Материалдар / Ашық сабақ. Алтайдың сұлу табиғаты. 6-сынып. Қазақ тілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Алтайдың сұлу табиғаты. 6-сынып. Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарын іздеушілерге әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2021
1459
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер

Сабақтың тақырыбы: Алтайдың сұлу табиғаты


Мұғалімнің аты-жөні: Гапарова Сания Хакимовна

Күні:

СЫНЫП: 6


Қатысқан оқушылар саны: 26


Қатыспаған оқушылар саны: 26

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.Т/А1. Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;

6. Ж3. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру.

Сабақ

мақсаттары :


Оқушылардың барлығы орындай алады:

Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтінді сызба түрінде құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тақырыпта көтерілген мәселені дәлел келтіріп болжайды. Деректерді салыстыра отырып, графиктік мәтінді өмірмен байланыстырып, сызба түрінде құрастырады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіре отырып болжайды. Жиналған деректерді саралап, графиктік мәтінді нақты фактілерге сүйеніп, сызба түрінде құрастырады.


Ойлау дағдысы

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

  • Мәтінде көтерілген мәселені болжайды.

  • Мәтін атауын талқылайды

  • Тақырып бойынша деректер жинайды.

  • Графиктік мәтінді сызба түрінде құрастырады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

Мәтін атауын талқылайды, болжайды. Графиктік мәтінді құрастырады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Шүмек, Марқакөл, Шанағаты, марқа

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының 6 құндылығы: тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылығы негізінде оқушыларды елжандылыққа, сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

География, тарих

Алдыңғы оқу

Табиғат, Қазақстанның өзен-көлдері туралы біледі.

Жоспарланған жаттығу түрлері

Жоспарланған уақыт


Ресурс

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін шоғырландыру

Оқушыларды оқу және сабақ мақсаттарымен таныстыру.

Топтарға бөлу.

«Мозайка» әдісі. Жұмбақтас, Марқакөл, Барсакелмес, Қызылқұм

«Сыныпқа кіру билеті» әдісі.

Оқушылар бүгінгі сабақта не білгілері келетіндігі туралы жазады.







Үлестірмелі материалдар


Сабақтың ортасы






Ж

1-тапсырма. Сурет пен тірек сөздерге сүйене отырып, тыңдалатын мәтіннің мазмұнын болжайды.

«Болжау» стратегиясы арқылы жүзеге асырылады.

Бұл әдіс- берілген ақпаратты болжау арқылы оқушының өзінің болжамын білдіре отырып, өз ойын еркін жеткізуге, шапшаң әрі сыни ойлауға мүмкіндік береді.


Дескриптор:

  • Сурет пен тірек сөздерді байланыстырады.

  • Мәтін мазмұнын болжайды.


Қ.Б. «Сөзбен бағалау» әдісі: Мұғалiм жаттығуды жақсы орындаған оқушыны мадақтау арқылы ауызша түрде кері байланысқа түседі, ал оқушы өзінің осы материалды немесе ақпаратты ойдағыдай меңгергенін түсінеді.


Ж.Ж

2-тапсырма. Үнтаспадан 1-аудиомәтінді тыңдап, өз болжамдарыңмен салыстырыңдар. Мәтін атауын талқылаңдар.

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отырмын.

Аталған әдісте оқушылар ойлана, жұптаса одан кейін мәтіннің атауын бір-бірімен талқылау арқылы тапсырманы орындайды.


Дескриптор:

  • Мәтінді өз болжамдарымен салыстырады.

  • Мәтін атауын талқылайды.


Қ.Б. «Қолмен белгі беру» әдісі: Мұғалім оқушылардан материалды түсінгенін немесе түсінбегенін білдіретін белгіні көрсетуін сұрайды.

- Мен түсінемін__________ және түсіндіре аламын (қолдың үлкен саусағы жоғары бағытталған)

- Мен әлі де түсінбей отырмын _________________ (қолдың үлкен саусағы жанға қарай бағытталған)

- Мен сенімді емеспін _______________(қолды бұлғау)

Мұғалім белгілерге қарап, әр топтың оқушыларынан сұрайды.


Т.Ж

3-тапсырма. Берілген мәтіндегі деректерді жинақтап, графиктік мәтінді сызба түрінде құрастырыңдар. Интерактивті тақтаны пайдаланамыз.


Графикалық органайзердегі «Өрмекші» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Мұнда оқушылар уақытты үнемдей отырып, алған білімдерін сызба түрінде көрсетеді. Сызбаға түсіруде олардың шығармашылық, ойлау дағдалары арта түседі.


