Ашық сабақ "Алтын күз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ ұстаздарға ашық сабақ откизуде көмегі зор. Балабақша тәрбиешілеріне мектепалды мұғалімдеріне арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Казталов ауданының «Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинетінің» тәрбиешісі Галимова Гүлжан Бақтиярқызы.

Сабақтың тақырыбы: «Алтын күз».

Сабақтың мақсаты: балалардың күз туралы түсінігін кеңейту. Алтын күздің ерекшеліктері туралы әңгімелеу. Тақпақтарды айтқызу арқылы балалардың тіл байлығын дамыту. Қол моторикасын дамыту мақсатында суреттерді бояту, құрастыру арқылы жапсырту. Оқушылардың ойынға деген қызығушылығын және ойын іс әрекетін дамыту. Құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: күз көрінісі бейнеленген суреттер, геометриялық пішіндер, жемістер, көкөністер, желім, қайшы, суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын, сұрақ жауап.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп қалыпты. Олай болса, барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық.

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн туды,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!


ІІ. Негізгі бөлім:

Сәлеметсіздерме қонақтар!

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Ия, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?

- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші. Тыныштық сәті (жәй музыка ойналады).

- Күз мезгілі. Таңертең ата анаңызбен сабаққа келе жатырсыз.

Айналаға қарасаңыз, ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір кезде жаңбыр жауып кетеді. Адамдардың кейбіреуі қолшатыр ұстап барады.

- Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.

Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.

1. Балалар күзде ауа - райы қандай болады?

2. Табиғатта қандай қандай өзгерістер болады?

3. Қандай көкөністердің түрлерін білесіңдер?

4. Қандай жемістерді білесіңдер?

5. Бау - бақшалардан жинаған астықтарды не істейміз?

Бау - бақшада тек жеміс - жидектер ғана өспейді. Сонымен бірге көкөністер де өседі. Алма, алмұрт т.б. бұлар ағашта өседі екен. Ал көкөністерге қауын, қарбыз т.б. бұлар бақта өседі, яғни жерде өседі. Біз оларды суарып, түбін қопсытып, арам шөптерін жұлып, ағаштарға ұя салып, құрт - құмырсқадан қорғау үшін баптайды екенбіз. Сонда ғана бұл жемістер пісіп, бізге жемісін береді. Сондықтан да біз жомарт күз дейміз.

- Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

- Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме? Балалардың тақпақтарын тыңдау.

Азамат:

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін.

Жомарт екен күз деген.

Дінмұхаммед:

Дала сары киінді.

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық, алтын тау.

Айкен:

Келді, міне, алтын күз,

Сары шашты, жарқын күз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.

- Балалар күзде құстардың бәрі бірдей ұшып кетеді ме?

- Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық. (Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру).


Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа.

Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!

ІІІ. Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп кішкентай ағаштар,

Үп үлкен боп өседі.

Ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина»

Ойын шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау.

Көкөністер Жемістер

- Балалар, келесі тапсырма көкөністер мен жемістерді бояу.



Ойын: «Даналық ағашы»

Сұрақтарға жауап беру арқылы алмаларды себетке жинау. Біздің бақшамызда балалар жиналмаған алма қалып кетіпті. Үйде ата, әжелеріңе көмек бересіңдерме? Олай болса мына алмаларды себетке жинап алайық. Жақында күн суытқалы жатыр, алманы жинап алмасақ өсіп кетеді.

1. Қазір қай мезгіл?

2. Күзде құстар қайда ұшып кетеді?

3. Ауа - райында қандай өзгерістер болады?

4. Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

5. Бау - бақшалардан нелерді жинаймыз?

6. Егін даласында нені орамыз?

ІҮ. Қорытынды бөлім:

Балаларға тақырып бойынша сұрақтар қою, мадақтау, сабақты қорытындылап аяқтау.

- Балалар бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта өтті?

- Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?

- Қандай жұмыстар жасадық?

- Сендерге ұнады ма?

Рахмет балалар, сау болыңыздар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2018
616
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі