Материалдар / Ашық сабақ: "Алма" ертегісі

Ашық сабақ: "Алма" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің ішкі күйі мен іс - әрекетін сахнада ойнай отырып, бейнелей білуге дағдыландыру, қызығушылық әрекетін қабілеттерін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Тамыз 2021
735
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылы, «Ақбөпе» балабақшасы
тәрбиеші Мырзакулова Гулжан


Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің ішкі күйі мен іс - әрекетін сахнада ойнай отырып, бейнелей білуге дағдыландыру, қызығушылық әрекетін қабілеттерін ояту. Өздерінің тиесілі рөльдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу. Балаларды бір-бірін сыйлауға, өзара тату болуға, қолындағы барын бөлісіп жеуге, әділдікке баулу.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, тыңдау.
Көрнекілігі: Алма ағашы, қоян, қарға, кірпі, аю суреттері, дамытушы ойын құралдары.
Қостілді компонент: кірпі - ежик - hedgehog
қарға - ворона - crow
қоян - заяц - hare
аю - медведь - bear

Шаттық шеңбер

Қайырлы таң досым, Қайырлы күн болсын. Жеті күннің әр сәті сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз кілең бестік болсын.
Кіріспе бөлім: Ерте,ерте, ертеде, ертегі сыр шертеді. Оқу қызметімізді бастайық, қиялдап бір тастайық,- балалар «Алма» ертегісі тыңдағыларың келе ме? Олай болса, көгілдір экранға назар аударайық.

-Ой, балалар ертегі кейіпкерлерінің сендерге бірнеше сұрағы бар екен, жауап берсеңдер ғана ертегіні көре алады екенсіңдер. Жауап береміз бе?
Балалар: Иә, жауап береміз.

1. Кірпі: мен жауымнан қалай қорғанамын? Балалардың жауабы:-жауынан қорыққанда домалана қалады. Кірпі-ежик- hedgehog

2.Қоян:- ақ түсті тонымды жылдың қай мезгілінде киемін? Балалардың жауабы:- ақ түсті тонды-қыста, сұр түсті тонды-жазда. Қоян - заяц – hare

3. Аю: менің үйім қалай аталады? Қыста не істеймін? Балалардың жауабы:- аюдың үйі-апан. Қыста ұйықтайды. Аю - медведь – bear

4. Қарға: мен балапанымды не деп еркелетемін? Балалардың жауабы:- қарға баласын «аппағым» деп еркелетеді. Қарға - ворона – crow

Жарайсыңдар, балалар. Ертегі- біздің досымыз, ертегі-көңіл хошымыз- алма ертегісін мұқият тыңдап отырыңдар. (интерактивті тақтадан «Алма» ертегісін көрсете отырып, әңгімелеу)

Сөздік жұмыс
- Жылдың қай мезгілі еді?
- Жабайы алма қайда қалды?
- Алманы кім көрді?
- Қоян Қарғаға не деді?
- Қарға не істеді?
- Кірпі нені алып кетті?
- Үшеуі қайда барды?
- Аю не деп жауап берді?
- Қандай мақал айтты?

Тыныштық сәті: Үнтаспадан сайраған құстардың, жел тербеп сыбдырлаған ағаш жапырақтарының, сылдырап аққан судың, сусылдаған құмның, уілдеген желдің даусы естіледі.
- Қане, бәріміз бір сәтке көзімізді жұмайық. Табиғат аясында серуендеп жүрміз деп ойлайық. Таза ауа, ашық аспан, құстар қалықтап ұшып жүр. Алыстан судың сылдыраған сылдыры естіледі. Терең тыныс алайық. Көзімізді ашайық.
Сергіту сәті:
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін алманың
Қонақтарға сыйлайық!
(Қимылмен көрсетеді).

-Балалар біздің кейіпкерлер бір алманы бөліп жегеннен қарындары тояды деп ойлайсыңдар ма?
Балалардың жауабы:-Жоқ.
Дидактикалық ойын: «Не нені жейді?»
Шарты: сіріңкенің қорапшаларындағы ертегі кейіпкерлері мен олардың азықтарын сәйкестендіру.
Ертегіні сахналау. Балалар рөлдерге бөліп сахналайды.
Аяқталды ертегі, Ертегі сырды шертеді. Еңбекті сүй балақай, Дос қадірін біл деді.

Қорытынды:
Сұрақтарға жауап алу:
- Егер алманы сен тауып алсаң, не істер едің?
- Бірге бөлісіп жеген дұрыс па?
- Алма қайда өседі?
- Достар бір - біріне қандай болу керек?
- Бүгінгі оқу қызмет ұнаса алдарындағы смайликті көтеру

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету.
Түсінеді: Ертегі кейіпкерлерінің ішкі күйі мен іс - әрекетін сахналауды.
Қолданады: Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