Материалдар / Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу 3 сынып "Мен қалада тұрамын"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу 3 сынып "Мен қалада тұрамын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиеттік оқу пәнінен 3сыныпқа арналған жаңа стратегиялар қолданылған ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2021
1225
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: әдебиеттік оқу

Күні: Мектеп: «С.Аманжолов атындағы орта мектеп»КММ

Сынып: 3 Мұғалімнің аты-жөні: Оралбаева Ж.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мен қалада тұрамын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары

3.2.8.2 – эпизодтарды салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: эпизодтарды салыстырады, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды.

Көптеген оқушылар: эпизодты салыстыру барысында өз ойын айта алады, сюжеттің өзгеру себеп-салдарын негіздей алады

Кейбір оқушылар: сюжеттің дамуындағы өзгеру процесін пиктограмма арқылы көрсетеді

Бағалау критерийлері

  1. Мәтіндердің эпизодтарын салыстырады

  2. Сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай біледі

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық –жұптық, топтық тапсырмаларды орындағанда;

Ашықтық - эпизодтарды салыстыру барысында ойларын ашық жеткізу барысында орындалады;

Еңбек пен шығармашылық – пиктограмма салу барысында жүзеге аcады

Пәнаралық байланыстар

Математика – эпизодтарды рет-ретімен санамалап орналастыру барысында

Көркем еңбек – пиктограмма құрастыру барысында

Бастапқы білім

Қоғамдық көліктер жайлы; таң,түн жайлы түсініктері бар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың- басы

Сәлемдесу:

  • Сәлеметсіңдер ме , балалар!

«Мадақтау» стратегиясы

Оқушылар топ ішінде бір-біріне мақтау айтады: «Сен бүгін өте әдемісің!», «Маған сенімен бір топта жұмыс істеген ұнайды!»т.б.

Біз бүгінгі сабағымызда эпизодтарды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтаймыз.

Қазір «жеміс-жидек машинасы» бағдарламасын пайдалана отырып, топқа бөлінеміз

Топқа бөлу: «жеміс-жидек машинасы» бағдарламасы бойынша кездейсоқ есімдер арқылы топқа бөлу

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда мәтіндердің эпизодтарын салыстыра білу керекпіз, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алуымыз қажет.










www.classtools.net

Сабақтың ортасы



Тапсырма № 1. Болжау стратегиясы (ТЖ)

Берілген эпизодтар бойынша тақырыпты және оның мазмұнын болжайды. Алдымен жеке, сонан соң топпен талқылайды. Талқыланғаннан кейін «Сен ұйқтап жатқанда» мәтіні бойынша өздерінің болжамдарын тексереді.

Дискриптор:

Берілген эпизодтар бойынша болжамдар жасайды.

Мәтіндегі эпизодтарды сипаттайды, салыстырады.

Болжамдарын мәтінді оқу арқылы өз-өздерін тексереді.

ҚБ: Табыс ағашы

Жасыл жапырақ – қатесіз «барлығын дұрыс істедім»

Сары жапырақ – 1-2 қате «қиындықтар болды»

Қызыл жапырақ - 3-4 немесе одан да көп қате «қателер көп болды»

Сары немесе қызыл жапырақты таңдаған оқушылар жіберген негізгі қателіктерін жапыраққа жазады.


Сергіту сәті. «Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу

Басқарушы: көз алдарыңа елестетіңдер, оң қолымызға лимонды ұстап, оның шырыны шыққандай қатты сығуға тырысамыз. Жұдырығымызды түйіп қатты-қатты қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау сияқты боламыз, олар енді ғана оянды және керіліп жатыр. Жақсылап керіліп-созылды! Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға, жоғары қарай тартыламыз, мойнымызды бұрып, арқамызды созамыз!

Тапсырма № 2. «Кір жаятын жіп» әдісі. Топтық жұмыс.

Әрбір топ берілген суреттерді эпизодтар бойынша сәйкестендіріп, мәтіннің сюжеттік бөліктерін басынан аяғына дейін әңгімелеп береді.

Қабілеті жоғары оқушыларға сюжеттің өзгеруінің себеп – салдарын түсіндіру ұсынылады.

Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға сюжеттің дамуының пиктограммасын салу ұсынылады.

Дискриптор:

Эпизодтарды сюжеттермен сәйкестендіріп, мәтінді толығымен әңгімелеп береді.

Сюжеттің өзгеруінің себеп-салдарын түсіндіреді.

Сюжеттің дамуының пиктограммасын салады.

ҚБ. «От шашу» әдісі бойынша бағалау.

Төменнен жоғары қарай шапалақтау.

Эпизодтарды сюжеттермен сәйкестендіріп, мәтінді толығымен әңгімелеп берген оқушыларға -1 шапалақ

Сюжеттің өзгеруінің себеп-салдарын түсіндірген оқушыларға - 2 шапалақ

Сюжеттің дамуының пиктограммасын салған оқушыларға -3 шапалақ


Сабақтың ортасы















Сабақтың соңы

Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Жеке жұмыс.

Мен бүгін ... білдім.

Маған қызықты ... болды.

Маған қиын ... болды.

Мен келесі тапсырмаларды орындадым...

Мен ... екенін түсіндім.

Мен енді ... жасай аламын.

Мен ... үйрендім.

Мен жасап ... көремін.

Мен өмірде ... қолданамын.

Маған ... ұнамады.

Сабақ бойынша өзін –өзі бағалау

Үйге тапсырма: 31-бет 7-тапсырма кестені толтыру, мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, жоспар құрау.


Саралау

Тапсырма № 1. Диалог және қолдау арқылы саралау.

Қолдауды қажет ететін балаларға эпизодтағы көріністер бойынша жетекші сұрақтар беріледі:

Бұл қай уақыт?

Оны қайдан байқадың?

Нелер бейнеленген?

Қандай оқиғаның желісі болуы мүмкін?


Тапсырма № 2. Тапсырма арқылы саралау.

Қабілеті жоғары оқушыларға сюжеттің өзгеруінің себеп – салдарын түсіндіру ұсынылады.

Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға сюжеттің дамуының пиктограммасын салу ұсынылады.


Бағалау

«Табыс ағашы»

«От шашу» әдісі

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.


Сергіту сәті. «Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!