Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ: Әлем елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЖШС «КАСПИЙ ӨҢІРІ «бОЛАШАҚ» колледжі»
«Келісілді» «Бекітемін»
«Жалпы білім беру» пәндер циклдік Әдістемелік кабинет меңгерушісі
комиссия жетекшісі _____________ Айтжанова Ш.Р.
______________ Друсбаева Ж.Б. «______» ______________ 2022ж.
«_____» ______________2022ж.
Ашық сабақ
Тақырыбы: Әлем елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу.
Өткізген: оқытушы Бултекова А.А.
Тобы: НОО-21
Ақтау 2021ж.
ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі____
(білім беру ұйымының атауы)
Cабақ жоспары
Әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі.
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы География___________________
Дайындаған педагог: ____Бултекова Ақтоты Айғалиқызы _____
2022 жылғы «7» ақпан
1.Жалпы мәліметтер
Курс, топ ___1 курс, НОО-21___
Сабақ типі ___Ашық сабақ____
2. Мақсаты, міндеттер:
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
-
Дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу;
-
Экономикалық даму көрсеткіштерін анықтайды;
-
Даму көрсеткіші бойынша елдерді жіктейді және елдердің дамуына әсер ететін факторларды талдайды;
-
Дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық даму модельдерін талдайды.
3. Сабақты жабдықтау
3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
1. К. Каймулдинова, С. Әбілмажінова – География 10 сынып. – Алматы: Мектеп,2019.
3.2. Техникалық құралдар, материалдар:
Техникалық құралдар (компьютер, ұялы телефон,), тірек-схемалар жазылған слайдтар, карта, видео ссылка және т.б
4. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 2 минут, студенттермен амандасу, тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау: 5 минут, алдыңғы тақырыпқа шолу жасау.
Жаңа сабаққа дайындық: 4 минут. Видеоролик. https://www.youtube.com/watch?v=-62u1k4Y3t8&t=123s
Жаңа сабақ: 15 минут.
• дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктейді;
• дамыған елдер топтарын біледі;
• дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық даму модельдерін біледі;
Жаңа сабақты бастар алдын, студенттер топқа бөлінеді. Қағаз қиындыларына елдер жасырылып тұрады, студенттер қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлінеді. Үш бөлімін топқа бөлінген 1 топ (Германия) – дамыған елдердің жалпы сипаттамасын,шаруашылық ерекшеліктерін, 2 топ (Жапония) – дамыған елдердің қандай топтарға жіктелгенін, 3 топ (Канада) – дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық даму модельдері тақырыптарын постер арқылы қорғап шығады. Әр топқа өзінің тақырыбы бойынша оқулықтар мен қағаз бетіне түсірілген мәліметтер беріледі. Сол мәліметтерге сүйене отырып, берілген тақырыптың маңыздылығын ашып, қалған топтарға түсіндіреді. Постерді қорғамас бұрын, әр топқа 2-2 сұрақтан дайындап, келесі топқа береді. Калған екі топ постер қорғау барысында берілген сұрақтарына жауап алып, постер қорғалып біткеннен кейін, әр топтың жауаптары тыңдалады.
1. Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, әлемдік экономикадағы орнына қарай экономикасы дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдер, және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі.
Дамыған елдердің жалпы сипаттамасы. Дамыған елдер әлемдік нарық пен халықаралық еңбек бөлінісінде жетекші рөл атқарады. Барлық халықаралық ұйымдар нарықтық экономикасы дамыған елдер қатарына 40 шақты елді жатқызады. Олардың 35-і әлемдік тауар өндірісі мен қызметтің 60%-ы тиесілі болатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше болып табылады.
Дамыған елдерде жиынтық ішкі өнім мен энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткіші жоғары. Соынмен қатар адамның өмір жасының ұзақтығы, қызмет көрсету саласының басымдылығы, экономикасының ашықтығы, ЖІӨ құрылымында ауылшаруашылығы үлесінің төмендігі тән. Сонымен, бұл елдерге тән даму алғышарттары ұқсас болады.
Қазіргі кезде дамыған елдер экономикасының басты қозғаушы күші – ғылыми-техникалық прогресс. Көптеген дамыған елдерде арнайы ғылым қалалары (технополистер) пайда болған. Ғылым мен техниканы дамытуда мемлекеттің қолдаушы рөлі жоғары болып отыр.
Дүниежүзі бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаржының 90%-дан астамы дамыған елдерге тиесілі.
Экономикалық өрлеуге қазіргі заманғы білім беру жүйесі де ықпал етеді. Мысалы, Жапонияда алдыңғы қатарлы технологиялармен айналысатын 450 университет бар. Дамыған елдердің экономикасы кәсіби біліктілігі жоғары мамандар мен ғалымдарды ұдайы қажет етеді. Сол себепті бұл елдерге дамушы елдерден «ақылдың ағылуы» жүріп жатыр.