Дескриптор:

  • Берілген мәтіндегі деректерді жинақтайды.

  • Графиктік мәтін құрастырады.


Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі: Оқушылар бір- бірінің жұмысына пікір айтқанда жұмыстарды бағаламайды, олар жұмыс барысындағы екі жағымды сәтті анықтап көрсетеді және толықтыруды қажет ететін бір сәтіне өз тілектерін білдіреді.


Оқулық. Алматы «Мектеп» 2018.

7-бет.









Үлестірмелі материалдар






Қазақ тілі. Тыңдалым мәтіндері.

МАН.

1-аудиомәтін







Үлестірмелі материалдар













Графикалық органайзер







Үлестірмелі материалдар

Сабақтың соңы

«Сыныптан шығу билеті» әдісі.

Оқушыларға олардың оқуына қатысты сұрақтар жазылған қағаз беремін. Олар сұрақтарға жауап беріп, оны шығуға рұқсат етілген уақытқа дейін жазып берулері тиіс.

Сабақты қорытындылауға арн.идеялар.



Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталып алынған.

«Тапсырма» тәсілі арқылы.

1-тапсырма. Сурет пен тірек сөздерге сүйене отырып, тыңдалатын мәтіннің мазмұнын болжайды.

Қолдауды барынша қажет ететін оқушылар: тақырыпты болжауға қосымша тірек сөздерді беремін.

Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар: берілген тірек сөздерді синонимдермен алмастырып жазады.

Қолдауды аз қажет ететін оқушылар: болжаған мәтінді «Тау шыңы» кестесіне түсіреді.

2-тапсырмада диалог және қолдау көрсету негізінде саралау: «Ойлан, жұптас, талқыла» белсенді әдісі кезінде оқушыларға сұрақ қою арқылы мәтін атауын талқылауда, мәтінді өз болжамдарымен салысыруда ойын сыни тұрғыдан жеткізе отырып, мақсатқа қол жетуіне ықпал жасайды.

3-тапсырма. Графикалық органайзердегі «Өрмекші» белсенді әдісі кезінде тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталып алынған. Оқушыларға жетекші және нақтылау сұрақтарын қоя отырып, мақсатқа қол жеткізулеріне ықпал жасап, саралауды диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы жүргіземін.



Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Әр оқушының тапсырманы орындау барысындағы әрекетін бағалауға тырысамын. Орындалған тапсырманларға қолдау көрсетіп отырамын.

Қалыптастырушы бағалау:

«Сөзбен бағалау » әдісі

«Қолмен белгі беру» әдісі

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Кері байланыс: «Сыныптан шығу билеті» әдісі. Оқушылардан аталған кері байланысын ала отырып, келесі сабаққа түзету енгізе аламын. Ұтымды әрі кемшілік жіберілген тұстарын бақылауға аламын.







Пəнаралық байланыс: география және тарих пәнімен байланыс бар. Себебі мұнда жер-су атаулары кездеседі. Сонымен қатар Марқакөлдің шығу тарихы айтылады.

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері: топтық, жұптық жұмыстарда қауіпсіздік ережелерін және сөйлеу мәдениеттерін қадағалап отырамын.

АКТ-мен байланыс: Тыңдалым кезінде интеративті тақтаны пайдаланамын. Графикалық органайзердегі «Өрмекші» әдісін интерактивті тақтада орындайды.

Құндылықтардағы

байланыс: 6.Тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылығы негізінде оқушыларды елжандылыққа, сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары шынайы әрі қолжетімді болды. Сол себепті сабақ мақсатына жетті. Бүгінгі сабақта оқушылар (Сыныпқа кіру және шығау билетінен) берілген мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжады. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтінді сызба түрінде құрастырды. Алтайдың сұлу табиғаты туралы ақпарат алды.

Сыныптағы ахуал жақсы, білуге деген бәсекелестік болды.

Жоспарлаған саралау тәсілдері тиімді әрі қажет болды. Себебі, саралау тәсілдерді мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Берілген уақыт ішінде жоспарланған тапсырмаларды орындауға үлгердік. Жоспары түзетулер енгізген жоқпын, барлығы жоспарға сәйкес жүзеге асты.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Қалыптастырушы бағалауды дұрыс жүзеге асыру

2: Сабақтағы тиімді әдіс-тәсілдер

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Ауызша бағалаудың болғаны

2:Оқушылардың белсенділігі

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тиімді кері байланыстың болуы келесі сабақты одан әрі жетілдіруге септігін тигізеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!