Материалдар / Ашық сабақ Әлемдік діндер және өркениеттерінің дамуы 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Әлемдік діндер және өркениеттерінің дамуы 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемдік діндер және олардың құндылықтарын анықтау, қоғамдағы діни бейімделуге әсер етуші факторларды анықтайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
4087
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 01-бөлім. Әлем өркениеттерінің тарихы

1.2. бөлімше

Мектеп:В.Терешкова атындағы шағын орталықты орта мектеп

Күні: 19.03.2020.

Мұғалімнің аты-жөні:Есмуратова Гульвира Нұрғалиқызы

Пәні: Дүниежүзі тарихы

Сынып: 10

Қатысқандар: 20 Қатыспағандар :1

Сабақтың

тақырыбы:

Әлемдік діндер және өркениеттерінің дамуы


Сабақ негізделген оқу мақсаты

10.1.3.8.әлемдік діндер ілімдеріндегі жалпы адамгершілік құндылықтарды анықтау;

10.1.3.9 қазіргі кездегі өркениет жағдайында әлемдік діндердің тенденцияларын анықтау;

10.1.3.8 қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады: Әлемдік діндер және олардың құндылықтарын анықтау;Қоғамдағы діни бейімделуге әсер етуші факторларды анықтайды;Қазіргі әлемдегі және діндегі өзгерістерді анықтайды;(білу, түсіну)

Оқушылардың көпшілігі істей алады: Будда,Христиан және ислам діндерінің ерекшеліктерін салыстырады;Қазіргі әлемдегі және діндегі өзгерістерді салыстырады.

. (қолдану)

Кейбір оқушылар істей алады:Деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың құрылған жылын,орын алған мемлекеттерді,ұйымның мақсатын,қоғамға әсерін сипаттап ,жазып бағалады. (талдау, бағалау)

Бағалау критерийлері

- Әлемдік діндердің және олардың құндылықтарын анықтайды,таралу деңгейін біледі;

-Қоғамдағы діни бейімделуге әсер етуші факторларды анықтайды

Қазіргі және әлемдегі діндегі өзгерістерді анықтайды;

- Дәстүрлі емес культтердің пайда болу және таралу кезеңдерін анықтап, баға береді;

-Будда,ислам және христиан діндерінің ерекшеліктерін анықтап,баға береді.

- Деструктивті діни ағымдардың белгілерін талдайды.

Пәнаралық байланыс

География,Дінтану

Құндылықтармен байланыс

- өмір бойы оқуға, ізденуге дайын болу;

- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

- жауапкершілік;

- қамқорлық көрсету

Тілдік мақсат

«Джигсо» әдісі арқылы мәтінді оқыды, талқылады,берілген тақырыпты толықтырып постерге жауап жазды.(оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым)

«Кім жылдам» әдісі арқылы жұптасып толық емес ақпараттарды талқылып, жинақтады.( айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым)

«Тапқыр» әдісі арқылы айтылым, жазылым, оқылым дағдылары қалыптасты

Алдыңғы білім

«Теңге алу» әдісі арқылы өткен сабақта өтілген «Көне философиялық ілімдер» тақырыбында алған білімдерін қорытындылаймын.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

Басы

5-мин


Оқушылармен сәлемдесіп,сыныпты түгендеймін.Сыныпты «Смайлик» әдісі арқылы 3 топқа бөлемін.Оқушылардан алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында «Теңге алу» әдісі арқылы өткен сабақты сұрап,қорытындылаймын.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушыларға айтып таныстырамын.



Сабақтың ортасы


30мин.















































































Барлық оқушылар орындайды: Оқушыларға «Әлемдік діндер» тақырыбына сай бейнематериал көрсетемін.

Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісімен топтық,мәтінмен постер жұмыс жасайды.

1-тапсырма:

1-топ:Христостың уағызы.

2-топ:Мұхаммедтің қоштасу уағызы.

3- топ:Буддистердің сегізгерлік құтқару жолы.

Дескриптор: білім алушы-

-«Әлемдік діндер» тақырыбына сай бейнематериал көреді;

-Мәтінді топпен оқиды, талқылайды, келесі топқа барып айтады;

-Христиан дінінің моральдық құндылықтарын анықтайды;

-Ислам дінінің моральдық құндылықтарын анықтайды;

-Будда дінінің моральдық құндылықтарын анықтайды;

-Сынып алдында постер қорғайды;

Кері байланыс.Топтардың бірін-бірі бағалауы.


Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісімен бағалау

2-тапсырма

Мына кілт сөздерді пайдалана отырып,секуляризация,модернизация,экуменизм,

Реформаторлар,консерваторлар,христиандық,ислам,шағын эссе жазады.

