Материалдар / Ашық сабақ. "Ағылшын тілдің пайдасы" 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. "Ағылшын тілдің пайдасы" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша барлық ұстаздар мен әріптестерге арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2018
500
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 1-бөлім: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас

Мұғалімнің аты-жөні: Балтабай Ақерке Сәтімбекқызы

Мектеп: «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ

Күні:

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Көп тіл білудің пайдасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.Т/А3. Тыңдаған мәтіннен детальді ақпаратты анықтау



Сабақ мақсаты

«Танысу» аудиожазбасынан детальді ақпаратты анықтау

Бағалау критерийі

Тыңдағаннан мәтіннен нақты ақпаратты анықтайды

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: көптілділік, көп тілді білу, тіл білуге қойылатын талап, ақпарат ғасыры, әлемдік мәдениет, әлемдік танымалдылық, тілдік орта, тілге деген қызығушылық, табыс көзі, мүмкіндіктер.

Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: «Меніңше, ...

Құндылықтарға баулу

  • қарым-қатынас жасау;

  • проблеманы шеше білу

  • өмір бойы оқуға дайын болу;

  • жауапкершілік;

  • өз елінің тілі мен мәдениетіне құрметпен қарау және т.б. құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталған тапсырмалар арқылы іске асырылады

Пәнаралық байланыс

Сабақта АКТ пайдалану арқылы информатика, география, әдебиет,тарих пәндерімен өзара байланыс

Алдыңғы білім

Бөлім бойынша алдыңғы сабақтарда өткізілген материалдар еске түсіріледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы – 15мин.






ҰЖ. «Сәлем!» оқушылар шеңберде тұрып әр елдің тілінде амандасады.

«Не себепті біз бүгінгі сабағымызды әр елдің тілінде амандасудан бастадық?» сауалы арқылы жаңа тақырыпты анықталады. Сонан соң оқушыларға оқу мақсаты мен жетістік критерийлері, дескрипторлар түсіндіріледі

қ има суреттер,

А3 парағы, фломастерлер

Сабақтың ортасы – 20мин.

ЖЖ. Тыңдалым алды тапсырмасы:

  • Көп тіл білудің мүмкіндіктері қандай?.

  • Көп тіл білген адамды кім деп атайды?

  • Тілдік жаһандану және қазақ ұлтына әсері қандай? деген сияқты сұрақтарға оқушылар өзара жұптаса отырып сұхбат жүргізеді.


Ж. Тыңдалым тапсырмасы:

Ағылшын тілінде оқушыларға «Танысу» деп аталатын аудиожазба ұсынылады. Оқушылар аудионы тыңдай отырып, мұғалімнің көрсеткен 5 сұрағына жауап іздеуі керек. Олар өз жауаптарын мұғалім ұсынған 1-кестенің сол жақ бағанына толтырады. Бұл оқушылардың нақты ақпаратты тыңдау стратегиясын дамытуға ықпал етеді.

Сұрақтар:

1.

2.

3.

4.

5.


Ағылшын тіліндегі нұсқасын тыңдағаннан кейінгі жауаптар

Қазақ тіліндегі нұсқасын тыңдағаннан кейінгі жауаптар

1.

2.

3.

4.

5.

1.

2.

3.

4.

5.


Кері байланыс: Мұғалім оқушылар өз жауаптарын кестеге толтырған соң, «5 сұрақтың», «4 сұрақтың», «3 сұрақтың жауабын көрсеткен оқушы» және т.с.с. сандардың кему ретімен сыныпта статистика жүргізеді де, ең аз ақпараты бар оқушыдан сұрауды бастайды. Барлық сұраққа жауабы бар оқушы тыңдалған соң, қазақ тіліндегі аудиожазбаны қосып, енді өз жұмыстарындағы кемшіліктерді түзету үшін жауаптарды 1-кестенің оң жақ бағанына жазуды сұрайды.


ЖЖ. Оқушылар жұпта екі тілде естіген ақпарат бойынша түсірген жауаптарын салыстырып, өздері үшін қорытынды жасайды.


Сергіту сәті «Қимыл-қозғалыс». Ағылшын тілінде ойналған әуенге билейді.


ТЖ. Осы жағдаяттан соң, мұғалім «ағылшын тілін білгенде, жұмыс нәтижесі қандай болар еді?» деген сауалмен ой тастап, шет тілін білудің маңызын «СВОТ талдау» арқылы талдауды тапсырады. Мұғалім оларға төмендегі тіркестерді пайдалана алатындығын ескертеді.


Пайдалы сөздер, сөз тіркестері: көптілділік, көп тілді білу, тіл білуге қойылатын талап, ақпарат ғасыры, әлемдік мәдениет, әлемдік танымалдылық, тілдік орта, тілге деген қызығушылық, табыс көзі, мүмкіндіктер.


СВОТ талдау

Шет тілдерін үйренудің

күшті жақтары:

-

-

-


Шет тілдерін үйренудің

әлсіз жақтары:

-

-

-

Шет тілдерін үйренудің

мүмкіндіктері:

-

-

-

«Шет тілдерін үйренудің

қауіпі:

-

-

-


Дескриптор:

  • ағылшын тіліндегі аудиожазбададан мұғалім көрсеткен 5 сұрақтың жауабын анықтайды;

  • қазақ тіліндегі нұсқасын тыңдап, кестеге толтырады;

  • бірінші жазғандарымен салыстырады;

  • өз нәтижелеріне сүйене отырып, топта СВОТ талдау жасайды;

  • тілді білудің маңызына қатысты көзқарастарын білдіреді;


ҚБ. Сабақ соңында мұғалім дескрипторға сүйеніп, әр оқушының жұмыс нәтижесіне ауызша кері байланыс береді








http://blog.englishvoyage.com/audio-dialogi-na-anglijskom-s-perevodom-anglijskie-dialogi-na-temu-znakomstvo/







жазу құрылымына арналған кесте

Сабақтың соңы – 10мин.

Кері байланыс «Сэндвич»

Оқушылар «сэндвичтің» 1-қабатына – сындарлы сын;

2-қабатына – ұсыныс;

3-қабатына – маңызды идеяны көрсетеді.


сэндвич сұлбасы


Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барынша қолдау: сыныпта әлі де тыңдалым дағдысы қалыптаспаған оқушылар үшін аудиожазба мазмұны баспа түрінде парақта ұсынылады. Бұл олардың жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді. Кестені толтыру барысында бұл оқушылар тыңдалым материалының аяқталғанына қарамастан, алдарындағы параққа сүйеніп жауаптарын жазуды жалғастырады. Сондай-ақ «СВОТ талдау» кезінде пайдалы тіркестерді қолдану ұсынылады.

Қабілетті оқушылар тіпті өздерінің ағылшын тіліндегі жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік алады

Оқушыларға оқытудың әр кезеңіндегі тапсырманы орындағанан кейін мадақтау, ынталандыру, уәждеу сөздері айтылып, үнемі көтермеленіп отырады. Бұндай сәтте білім алуға ұажеттілігі көп оқушыларға ерекше мін беріледі. Сабақ соңында оқушылардың мақсатқа жету/жетпеулеріне байланысты дескрипторға сүйеніп кері байланыс беріледі ждәне ол оқушының оқу үдерісіне түзету енгізуге бағытталады

Сабақ басындағы «Сәлемдесу» тренингі, шеңберде тұрып түрлі елдердің тілінде амандасу, тыңдалымның үш кезеңіне ұйымдастырылған тапсырмалар, «Свот талдау» сияқты оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, Қимыл-қозғалыс» сергіту сәті денсаулық сақтау технологиясыың мысалдары болып табылады

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?


Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?


Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!