Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi. Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге
қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі
орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және
таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен
тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.
Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.
Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы,
ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға
тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық
жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек
шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға
бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен
жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,
басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден
шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,
мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды
уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,
олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық
адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен
Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра
тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.
Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта
сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға
болады. Рахмет.
|
Ресурстар:
Түрлі
түсті қағаздар, көрнекі құралдар.
|
Мұғалім сыйы
«Асыл
шөп»
Ыбырай Алтынсарин
Злиха мен Батима деген
біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік
жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты. Злиха аһлап-уһлеп, Бәтима
күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха
айтады: - Сен неге мәз болып,
қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы менің басымдағыдан кем
емес, өзің де менен күшті емессің. -
Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, - дейді
Бәтима. - Ай, ондай болса, сол
шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін, - деді
Злиха. - Ол шөп сенің қолыңа
түспей ме деп қорқамын. Оның аты – «сабыр», -
деп, айтқан екен .
-
Ия,
оқушылар, адами қарым-қатынас жасау – адам бойындағы сезімнің,
ойлаудың тереңдігі. Қарым-қатынас «сүйіспеншілік» құндылығына
құрылып, мейірімділік, жауапкершілік, шыдамдылық қасиеттерімен
жалғасын табады. Дұрыс қарым – қтаынас орнату – адамдарды бір –
бірімен сыйласа, түсінісе білуіне септігін
тигізеді.
|
|
Ән
айту. «Дос болайық
бәріміз!»
Сөзін жазған:
Н.Талғаров
Әнін жазған:
И.Нүсіпбаев Әрқашан дос,
біргеміз, Ажырамас
іргеміз. Ілгері
жүріңдер, Достық жырын
біліңдер. Ту ғып ұстап
бірлікті, Еңбектікті
сүйіңдер! Қайырмасы: Дос
болайық бәріміз, Жарасып тұр
әніміз. Тыныштықты
сақтаймыз, Атсын күліп
таңымыз.
|
|