Бағалау крийтерилері

-Секуляризация ұғымының мәнін ашады

-Модернизация ұғымының мәнін ашады

-Экуменизм ұғымының мәнін ашады

-Реформаторлар сөзінің мәнін ашады

-Консерваторлар сөзінің мәнін ашады

Қ\б Мұғалімнің бағалауы

3-тапсырма

Басым бөлігі орындайды: «Кім жылдам» әдісі. Жұптық жұмыс.

Оқушының орындау қадамы: Кім жылдам әдісі арқылы әлемдік діндердің қай мемлекеттерде дамығандығын көрсетеді.

Дескриптор:

-Кескін картадан діндердің пайда болып,дамыған мемлекеттерді көрсетеді,белгілейді.

Қ\Б жұптың бірін-бірі бағалауы.

4-тапсырма: Будда,ислам,христиан діндерінің ерекшеліктерін,ұқсастықтарын анықтап салыстырыңдар;

Діндер

ерекшеліктері

ұқсастықтары

Ислам



Христиан



Будда




Дескриптор: білім алушы-

-Берілген мәтінді оқып, түсініктеме береді;

Ислам,Христиан,Будда діндерінің ерекшеліктерін анықтап салыстырады;

-Ислам Христиан,Будда діндерінің ұқсастықтарын анықтап салыстырады;

- Өзара бағалау ;


Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісімен бағалау

5-тапсырма

Кейбір оқушылар орындайды:

Жеке жұмыс

Деструктивті діни ағымдар мен ұйымдар туралы мәліметтерді кестені толтыру арқылы сипаттап, бағалаңыз


Деструктивті діни ұйымдар мен қозғалыстар

Құрылғанжылы

Орын алған мемлекет

Мақсаты

Қоғамға әсері

Ислам революциясы





Талибан қозғалысы






Дескриптор:

-Ислам революциясы жөнінде біледі;

-Талибан қозғалысы жөнінде біледі

Қ\Б Оқушының өзін-өзі бағалауы.

Презентация «Әлемдік діндер»

Будистердің сегізгерлік құтқару жолы https://indiada.ru/religia/buddizm-osnovnye-idei.html

Христостың уағызы http://www.pravmir.ru/nagornaya-propoved-mf-5-7/

Мұхаммедтің қоштасу уағызы http://umma.ru/propovedi/propovedi-ildara-alyautdinova/8111-proshchalnaya-propoved-proroka-mukhammada






Флипчарт қағаздары, маркер.





















А4 форматтағы қағаздар, маркер.















Кесте сызылған үлестірмелік материалдар.

Сабақтың соңы


5- мин

Кері байланыс. «Қошемет» әдісі

1.Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң,3 рет шапалақта

2.Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң,2 рет шапалақта

3.Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып,мұғалімнің көмегі қажет болса,1 рет шапалақта

Үйге тапсырма:Тақырып бойынша жылдармен жұмыс жасау.

Сабақты қорыту соңғы 2 минут әдісі

Оқушылар сабақта нені білгендігі әрі не нәрсені түсінбегендігі жайлы рефлексия жасайды.




Смайликтер

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, денсаулық, АКТ-мен байланыс.

Барлық оқушылар:

«Джигсо» әдісі арқылы

білім алушылар топта мәтінді талдап постерге жазып будда,христиан діндерінің моральдық құндылықтарын анықтады.Ислам дінінің моральдық құндылықтарын анықтады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Будда,ислам,христиан діндерінің ерекшеліктерін ұқсастықтарын салыстырып анықтады. Кейбір оқушылар: «тапқыр» әдісі арқылы Деструктивті діни ағымдар мен ұйымдар туралы мәліметтерді кестеге сипаттап жазып толтырды.

Қалыптастырушы бағалау:

«Стикерлер»

«Бағдаршам»

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау жүргізілді


Кері байланыс. «Сабақ мазмұны бойынша «Қошемет» әдісі.

1.Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң,3 рет шапалақта

2.Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң,2 рет шапалақта

3.Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып,мұғалімнің көмегі қажет болса,1 рет шапалақта

Үйге тапсырма:Тақырып бойынша жылдармен жұмыс жасау.

Сабақты қорыту соңғы 2 минут әдісі

Оқушылар сабақта нені білгендігі әрі не нәрсені түсінбегендігі жайлы рефлексия жасайды.



АКТ қолданған кезде оқушылардың қауіпсіздік ережелері сақталды.


Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақтың оқу мақсаттары шынайы , қол жетімді болды ма?Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім, неліктен?

Сабақ мақсаттары ретімен болды. Сыныпта топтық жұмыс оқушының белсенділігі артты, уақытты тиімді пайдаландым.Сабақта оқушылардың қажеттіліктеріне орай, белсенді әдістерді тимді пайдаландым. Сабағымда оқу мақсатыма жеттім.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!