Материалдар / Ашық сабақ. Алма муляжы мен бейтарап фондағы дорлық капитель суреті.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Алма муляжы мен бейтарап фондағы дорлық капитель суреті.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушылар мен оқушылар пайдалана алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
356
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы ішіндегі

мектеп – интернатының арнайы пән оқытушысы:

Рамазанов Ахметжан Мұқажанұлы


Ашық сабақ.


Сабақтың тақырыбы: «Алма муляжы мен бейтарап фондағы дорлық

капитель суреті. Капительді жоғарыдан төмен бүрмеленіп

жартылай жабылған матамен салу. (Капитель - көз деңгейі

сызығынан төмен, сәуле мен көлеңкенің үйлесімділік үлгілеуі)»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: алма муляжы мен бейтарап фондағы дорлық капительдің суретін

салып үйренуді меңгерту.

2. Дамытушылық: дұрыс пропорцияларын табу, бір-бірімен салыстыру,

есте сақтау, ажырата білу, ойлау, бұрыштарын аңғарып

бейнелеу қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: алма муляжы мен бейтарап фондағы дорлық капительдің суретін

салу арқылы тазалыққа, ішкі жан сұлулығын сезе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың ұйымдастыру түрлері: жалпылама, жекелей жұмыс түрі.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, иллюстрациямен жұмыс,

«Венн диаграммасы», «Insert» кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: гипстен жасалған дорлық капитель, түрлі- түсті

иллюстрациялы суреттер, «Венн диаграммасы»,

«Insert» кестесі, мультимедиялық проектор.

Пәнаралық байланыс: сызу, орыс тілі, геометрия.

Пайдаланылған әдебиет:

1. Род.Л.В. Специальное рисование: Учебник. Астана: Фолиант, 2008.

2. Ә.Төлебиев. Сурет сала білесің бе? Алматы, «Өнер», 1990.

3. В.С.Шаров. Академическое обучение изобразительному искусству. Москва: 2014

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу,

ә) оқушыларды сабаққа бейімдеу.

б) жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2. Жаңа сабақ: (Иллюстрацияны қолдана отырып, оқытушының жаңа сабақты

түсіндіруі).

Ғимараттың карнизі үшін тікелей тірек болып қызмет ететін колоннаның жоғарғы бөлігі капитель деп аталады. Ежелгі Грецияның архитектурасында кеңінен қолданылатын дорлық капитель – бұл қарапайымдылықпен және айқындылығымен ерекшеленетін капительдердің ерте түрі.

Суреттің басты міндеті – капиторлардың сызықтық - конструктивтік құрылымы. Гипстен жасалған дорлық капительдің көлемін салар алдында, ең бірінші, қағазға компановка жасап алу керек. Тек қана капительдің үлкен пішінін пропорционал, перспективалы және конструктивті түрде салып, бөлшектерді құруға көшеміз. Жарық пен көлеңке беру арқасында (мөлдір, форма бойынша штрихтап) бөлшектерді мұқият саламыз. Салып жатқан кезде сурет үлкен немесе кішкентай болып қалмау үшін оқушыларға суреттегі үйлестіру заңдылықтары: пішіннің құрылымдық заңы және оның конструкциясы, перспектива туралы сызықтық және кеңістік заңы, оптикалық иллюзия, пропорциялық пішін келтіру, жарық пен көлеңке заңдылықтары, геометриялық денелердің құрылымдық заңдарын еске түсіртіп, қайталатып, сұрақтар қоя отырып, түсіндіремін.Түсіндіріп болған соң, тәжірибе жүзінде салыстыра отырып, салуды үйретемін.

Гипстен жасалған дорлық капительін салуда жарық пен көлеңкенің берілуі, артқы форматқа бейнені дұрыс қиыстыру; геометриялық пішіндерді дұрыс құрастыру; сызықтық перспектива ілімін пайдалану; пішін көлемін беруде жарық және көлеңке заңдылықтарын беру ережелері келесі кезеңдерде жалғастырылады.

Оқушы қағазға қарындаштың жеңіл сызуымен кестелеп бастау қажет және үнемі пропорцияларын сақтап отыруы тиіс. Сурет салып отырған кезде, гипстік дорлық капительдің көлемін жоғалтпау қажет. Жұмысты штрихтап аяқтау керек.

Тірі адам денесіне қарағанда, гипстен жасалған дорлық капительін салудың тиімдісі - ол қозғалмайды және ұсақ дене бөлшектері болмайды. Олар бір түсті (ақ түсті) боялған.

Гипстен жасалған дорлық капительін салу, әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеленеді. Ол кезеңдер бейнеленетін дененің көлемінің күрделілігіне қарай 3- 4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады.

1-ші кезең. Гипстен жасалған дорлық капительдің қағазда орналасуын

анықтау.

2-ші кезең. Гипстен жасалған дорлық капительдің құрылымын табу.

3-ші кезең. Гипстен жасалған дорлық капительдің пішінін сомдау.

4-ші кезең. Суреттің аяқталуы немесе түйін.

Бүгінгі жаңа сабағымыз I-ші кезеңді ғана қамтиды. Сондықтан бүгін, тек гипстен жасалған дорлық капительдің қағаз бетіне дұрыс орналасуын анықтап, оны бейнелейтін сызықтарды жүргізіп, салып үйренеміз.

Гипстен жасалған дорлық капительдің көлемін дұрыс бейнелеу үшін оның тасаланып көрінбей тұрған жерлерін де бейнелеу керек. Сөйтіп, көмекші сызықтар арқылы гипстен жасалған дорлық капительдің дәл бейнесін анықтап, салып үйренеміз.

3. «Венн диаграммасымен» жұмыс:

Гипстен жасалған дорлық капитель мен тірі гүлді салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тапқызу, бейнелеуге машықтандыру.

«Венн диаграммасы»

Shape2 Shape1

дорлық капитель



Гипс

тірі гүл

Айырмашылығы Айырмашылығы


Ұқсастығы


А) Гипстен жасалған дорлық капитель мен тірі гүлдің айырмашылықтары

мынада: тірі гүлдің қозғалысы көрініп тұрады. Ал гипс өлі, қозғалмайтын,

бір түсті зат.

Ә) Ортақ ұқсастықтары: екеуі де сурет.


4. Бекіту: Бүгін «Сұрақ - жауап» әдісі бойынша жаңа сабағымызды

жинақтаймыз.

1. Гипстен жасалған дорлық капительді салу үшін қандай заңдылықтарды білу

керек?

2. Гипстен жасалған дорлық капительдің тірі гүлден қандай айырмашылығын

аңғардыңдар?

3. Гипстен жасалған дорлық капитель мен тірі гүлді салғанда қандай

ұқсастықтарды байқадыңдар?


5. Қорытынды: «Insert» кестесі бойынша оқушылардың пікірлерін тыңдай

отырып, жаңа сабақты қорытындылау.


Нені білдім?

Нені үйрендім?

Нені білгім келеді?

Нені үйренгім келеді?

Мен үшін жаңалық


Сұрағым бар?








6. Бағалау: жаңа сабақ бойынша белсенді жауап берген және жақсы сурет

салған оқушыларды мақтау, суреттерін бағалау.

7. Үйге тапсырма: 1. Алма муляжы мен бейтарап фондағы дорлық капительдің

суретін (наброска) қарындашпен салып келу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!