2. Дамыған елдердің әлемдік экономикаға ықпалы өте үлкен. Олар әлемдік экономиканың жай-күйін, даму бағыттары мен өзгеру сипатын анықтап береді. Дамыған елдерде әлемдік жиынтық өнімнің ¾ бөлігі өндіріледі, бұл елдер ресурстардың басым бөлігін пайдаланады. Мысалы, дамыған елдерде жылына 50 млн дана автокөлік шығарылады. Дүниежүзі бойынша дамыған елдерде жан басына шаққандағы табыс көлемі ең жоғары болып табылады.
Дамыған елдерді әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері негізінде мынадай топтарға жіктейді:
-
Жоғары дамыған елдер;
-
Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері;
-
«Қоныс аударған капитализм» елдері;
-
Азиядағы жаңа индустриялық елдер;
Жоғары дамыған елдер. «Үлкен Жетілік» деп аталатын жоғары деңгейде дамыған басты капиталистік елдерді «өркениет локомативтері» деп те атайды. Бұл топқа АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония енеді. Әлемдегі «500-дің клубы» аталған аса ірі 500 ұлтаралық бірлестіктің 400-ден астамы осы елдерде орналасқан. Олардың үлесіне жалпы жылдық сату көлемінің 90%-ы тиесілі болады.
Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері. Бұл топқа Бельгия, Дания, Норвегия, Нидерланд, Исландия, Испания, Португалия, Швеция, Аустрия, Швейцария, Грекия, Ирландия мен Финляндия, сонымен қатар шағын елдер ( Монако, Люксембург, Лихтенштейн, Сан-Марино, Мальта, Андорра) жатады. Бұл елдердің экономикасы жетекші елдермен салыстырғанда онша ауқымды емес, соған қарамастан олар әлемдік экономикада елеулі орын алады. Бұл аталған елдердің айрықша маманданған салаларының болуымен түсіндіріледі. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде Бельгия мен Нидерланд: порт шаруашылығымен (Роттердам, Антверпен порттары); электр техникасы өндірісімен; Норвегия халықаралық теңіз тасымалына мамандануымен; Швейцария қаржы орталықтарымен және станок, сағат өндірісімен; Финляндия целлюлоза-қағаз өндірісімен; Швеция машина жасау және металлургия өнеркәсібімен ерекшеленеді.
Қоныс аударған капитализм елдері. Бұл елдер дамыған елдердің ерекше топшасын құрайды. Жалпы алғанда, «капитализмнің қоныс аударуы» деп дамыған капиталистік елдердегі капиталистік қатынастырадың (өндірісті ұйымдастырудың технологиясы, нарықтық шаруашылық үлгісі, өмір салты және т.б.) дайын үлгісінің бұрын капиталистік жүйе тән болмаған елдерге енгізілуін атайды. Осыған сәйкес, әлемде қоныс аударған капитализм елдері деген айрықша елдер тобы ажыратылады. Мұндай елдер тобына бұрын Ұлыбританияның отары болған Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы жатады.
Азиядағы жаңа индустриялық елдер. Аталған топқа Азиядағы жаңа индустриялық елдердің алғашқы легіндегі елдер енеді. Азиядағы жаңа индустриялық елдердің алғашқы легіне жататын Корея Республикасы, Сингапур және шартты түрде Қытайдың бөліктері деп есептелетін Сянган мен Тайвань өздерінің экономикалық көрсеткіштері бойынша және әлемдік экономикадығы орны жағынан дамыған елдер ұғымына сәйкес келеді. Халықаралық қаржы ұйымдары да ресми түрде Сингапур мен Корея Республикасын дамыған елдер қатарына жатқызады. Халықаралық валюта қоры оларды «экономикасы дамыған елдер», Әлемдік банк ресми түрде «табыс деңгейі жоғары елдер» деп атайды. Ал БҰҰ тарапынан аталған елдер адам дамуының индексі өте жоғары елдер ретінде сипатталады.
3. Дамыған елдерде мемлекеттік сектор мен нарықтық элементтердің арасалмағына байланысты әлеуметтік-экономикалық дамудың бірнеше модельдерін ажыратуға болады.
