Материалдар / Ашық сабақ Адамның бір қызығы бала деген. Мезгіл үстеуі. 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Адамның бір қызығы бала деген. Мезгіл үстеуі. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2021
2171
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері

Педагогтың аты-жөні

Ормашева Дана Жақсылыққызы

Күні

9.01.2021ж

Сынып

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Адамның бір қызығы бала деген. Мезгіл үстеуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А1. Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;

ӘТН4. Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.;


Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар: Мәтінді түсініп оқиды және мазмұнын игереді, үстеудің мағыналық түрін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Мәтін бойынша тірек сөздерді жазады, нақтылау сұрақтарын құрастырады, үстеулерді сөйлемде орынды қолданады.

Кейбір оқушылар: Мәтін бойынша өзі жайлы дәлелдемелер мен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, құттықтау құрастырып жазады, үстеуден болған синоноимдерді түрлендіріп қолданады

Бағалау критерииі

Мәтіннің атауын талқылап, көтерілген мәселені болжайды;

- Мәтіннен мезгіл үстеуді табады;


Пәндік лексика мен терминология


отбасылық әдет-ғұрыптар, шілдехана, тұсау кесу дәстүрлері, мезгіл үстеуден болған синонимдік қатарлар (кеш- бейуақыт, ымырт, ақшам, көз байлана, кешқұрым; таңертең- азанда. Таң ата, күн рауандана бастағанда; қазір – осы мезетте);

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

2 мин







5 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен Google Meet платформасы мен WhatsApp желісінде сәлемдесіп, түгендеу.

«Бүгінгі сабаққа тілек».

Өткен сабақты еске түсіру.

Ой қозғау.

«Тақырыпты болжау, ойтүрткі
- Мына суреттерден нені көріп тұрсыздар?
- Суреттегі салт-дәстүрлерді атаңдар
слайдтан көрсету.

1.Табиғи мұра деген не?

2.Табиғи мұра деп аталуын мысалдармен дәлелде?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады


Google Meet платформасы мен WhatsApp желісіне қосылады




Оқушылар суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді, ойлау дағдылары қалыптасады





Мұғалімнің ауызша мадақтауы

Google Meet


WhatsApp





https://youtu.be/MRjeHgx-bsU



Слайд №1-2

Сабақтың ортасы

3 мин







5 мин
















3 мин

















10 мин



















5 мин


Мұғалім Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы түсінік береді.



1- Тапсырма «Сәйкестендіру» әдісі

learningapps.org платформасына өтіп, балаға қатысты салт-дәстүрлерде айтылатын құттықтау сөздерді сәйкестендіру ойыны ойнатылады

Дескрипторлар:

  • Тыңдалым мәтінінде айтылған салт-дәстүрлерді атайды

  • Берілген тілектерді өлеңде аталған салт-дәстүрлермен сәйкестендіреді


2-тапсырма

Мәтінді оқып, үстеу сөздерді табыңдар. (Жұптық жұмыс)

Кешегі күні бойғы әрекеттен кейін, тұяқ серіппей қатып ұйықтап қалыппын. Әжем жұлқылап оятты.

— Қожа. Қожатай. Әкем-ау, сен бүгін сабағыңа бармаушы ма едің?

Көзімді ашып алып, қабырға сағатқа қарасам, сегізге он бес-ақ минут қалған екен. Атып түрегеліп, тез киіндім де, беті-қолымды шайып жіберіп, бір кесе айранды тікемнен тік тұрған күйде қотара салдым. Кеше титықтап келіп, сабақ қарауға мұршам болмап еді. Бүгінгі болатын пәндерді сумкама асығыс салып алдым да, мектепке жүгірдім

Дескрипторлар:

  • Үстеудің ережесін біледі, ажырата алады;

  • Үстеудің түрлерін дұрыс таба алады;


3-тапсырма

Оқылым тапсырмасы 4 балдық жүйе

Тұтас мәтін бойынша «Quizizz» әдісі арқылы тест тапсырмаларына жауап беріңіздер.

Тұтас мәтін бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қасқыр бейнесінде айтылған қасиеттердің мәні не?

    1. Адам бойындағы жақсы қасиеттер

    2. Адамның өмір сүру барысында айқындалатын қасиеттер

    3. Адам бойындағы жаман қасиеттер

    4. Адамға мүлде тән емес қасиеттер

    5. Адамның өмір сүру барысында кедергі келтіретін қасиеттер

2. «Қай қасқырды асырасаң, сол жеңбек», - деген қарт үндістің ақылының мәнісі неде?

      1. Қарт үндіс өз ойын айтты

      2. Қарт үндіс ертегі айтты

      3. Осы қасиеттердің қайсысын бойыңа жиып өссең сондай адам боласың дегені

      4. Әңгімеге қасқырдың еш қатысы жоқ

      5. Қарт үндіс қасқырды ерекше құрметтеп, соған табынатын болғандықтан


Дескрипторлар:

  • Тұтас мәтіннің мағынасын түсіндіреді;

  • PISA бағдарламасы бойынша қазақ тілі пәнінен тест тапсырмаларының жауабын дұрыс анықтайды;


Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды






Слайдтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі








Слайдта берілген қорықтарды тауып жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады




Интернет желісін, онлайн мектеп материалдарын пайдаланып шығу тегін анықтайды.









Оқушылар уақытқа қарай тапсырманы орындайды













PISA бағдарламасы бойынша қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары














ҚБ «өзін өзі тексеру»

















ҚБ «дұрыс, бұрыс» әдісі















5 баллдық жүйемен бағаланады

















Орынмен бағаланады

Слайд №3











Слайд №4





https://learningapps.org/display?v=pepffxhdn21


Слайд №5















Слайд №6-7

Онлайн мектеп






















Слайд №8-12


Сабақтың соңы

5 мин





2 мин

Кері байланыс «БЛОБ АҒАШЫ» ӘДІСІ

Үйге тапсырма: Үстеулерді қатыстыра отырып, «Салтымнан таны халқымды» тақырыбында шағын мәтін жазыңыз.

Дескриптор:

Құрылымын сақтай отырып, мәтін жазады;

Тақырыпта салт-дәстүрлер түрі, тәрбиелік мәні мен маңызы туралы жазады

Үстеулерді қолданады


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Kundelik.kz

оқушыларға кері байланыс бере отырып қойылады

Google Meet

WhatsApp



Слайд

13-15


Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



3-тапсырмада оқушылар қорықтардың шығу тегі мен үш тілде этимологиясын анықтайды. Бірнеше ресурспен жұмыс істеуге дағдыланады. Қолдауды қажет етпейтін оқушылар тапсырманы уақытында орындайды.


Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Ақпарат іздестіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!