№ | Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар
|
1 | Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу | Оқушылармен сәлемдесу , 5Т-ережесі ,1-топ Сенімділік2-топ Ізгілік3-топ Кешірімді болу | Сәлемдеседі
Топтарының атын қорғайды | Топтастыру
|
2 | Жағымды көңіл күйге ену | Әсем әуен қойылады «Нұрға бөлену» мәтіні оқылады. | Әсем әуенмен көздерін жұмып , тыныштық сәтін орнатады. | Әсем әуен |
3 | Ойын «Сіздің көңіл күіңіз» | Оқушыларға смайликтер таратылады , эмоциямен көрсетіп, айту керек . Оқушылардан қандай әсер алғаны туралы сұралады. | Оқушылар смайликтер арқылы сабаққа деген көңіл-күйлерін көрсетеді. | Смайликтер |
4 | Үй тапсырмасын сұрау | Оқушыларға сұрақтар қою арқылы.1.Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесі?2. Кез келген мәселені сабырмен шеше аласыз ба? 3. «Татулық –достық кілті» дегенді қалай түсінесіз? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
|
5 | Дәйексөз | «Жақсы адамның сөзі де, ойы мен ісі де - ізгі» | Дәйексөзді өздеріне түртіп алады және топпен қайталап айтады |
|
6 | Тапсырма | Ортасынан бөлінген парақ беріледі. Бір жағында+,екінші жағында-: Тапсырма: күнделікті өмірде кездесетін әдепті және әдепсіз сөздерді естеріңізге түсіріп , берілген параққа толтырыңыз. | Оқушылар параққа әдепті және әдепсіз сөздерді толтырады.Үлгісі: Сыпайы сөздер, құрметтеу сөздер, аялы сөздер,жағымды сөздер, кешіріңіз, рахмет... құлыным, айналайын,қүлпырып кетіпсің! Өте тамаша!
| Дайындалған парақ |
7 | Талқылауға арналған сұрақтар: | Сөйлесу барысында тұлғаның ең жағымды жақтары анықталады және ашылады.Адам өмірінде сөйлесудің қандай маңызы бар?Адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнату үшін адам қандай сапаларға ие болуы керек?«Сені түсінсе – сол бақыт» деген тұжырымды қалай түсінесіздер? | Сөйлеу –өмірлік қажеттілік. Бұл қазіргі адам өміріндегі күнделікті ең маңызды құрамаларының бірі. Сөйлесу арқылы біз жаңа ақпарат аламыз , басқа адамдармен қатынастарымызды ретке келтіреміз, дос табамыз, отбасын құрамыз, еңбек етеміз, оқимыз, өмірге керектінің бәрін табамыз. |
|
8 | Топтық тапсырма | 1-топ «Сәлемдесу әдебін білесіз бе?
2-топ «Тіл табысудың басты кілті болып – кешірім сұрауболып табылады».
3-топ «Өмірде бізде одан әрі ізгілікке бастап , жетілдіре түсетін қасиет ол- махаббат» | Сәлем беру –имандылық, инабаттылық, көргендік, мәдениетіліктің бейнесі. Тәуліктің үш мезгіліне қатысты «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!» «Қайырлы кеш!» деп айтылады. Адамдар бір –бірімен ақ жарқын , жымия амандасуға тиіс. Қазақ халқында амандасу түрлері көп. Соларды орындап көрсетеді.
Қолдан келгенше кекілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Басқа адамды түсіну оңай емес . Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кекілжіңді жағдайлар болады . Қандай жағдай болмасын , эмоцияға беріліп , қызығушылықпен іс-әрекет етпеңіздер. Ашуланған кезде жоғалған қарым-қатынастарыңыз орнына келмеуі мүмкін.
Махаббат-адам жанының асыл қасиеті , асқақ мұраты, таным тұғыры риясыз, ынтық, нәсік сезім. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайды , адам өмірінің мәні мен маңызы. Мондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы , өзіндік ой- пікірі , түсінігі болуы ол заңдылық. | А4 парғы, фламастер |
9 | Сегіту сәті | Тест «Сіз қандай адамыз?»Бұл картинада қыстың бір белгісі бейнеленген, яғни негізгі элементтердің контуры салынған. Бұл картина сіздің көзқарасыңыз бойынша қалай болуы қажет солай етіп аяқтаңыз. Маңыздысы сізге адамың суретін салу.
Суретті жинап алып , тестің кілті оқылады. Ескерту:бұл психологиялық тұжырып. | Оқушылар берілген суретті аяқтайды. | Сурет, тесттің кілті. |
10 | Әңгімелесу | «Құм мен тас» әңгімесін тыңдату.
Сұрақтар:1 Не себептен ренжігенін құмға жазады деп ойлайсыңдар?2. Жақсылық жасағанды тасқа не ліктен жазады?3. Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің? | Оқушылар әңгімені тыңдап , сұрақтарға жауап беру арқылы , өз ойларын ортаға салады. | Видео |
11 | Топтық тапсырма: | Топпен ән айтқызу. «Жақсы адамдар» Әні мен сөзі : А.Оралов. | Топ болып ән айтады. | Әсем әуен ырғаға , ән. |
12 | Үйге тапсырма | Дәптермен жұмыс. | Оқушылар дәптердегі тапсырманы орындайды. | Дәптер. |
13 | Кері байланыс | «Өмір Ағашы» сабақтан алған әсерлерін жазады. | «Өмір ағашына» сабақтан алған әсерлерін жазып іледі. | Өмір ағашы |
14 | Соңғы тыныштық сәті | Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде.Тыныштық,тыныштық, тыныштық, тыныштық бар әлемде. | Оқушылар соңғы тыныштық сәтін өткізеді. | Баяу әуен |
14 | Рефлекция |
|
|
|