Либералды (америкалық) модельге мемлекеттік меншік үлесі төмен болуы және өндіріс саласында, сауда, инвестиция, жұмыс күшін пайдалануда нарықтық бәсекелестіктің үстемдігі, күрделі әлеуметтік жіктелу тән болады. Үкімет тарапынан заңдар салықтық және ақша-несие саясаты арқылы экономиканы реттеп отырады. Бұл әрекеттер нарықта бәсекелестікті дамыту және монополияларды шектеу, нарықтағы құлдырауларды болдырмау және жекелеген әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғау мақсатында жүргізіледі. Мемлекеттің ЖІӨ-ге шаққандағы шығындарының үлесі АҚШ-та 30% шамасында ғана болады. Бұл модеоь ХХ ғасырдың бастапқы онжылдықтарында АҚШ-та қалыптасып, осы кезге дейін сақталған. Ұлыбритания, Канада, Италия, Бельгия және т.б. елдердің экономикасы аталған модельге жақын дамып келеді.
Әлеуметтік бағдарланған (шведтік) модель табыстарды кеңінен бөлісу және қоғамдағы топтардың өзара келісімдеріне қол жеткізу арқылы әлеуметтік кепілдіктердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл модель алғаш рет Швецияда пайда болды. Қазіргі кезде бұл модель басқа да скандинавиялық елдерге, Аустралия мен Жаңа Зеландияға тән. Аталған елдерде кәсіподақтар өте белсенді қызмет етеді, сонымен қатар қоғамдық және жеке мүдделерді үйлестіруге бағытталған көптеген ұйымдар жұмыс істейді.
Әлеуметтік-нарықтық (германдық) модельде нарық бәсекелестігі жағдайында дамитын қоғамды айрықша әлеуметтік инфрақұрылым толықтырып тұрады. Әлеуметтік құрылым нарық жағдайында белгілі бір қиындықтарға ұшырайтын әлеуметтік қорғансыз топтарға ( табысы төмен жанұялар, жастар, жұмыссыздар, ұсақ кәсіпкерлер және т.б.) ұдайы қолдау көрсетуге негізделген. Мемлекет белсенді экономикалық әрекеттері арқылы өз бетімен жеткілікті табыс деңгейін қамтамасыз ете алмайтын осы топтардың басым бөлігіне қамқорлық жасайды. Жетілген нарықтық қатынастар мен мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдаудың үйлесуімен сипатталатын бұл модель Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Германия, Францияда қалыптасып, қазірге дейін осы елдерде үстем болып келеді.
Иерархиялық- бірлестіктік (жапондық) модель мемлекет бірлескен капитализмді белсенді түрде реттейтін және конфццийлік менталитет негізінде басқарылатын экономика болып табылады. Бұл елдердің шаруашылық дамуы төрт негізгі ұстанымға негізделген.
Бұл модель бойынша іскер топтар холдингтерде бірігеді, ұсақ және орта кәсіпорындар ірі банктер, кәсіпорындар айналасында шоғырланып, олармен ұзақ мерзімдік шаруашылық келісімшарттар жасайды. Осылайша олар нарыққа ірі қаржы-өнеркәсіп топтарының құрамында шығады. Мемлекет меншігінің үлесі төмен. Соған қарамастан, мемлекет экономикалық даму бағдарламаларын жасау, құрылымдық, инвестициялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізу арқылы қоғам өміріне белсенді араласады. Мемлекет жұмыс күшінің кәсіби біліктілігін арттыру мен мамандар даярлауды ерекше назарында ұстайды.
5. Бекіту тапсырмалары: 10 минут.
1. Қазіргі кезде дамыған елдер экономикасының басты қозғаушы күші не?
(Ғылыми –техникалық прогресс).
2. Ірі қаржы орталықтары?
(Лондон, Нью-Йорк, Чикаго, Токио).
3. Дамыған елдердің топтары?
(Жоғары дамыған елдер, Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері, Қоныс аударған капитализм елдері, Азиядағы жаңа индустриялық елдер).
4. Жоғары дамыған елдерге, қандай елдер жатады?
(АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония, Италия, Франция, Германия).
5. Бельгия, Норвегия, Дания, Исландия, Финляндия, Испания қандай топқа жатады?
(Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері).
6. Халықаралық валюта қоры «экономикасы дамыған елдер» деп атаған мемлекеттер?
(Сингапур, Корея Республикасы).
7. Гүл өсіруші мемлекет?
(Нидерланды).
8. Конфуцийлік менталитет негізінде басқарылатын экономика?
(Иерархиялық-бірлестіктік (жапондық) модель).
9. Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия және ОАР қандай ел тобына жатады?
(Қоныс аударған капитализм елдері).
10. Либералды модель қай кезеңде пайда болды?
(20ғ. АҚШта).
6. Бағалау: 2 минут. Стикер бойынша.
7. Сабақ бойынша рефлексия: 6 минут.
Бүгінгі сабақтан алған әсерім қаңдай?
Нені үйрендім?
Нені түсінбедім?
Нені білгім келеді?
8. Үй тапсырмасы: 1 минут.
Тақырыпты қайталау. Дамыған кез келген 5 мемлекеттің туризмі туралы мәлімет жазып, презентация дайындау.