Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

ашық сабақ, Ағашты токарь станогында өңдеу технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағашты токарь станогында өңдеу технологиясы, бесік элементтерін жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ағашты токарь станогында өңдеу технологиясы, бесік элементтерін жасау


Күні : 17.10.18ж Сыныбы: : 10а,ә


Пәні: технология

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

Ойлау деңгейі: талдау

1.Ағашты токарь станогында өңдеу технологиясын білу

2. Бесік элементтерін жасауды білу


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар : Ағашты токарь станогында өңдеу технологиясын, бесік элементтерін жасауды біледі.

Оқушылардың басым бөлігі : Ағашты токарь станогында өңдеу технологиясын, бесік элементтерін жасаудды біледі.

Кейбір оқушылар : Ағашты токарь станогында өңдеу технологиясын, бесік элементтерін жасаудың қиын деңгейдегісімен жұмыс жасайды

Бағалау критерийі

Ағашты токарь станогында өңдеу технологиясын, бесік элементтерін жасаудды ашып көрсетеді

Ағашты токарь станогында өңдеу технологиясын, бесік элементтерін жасауды ажырата алады

Ағашты токарь станогында өңдеу технологиясын, бесік элементтерін жасауды өмірде дұрыс қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Мәтінді оқиды,тыңдайды, ортақ түйінді шешімді жазады, диалогты сұқпаттасады, яғни айтылым болады

Пәнге қатысты лексика және терминология: токарь станогы, өңдеу технологиясы, бесік элементтері Диалогқа/жазылымға қатысты тіркестер

-Ағашты кесумен механикалық өңдеудің негізгі әдістері...

- Ағашты электр құралмен өңдеу технологиясы...

-Электр қылара, сүргі, электр бұрғы, еңбек ресурстары....

- Ағашты токарь станогында өңдеу технологиясы, бесік элементтерін жасау...

Құндылыққа баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылығын индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өсу

оқушлардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу

Өмір бойы білім алу

Әдіс-тәсілдер

« Кім жылдам?»БОӘ, Миға шабуыл СТО, «Мен-саған, сен-маған»

Көрнекіліктер

Бесік, таратпа материалдар, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, сызу

Алдыңғы білім

Ағаш өңдеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы: 10 минут

(Ұйымдастыру)

















Сабақтың ортасы

25минут

( Жаңа сабақ)








Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, ынтымақтастық атмосферасын орнату;

Оқушы назарын шоғырландыру;

Оқушылардың қарқындылығын анықтау үшін саралаудың жіктеу тәсілін пайдаланып, санау арқылы сыныпты 3 топқа бөлемін

1-топ «Береке» , 2-топ «Бірлік», 3-топ «Ынтымақ»

Бірлік түбі –тірлік

Ырыс алды-ынтымақ

Үй тапсырмасын сұрау

-Ағаштың қаңдай қасиеттері болады?

-Ағаш токарь станогы неше бөліктен тұрады?

-Ағаш токарь станогында қандай жұмыстар атқарылады?

-Қандай ағаштарды қолданамыз?

-Кескіштің қандай түрлері бар?

Жаңа сабақ

 Бесіктің құрылысы

1. Арқалық (арыс, белағаш) – ұзындығы 70-75 сантиметр, ұстап тұруға ыңғайлы, бесіктің ең үстіңгі, көлденең, жұмыр бел ағашы.

2. Бөген (алдыңғы бас, артқы бас) – негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.

3. Жақтау. Ол – төртеу. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең.

4. Шабақ. Бұл да – төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.

5. Сабау. Ол – екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.

6. Жорға. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы – бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербелуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігі – жорғаны қазақтар табан деп те атай береді.

7. Тақтай. Бесіктің түбек орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.

8. Шүмек. Бесіктегі сәбидің кіші дәреті үшін қойдың асық жілігінен бір басы тесіліп, екінші басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше. Кейде айрықша аппақ болуы үшін

оны алғаш пайдаланар алдында сүтке қайнатып алады.

9. Түбек. Сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы былғанбас үшін бесіктің ортасындағы тақтайды тесіп орнататын алмалы-салмалы киіз қалта. Шағын шыны құтылар (банкілер) пайда бола бастасымен содан түбек жасалатын болды. Шүмектің ұшы түбекке сұғынып тұрады.




Сарамандық жұмыс

1-топ станокта жұмыс атқарады

Бұл топ станокта бесік жақтауын жасайды

2-топ Ағаш бұйымдарды қолмен өңдейді

Бұл топ бесік бөгенін өңдейді

3-топ Ағаш бұйымдарды қолмен өңдейді

Бұл топ бесік жақтауын өңдейді

Оқушылар жасаған жұмыстарын қорғайды

Мақал-мәтелдер айту

1. Ел боламын десең бесігіңді түзе.

2. Есік арқалағаннан, бесік арқалаған артық.

3. Ер бесіктен танылады.

4. Ауылым - алтын бесігім.

5. Бесіктегі баланың бек боларын кім білер?

6. Төріңде бесік тұрса, төре де бас иеді.

7. Өз елің - алтын бесік.

8. Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді.

9Ел іші алтын бесік

10.Өз елің-алтын бесік



























Ағашты токарь станогында өңдеу технологиясы, бесік элементтерін жасау.

(презен.)

10- сынып


































Сабақтың соңы

(бекіту,бағалау)

4минут







Үйге тапсырма

1 минут

Қорытынды:Сұрақ-жауап

Жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында «Мен-саған, сен-маған» әдісін пайдаланамын.

-Бесік элементтерін ата

-Бөген қандай жұмыс атқарады

-Бесік қандай ағаштардан жасалады?

-Бесік жақтауыныңқызметі қандай?

Кері байланыс: Табыс ағашы


Ағашты токарь станогында өңдеу технологиясы, бесік элементтерін жасау.


Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылар қауіпсіздік ережесін қатаң сақтайды


Тапсырма, диалог және қолдау көрсету

Оқушы қарқындылығына қарай қосымша тапсырма беремін

Әр тапсырма сайын кері байланыс беріледі

Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау

Құрал-саймандармен жұмыс жасауда абай болу

Сабақ бойынша рефлексия:

- Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?





Прямоугольник 1



- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары сәтті болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Тексерілді:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
909
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12