Түркістан
облысы
Қазығұрт ауданы
«№11 санаторий
типтес арнаулы мектеп интернаты»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
АШЫҚ ТӘРБИЕ
САҒАТ
Тақырыбы : «Әдептілік -
әдемілік!»
Сыныбы: 4
«А»
Тәрбиеші: Әзімбек
Ынтымақ
2020-2021 оқу жылы
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
1. «Әдептілік» туралы
мәлімет
2. «Ой – ашар »
сұрақтар
3. Тақпақтар
4. Әдептілік туралы
мақалдар
5. «Жағдаяттарды шешу»
6. Ән «Әке- ана»
7.«Жалғасын тап» ойыны
ІІІ.Қорытынды
Сабақтың
тақырыбы: «Әдептілік -
әдемілік!»
Мақсаты: 1. Оқушыларды адам бойындағы
ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына
дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік
туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету.
3. Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Әдептілікке байланысты сөздер суреттер,
слайдтар.
Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.
Сұраққа толық жауап беруге, 2-3 сөйлем құрастыруға
қалыптастыру.
Сабақ
барысы:
Шаттық
шеңбер:
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Айтқан тілді ұғамыз,
Саяхатқа шығамыз.
Тәрбиеші: Қайырлы күн, құрметті
оқушылар! Бүгінгі біздің «Әдептілік – әдемілік » атты тәрбиелік
шарамызға қош келдіңіздер! Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз
тақырыбынан көріп отырғанымыздай әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік
жайында болмақ. Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай
дейтініміз: адамның жасаған әрбір іс – қимылы, жүріс – тұрысы,
сөйлеу мәнері, өзін - өзі ұстай білуі оның әдептілігі,
мәдениеттілігі жайлы сыр шертіп тұрады. Қазір мен сіздерге осы
әдептілік жайлы бірнеше сұрақтар қоямын, сұрақтарға жауап
берулеріңіз арқылы сіздердің әдептілік жайлы ойларыңызды тыңдағым
келіп тұр. Ендеше бүгінгі осы тәрбиелік шарамызда біз көптеген
мағлұматтар алып, ойларымызды кеңейтіп, сіздерге кішкене де болса
болашаққа жол көрсетерміз деп
ойлаймын.
«Ой – ашар
сұрақтары: »
1) Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін,
жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деу керек? (Рахмет апа) деу керек.
2) Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек? ( Кешіріңіз!) деу керек.
3) Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді? ( Сәлеметсіз бе?) деу керек.
4)Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді ? (Көмектесейін) деу
керек.
Адам баласының бойында жақсы
да, жаман да қасиеттер болады екен.
Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата
-
анамыз, ақсүтін бере
отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны
түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала
-
барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына
өлең жолдарынан тыңдап көрсек.
Тақпақтар
1-оқушы
Ата - ананың тілегі - адам
болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің - әуре сарсаң әлегің.
2– оқушы :
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай-
шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
3– оқушы
:
Сыйлап сәлем
беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін
4– оқушы :
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
5–
оқушы :
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ -
табақты.
6–
оқушы :
Пышақты ұста
оң қолмен,
Шанышқыны сол
қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын
Салдыр - салақ болмағын.
Әдептілік туралы мақалдар :
-
Сәлем – сөз анасы.
-
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем
бергенің.
-
Әдепті бала –
ата-анасын
мақтатар,
Әдепсіз бала –
ата-анасын
қақсатар.
-
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы
бала.
-
Кішіден ізет, үлкеннен
құрмет.
-
Тәртіпті бала – сүйініш, төбең көкке
жетеді,
Тәртіпсіз бала – күйініш, төмендеп басың
кетеді.
«Жағдаяттарды
шешу»
1. Сұраққа –
жауап:
1.Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан
бір үлкен кісі шықты, сен не істер
едің?
- Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.
2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?
- Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды.
3.Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?
- Асықпай түсіндіріп беру.
4.Автобуста егде адамдарды көргенде не істейсің?
- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
5.Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
- Үлкен кісімен «сіз» деп сөйлесу керек.
6. Күнде таңертең мектепке келгенде не істейсің?
- Мұғалімдермен, достарыңмен амандасамын.
7.Тамақ ішіп болғаннан кейін не істеу керек?
- Аспазшыға, анама рахмет айтамын.
«Әдептілік» дегеніміз
не?
Дана. Адамгершілік, үлкендерді сыйлау,
кішкетайларды аялау, сыпайы сөйлесу, таза болу, Отанды жақсы көру.
Салт - дәстүрді сыйлау, дұрыс тамақтану.
Адамгершілік дегеніміз
не?
Шехризат. Бір - бірімізге
көмектесу, ренжіспеу, ойыншықтарға таласпау, әке - шешенің тілін
алу, үлкендерді құрметтеу, сыйлау.
Ән «Әке- ана»
«Жалғасын
тап» ойыны
-Үлкендердің алдынан
______________________
-Кішкене
баланы__________________________
-Құстарды________________________________
-Сабақтан________________________________
-Сыныптың
ішінде________________________
Қорытынды: .— Балалар, біз бүгінгі оқу
іс - әрекетімізде әдептілік, сыпайлық жайлы сөйлес тік. Әдепті,
сыпайлы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін
түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайлы болуға, кездескен адамдармен
амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі
айтуға үйренейік