Материалдар / Ашық сабақ, Адамның дене мүшелері, 1 сынып

Ашық сабақ, Адамның дене мүшелері, 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәні бойынша 1 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары, бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
307
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат

Күні:

Сынып: 1 «А »



Мектеп: Шағын жинақталған Тасбастау негізгі орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Зарыкбаева Куралай Бейбиткызы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;


Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды.Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді.

Көптеген оқушылар: Адамның сұлбасын таба алады,дене мүшелерінің қызметтерін нақты атай алады.

Кейбір оқушылар: Өмірден мысалдар келтіре отырып ,дене мүшесінің қай бөлігі маңызды екенін айтады.

Бағалау критерийлері


Адам денесінің негізгі бөліктерін атайды

Дене мүшелерінің атқаратын қызметін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Адамның дене мүшелерін сызба арқылы көрсетіп, айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: қол,аяқ,адам дене мүшелері

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Дене мүшелері не үшін қажет?

-Біздің дене мүшелеріміз қандай қызмет атқарады?

Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсың?



Құндылықтарды дарыту


Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Қарым-қатынас дағдыларын дарыту.

Пәнаралық байланыстар


Сауат ашу,көркем еңбек,дене шынықтыру,математика.

АКТ қолдану дағдылары


Презентация,бейне баян

Бастапқы білім


Адамның негізгі дене мүшелерін біледі,атай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

1 мин









2мин











3 мин

Сыныпта жағымды ахуал туғызу үшін ширату жаттығулары жасалады.

Көжектерім тұршы,беттеріңді жушы. Айнаға қарашы,шашыңды тарашы. Киіміңді киші ,мектепке қарай жүрші. Орныңа отыршы,сабағыңды оқышы.

Сабақтың мақсатын жариялау үшін тапсырма беріледі:

Оқушылар портфель,кітап,дәптер суреттерін алады да,портфельді алған оқушылар секіреді,кітапты алған оқушылар жүрелеп отырады,дәптерді алған оқушылар қарындаштарын партадан алады.Сол суреттер арқылы топтарға бөлінеді.

-Ненің көмегімен осы тапсырманы орындадыңдар?(аяқтың,қолдың)

- Олай болса сабағымыздың тақырыбы қалай болады? «Адамның дене мүшелері»


(Ұ) Тапсырма 1 : Сұлбалардың ішінен Негеш пен Эвриканы тауып беріңіздер.Бұл қимылдарды қайталаңыз.

«Сұлбаны тауып ал» әдісі арқылы жүргізіледі.

Көркем еңбек пәнінен сұлба сөзімен таныссыңдар,сұлба-ұсақ бөлшектерсіз бір түспен салынған заттың бейнесі...

-Сен қалай біліп қойдың?

-Олар не істеп жатыр?

-Қай дене мүшесін қозғап жатыр?

ҚБ «Сиқырлы қаламдар » әдісімен бағаланады.

Жасыл-мен жақсы меңгердім, сары-түсіндім,әлі де жұмыс жасауым керек,қызыл-мен қиналамын,ешнәрсе түсінбедім












Сабақтың ортасы

3 мин


5мин



















10 мин

















1 мин








3мин

















3 мин

(Ұ) Тапсырма 2:

Бейне баянды көріңіз.

-Сен қандай ой түйдің?

(Ж) Тапсырма 3:

Қуыршақтың сұлбасын сызып,қиып алыңдар. Дене мүшелерін өз орнына жапсырыңдар. «Зерттейік» әдісі арқылы жүргізіледі. Қуыршақтар бойымен бірдей қағаз дайындап қойып,әр топ бір қуыршақты қағаздың үстіне жатқызып қойып,жұп мүшелері кезекпен қуыршақ сұлбасын фломастармен басып шығады, оны қиып алады,тақтаға іледі.Кішкене қобдишада дене мүшелері жазылған қағаздарды алып, өз орындарына іледі.

ҚБ «Ғажайып кітаптар» әдісімен

Жасыл-мен жақсы меңгердім, сары-түсіндім,әлі де жұмыс жасауым керек,қызыл-мен қиналамын,ешнәрсе түсінбедім.

(Т) Тапсырма 4: Әр дене мүшесінің атқаратын қызметін анықтаңыз.Біздің денеміздің қызметі туралы айтыңыз. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісімен орындалады.Әр топқа дене бөлігін беріңіз. (жеребе көмегімен) Белгілі уақыттан кейін оқушылар ол туралы хабарлама жазады.Топтың бір мүшесіне белгілі дене мүшесінің мүмкіндіктерін көрсетуін ұсынамын.(қол -аяқты сермеу,бүгу-жазу,басты айналдыру)Қалғандары бақылау негізінде қорытынды жасай алады.

ҚБ «Қарындаш » әдісімен

Жасыл-мен жақсы меңгердім, сары-әлі де жұмыс жасауым керек,қызыл-мен қиналамын

Сергіту сәті.Балаларды сергітіп,демалту үшін қимылмен жасайды.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін,болып шықты он саусақ. Оң аяқта бес башпай,сол аяқта бес башпай

Қосып едім екеуін,болып шықты он башпай.

(Д) Тапсырма 5: Адам қолмен және аяқпен істей алатын әрекетті белгілеңіз. Өзара тексеріңіз. Кестеде көрсетілген барлық жаттығуды орындаңыз.

«Орнын тап» әдісі арқылы оқушыларға кесте толтыруға беріледі.Оқи алмайтын оқушыларға көмек көрсетіледі.

Қимылдар

Қол

Аяқ

Секіру



Жүгіру



Шапалақтау



Жүру



жазу



ҚБ «Сызғыштар» әдісі /Үшбұрыш,төртбұрыш,ұзын/

Үшбұрыш-мен жақсы меңгердім.

Төртбұрыш-түсіндім,әлі де жұмыс жасауым керек.

Ұзын-мен қиналамын,ешнәрсе түсінбедім.

(Ж/Ө) Тапсырма 6: Сурет пен санды сәйкестендір. «Білім қоржыны» әдісі арқылы сұрақтар қойылады.«Адамның қанша мүшесі бар?» сұрағына жауап беру үшін қоржыннан адамның дене мүшелерінің суретін алады да нешеу екенін санмен сәйкестендіреді

Санын айта алмаған бала өз дене бөлігін тауып санайды.

Кейбір балалар суреттің атауын жазады.

ҚБ «Портфель» әдісі.

/ Жасыл-мен жақсы меңгердім, сары-түсіндім,әлі де жұмыс жасауым керек,қызыл-мен қиналамын,ешнәрсе түсінбедім.

Бейнебаян

Сайттың нөмірі жазылу керек




Ватман қағазы,

қайшылар,

қобдиша ,дене мүшелері жазылған қағаздар.


Жеребелер,хабарламалар жазу үшін қағаздар ( А3)









770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