін
сақтау.
-
Жұмысты
аяқтау.
Дескриптор:
|