Материалдар / Ашық сабақ Адамның мүмкіндіктері 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Адамның мүмкіндіктері 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға адамның мүмкіндіктері, қабілет, мақсаттылық, өз күшіне сену ұғымдарын түсіндіру арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
438
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бекітемін__________

Оқу ісі орынбасары А.С.Жандоңғарова

Авторы: Мекенова Жанар Манатовна

Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы,.№6 жалпы орта білім беретін мектебі «КММ» Өзін-өзі тану пәні мұғалімі


Бөлім:1

Таным қуанышы

Мұғалімнің Аты-жөні, тегі

Мекенова Жанар Манатовна


Мерізімі:

15.09.21

Класс: 6

Оқушылар саны:


Сабақтың тақырыбы №3

Адамның мүмкіндіктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Өздігінен білім алады және өзін іс жүзінде көрсете біледі, өз бетінше шығармашылықпен айналысуға қызығушылық танытады, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін мейлінше жүзеге асыруға ұмтылады;


Құндылық


Дұрыс әрекет

Қасиеттер

Жігерлілік,еңбекқорлық, жауапкершілік

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адамның мүмкіндіктері, қабілет, мақсаттылық, өз күшіне сену ұғымдарын түсіндіру арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.


Сабақтың міндеттері



  • Оқушыларға өз мүмкіндіктерін тануды түсіндіре отырып, жігерлілік

  • қасиеті туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың өз мүмкіндіктерін ашуға үйрету арқылы жігерлілік қасиетін дамыту;

  • Оқушыларды өз мүмкіндіктерін ашуға, жауапкершілікке тәрбиелеу.


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі(1 мин)


1. Жағымды көңіл күй (1-3 мин)


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

5 «Т» ережесін еске түсіру.

Мұғалім «Тыныс алуға зейін қою» жаттығуын өткізеді.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолдарыңызды айқастырмай, түзу отыруларыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз тынышталады. Тыныс алған кезде тыныштық пен ризашылық қабылдаймыз. Тынысты шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тік ұстаймыз..., қолдарыңызды тізелеріңіздің үстіне қоюға болады...

Тыныс аламыз... , тынысты шығарамыз (9-10 рет жайлап).

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.

Оқушылар жағымды көңіл-күйге еніп, жақсы ойларды өрбітуге бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,

Ф. Шопеннің «Мечта» аудиожазбасы

https://zvooq.eu/


2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)


«Неге арналсаң, соны істе» Жүсіпбек Аймауытовтың әңгімесі бойынша әңгімелесу өткізеді.

Сұрақтар:

Автордың « Неге арналсаң, соны істе» деген пікірін қалай түсінесіңдер?

«Өз орнындағы» адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ деген ойына не айтар едіңіз?

Өзіңнің басты мақсатыңа жету үшін өз бойыңдағы мүмкіндіктерді ашуға қалай талпынып жүрсің?

-Айналаңда өз мүмкіндіктері мен қабілетінің арқасында биік нәтижелерге қол жеткізген адамдарды білесің бе?

Өзің өмір жолыңда нелерді басшылыққа алар едің?

Оқушылар қысқаша түсінігін айтып,сұрақтарға жауап қайтарады.

Оқулық 16-17-бет

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)

Мұғалім оқушылардың назарын тақтадағы дәйексөзге аударады.


Ойға алғанның бәрін адамның ынта-жігерімен жүзеге асыруға болады.

Халық даналығы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Ойға алғандардың бәрі деп нені айтады?

Ынта-жігерімізді қалай жұмылдыра аламыз?

Оқушылар халық даналығының мағынасын ашып, талқылайды.

Жұмыс дәптерге көшіріп жазып алады.

Презентация,

Жұмыс дәптерлері.

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

(4-8 мин)


Мұғалім «Қазақстандағы ең ерекше балалар» бейнебаянын ұсынады.

Сұрақтар:

Жамбыл бала туралы не айтар едіңіз?

Исак Мустафолла туралы не айтар едіңіз?

Абзал бала туралы не айтар едіңіз?

Амир Махметов туралы не айтар едіңіз?

Адам мүмкіндігі шексіз бе?Неліктен?

Өз мүмкіндігіңді ашуға болады ма? Қалай ашуға болады?

Сұрақтар бойынша әңгімелесу жүргізеді

https://www.youtube.com/watch?v=ykZxcBVxmkE


5.Шығармашылық жұмыс

(12-15 мин)


Мұғалім тапсырма ұсынады.

«Менің бойымдағы мүмкіндіктер» тақырыбында кластер жасау.

Оқушылар өз мүмкіндіктерін ашуға талпынып, тапсырманы орындайды.

Баяу әуен қойылады.


6.Үй тапсырмасы(1-2 мин)

Алдын ала берілген үй тапсырмасы: оқулықтың 19-20-бетіндегі №4 сабақ. Ерлан Сыдықовтың «Мәдениет пен билік салмағы» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру.

Оқушылар үй тапсырмасын жазады.

Оқулық, дәптер.

7. Топпен ән айту

(2-3 мин)



«Тек алға»

Әні: М. Арапбаева, сөзі: Р. Зайытов


Тіршілік қайнап тұрса

Көңілің сайрап тұрса

Жас жанып жайнап тұрса

Дала

Сөндірме жан нұрыңды

Жазғырма тағдырыңды

Бақытқа әр күніңді бала


Қ-сы

Арманың барда

Шаршама талма

Жасқанып қалма

Жүре бер тек алға

Өмір сынаса

Көңілге алма

Әніңді жалға

Жүре бер тек алға


Қиналсаң анда санда

Үмітің алдаса да

Өтпелі әрқашан да

Бәрі

Сәтсіз күн оралмасын

Қайғыға жоламасын

Жүректің жоғалмасын

Сәні

Қайырмасы

Бақ жұлдызың жанады

Арманға қалай қағады

Мұңайма ещқашан да өмірде

Әр адам бақыт алады


Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

https://www.youtube.com/watch?v=TzOZvEQD1mM

Өлең сөзі жазылған үлестірме қағаздар

8.Сабақтың қортынды сәті(1 мин)

Мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Оқушыларға өз мүмкіндіктерінің ашылуына тілек білдіріп бүгінгі сабақ үшін рақмет айтады.

Іштей рефлексия жасайды.


Баяу музыка.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!