Ашық сабақ: Алаңқайдағы саңырауқұлақтар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Алаңқайдағы саңырауқұлақтар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Білімділік: саңырауқұлақтармен таныстыру, олардың орманда өсетіндігі жайлы түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорларын молайту. Табиғатқа деген қызығушылықты қалыптастыру. Дамытушылық: екі бөліктен тұратын қалпағы мен аяғын біріктіру тәсілін қолдана отырып дамыту. Тәрбиелік: табиғатта жүргенде өздерін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: шаттық шеңбері, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті, әңгімелеу,мадақтау, қорытындылау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Алаңқайдағы саңырауқұлақтар.

Мақсаты:

Білімділік: саңырауқұлақтармен таныстыру, олардың орманда өсетіндігі жайлы түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорларын молайту. Табиғатқа деген қызығушылықты қалыптастыру.

Дамытушылық: екі бөліктен тұратын қалпағы мен аяғын біріктіру тәсілін қолдана отырып дамыту.

Тәрбиелік: табиғатта жүргенде өздерін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: шаттық шеңбері, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті, әңгімелеу,мадақтау, қорытындылау.

Көрнекі құралдар: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, саңырау құлақтардың сурет, үлгі сурет, тақтайша, ермексаз, сулық.

Оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі: Шаттық шеңбері

-Армысыз қайрымды Аспан ата! Армысыз мейрімді Жер ана! Армысыз шұғылалы алтын Күн! Қуан шаттан алақай! Балаларды орманға серуенге шығару.(Үнтаспаданың көмегімен орманның дауысы) Саңырауқұлақтар алаңқайын көрсету. Балаларға саңырауқұлақтарды себетке жинату. Саңырауқұлақ туралы әңгімелеп сұрақтар қояды. Әңгімені тыңдап сұрақтарға жауап береді. -Балалар біз не жинадық? – Саңырауқұлақ жинады. -Саңырауқұлақ қанша бөліктен тұрады екен? – Саңырауқұлақтар екі бөліктен тұрады. Қалпағы, аяғы. Балалардың көңілін суреттегі саңырауқұлақтарға бөлу, түстерін сұрау.

ІІ. Негізгі бөлім: Балаларға В. Сутеевтің «Саңырауқұлақ саясында» ертегісін айтып беру. (Балалардың жас ерекшелігін ескеріп ертегіні қысқаша айтады.)

-Орманда кенеттен не басталды? -Саңырауқұлақтың астына нелер жиналды? -Жаңбырдан кейін не болды? Ертегі бойынша балалар сұрақтарға жауап береді. -Ендеше біз саңырауқұлақты мүсіндеп көрейік. Педагог өзі жасаған үлгіні көрсетеді. Тәрбиеші: Балалар, менің қолымдағы парақта түссіз саңырауқұлақты көріп тұрсіңдар. Осы парақтағы саңырауқұлақты ермексазды сүйкеп жағу арқылы мүсіндейтін боламыз. Ол үшін біз қызыл және қоңыр түсті алып, жоғарғы бөлігі қалпағына қызыл түсті ал төменгі бөлігі сабағына қоңыр түсті сүйкеп жағамыз. Өздерін қаласаңыз саңырауқұлағыңыз әдемі болу үшін қалпағын ақ ермексазбен кішкене әсемдесеңіз болады. Қалпағымен сабағын біріктіреміз. Біріктірген жерін саусағымызбен тегістеп қоямыз. Балаларға саңырауқұлақтың сабағы мен қалпағын біріктіруді, тегістеуді жеке-жеке көрсетеді. Қиналған балаларға көмектеседі. Сергіту сәті: «Күн және жаңбыр» ойыны Балалар шеңбер жасап тұрады. Әуен қосылып, саңырауқұлақ алаңқайында ойын ойналады. «Жаңбыр жауды» дегенде қолшатырдың астына жиналады. Жұмбақ. Орманнан алып келген қазанбасты, «Жейміз», -деп анам күліп, қазанға асты. (Саңырауқұлақ) Саңырауқұлақтардың бәрін жеуге болмайтынын, олардың ішінде жеуге жарамайтын улы түрі болатынын айтып ескертеді. Ол – мухомор деп аталады.

Дидактикалық ойын : «Тез құрастыр»
Балаларға 2 бөлікке бөлінген саңырауқұлақты тез әрі дұрыс құрастыруды ұсынамын.
Саңырауқұлақтың қалпағын және сабағын өз орнына қойып, саңырауқұлақты құрастырады.



ІІІ. Қорытынды бөлім:

Тәрбиеші: Балалар, бізде қандай ашық оқу қызметі болды? Бүгін не мүсіндедік? Тәрбиеші: Саңырауқұлақты қалай мүсіндедік? Саңырауқұлақ қайда өседі? Жасаған жұмыстарын талдау жасайды, суреттегі саңырауқұлақтармен салыстырады. Балаларды мадақтайды.









«Тексерілді»

«Балбөбек» жекеменшік шағын

орталығының әдіскері

Г.К.Сагпазова____________

«____»____________2022ж.















Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Алаңқайдағы саңырауқұлақтар»

















Өткізген: №1 «Балбөбек» кіші тобының

тәрбиешісі Сарсенова С.Г.











2021-2022 оқу жылы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2022
399
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі