Ашық сабақ Айтыс өнері 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Айтыс өнері 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал музыка пәнінің мұғалімдері үшін жасалды. Сабақ жаңартылған білім мазмұны негізінде жасақталды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Гумаров З.Г Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы,

Янайкин ауылы, Батурин ЖОББМ

жоғары санатты музыка пәні мұғалімі

Музыка

Пән: Музыка

Мектеп: Батурин жалпы орта білім беретін мектебі


Күні: 20.09.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Гумаров Замир Гиссатдинович


Сынып:5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


3-сабақтың тақырыбы:

Айтыс өнері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.1 Дәстүрлі халық әндері мен аспаптық музыканың, айтыстың жанры мен стилін, айтыстың түрлерін анықтау


Сабақтың мақсаты

Білу мен түсіну деңгейі: Дәстүрлі халық әндері мен аспаптық музыканың, айтыстың жанры мен стилін, айтыстың түрлерін анықтайды.

Қолдану деңгейі: Өздері білетін мәліметтерге сүйене отырып, 5 жолды өлең құрайды, домбыра аспабында халық әндерінен ән орындайды.

Ойлаудың жоғары деңгейі: Дәстүрлі халық әндері мен аспаптық музыканың айырмашылығын салыстырады, айтыстың жанры мен стиліне, айтыстың түрлеріне қатысты өз ойларын жүйелі жеткізеді.


Бағалау критерийі

Әннің, әуеннің, айтыстың жанры мен стилін ажыратады.

Айтыстың түрлерін анықтайды.


Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология:

Суырыпсалма, қайым, сүре, түре, импровизация сөздері

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Ақындар айтысу кезінде өз сөздерін қандай музыкалық аспаппен сүйемелдеп айтады?


Құндылық

Ұлттық құндылқтарымызды қастерлеп сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті


АКТ-ны қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;


Ресурстар

Оқулық, компьютер, музыка ойнатқыш, ақындар портреті, домбыра.


Алдыңғы білім

Қазақ халқы әнінің әуенділігі. «Көкшолақ» әні


Жоспар



Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Сабақтың басы

«Оркестр» жаттығуы: Балалар аспаптардың үнін салу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

Музыкалық аспаптар арқылы топқа бөлу.

Домбыра тобы:

Қобыз тобы:

Жетіген тобы:

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

«Жедел сұрақ»

Ән дегеніміз не?

Жанр дегеніміз не?

«Көкшолақ» әні қай жанрға жатады?

Ақындар айтысы дегеніміз не?

-Ақындар айтысу кезінде өз сөздерін қандай музыкалық аспаппен сүйемелдеп айтады?

Оқу мақсаты хабарланады.

Ресурстар

«Оркестр» жаттығуы

Домбыра, қобыз, жетіген.



Сабақ ережесі



Сабақтың ортасы

1.Мәтінмен жұмыс «Ақындар айтысы» ТЖ

«Түртіп алу» әдісі /мәтіндегі таныс емес сөздердің астын сызады да, мағынасын ғаламтор желісінен тауып дәптерге жазады/.

Айтыс - дегеніміз халық ауыз әдебиетінің бір түрі,әдеби жанр

Айтысқа қатысып айтысушы адам.

Айтыскер – айтысқа қатысушы, айтысатын адам.

Айтыс өнерінде лезде ойдан сөз шығару суырыпсалма деп аталса, музыка өнерінде импровизация деп аталады.

Қайым айтыс- айтыскердің өлең шумағының екі тармағын қайталап, ал үшінші, төртінші тармақтарда өз ойын жеткізетін айтыс түрі.

Түре айтыс- ақындардың қысқаша айтысуы.

Сүре айтыс- ақындардың ұзақ айтысуы.

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұнын түсінеді

  • Таныс емес сөздерді түртіп алады.

  • Сөздердің мағынасын анықтайды.

ҚБ: «Бас бармақ» арқылы бір-бірін бағалау.

С: «Жедел жәрдем»

2.Бейнеролик көрсету.

«Синквейн» әдісі

Бес жолды өлең шығарады

Тақырыбы «Айтыс»

Дескриптор:

-бейнероликтен тыңдалған тақырып туралы мысал келтіреді.

-шығармашылық қабілетін көрсетеді.

ҚБ: смайликтер арқылы бағалау



АКТ














Слайд


https://youtu.be/hQlSJUF8yYA


Сабақтың соңы

ҚБ «Домино» әдісі тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтап баға беру

Рефлексия

Оқушылар «Бес саусақ» әдісі бойынша кері байланыс жасайды.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2019
6277
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі